Хviii ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық және ішкі саяси жағдай


Мәселенің тарихнамасы: жаңа ұстанымдар және салыстырмалы талдау



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата18.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#139801
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18 - 19 гасырдағы казак хандығы


Раздел 6 
Мәселенің тарихнамасы: жаңа ұстанымдар және салыстырмалы талдау 
Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы мәселесінің 
тарихнамасының қалыптасуы мен дамуы туралы сұрақтарды зерттеу өте 
маңызды жағдайға – ХVІІІ-ХІХ ғғ. барысында әртүрлі жоспарлы, көп 
аспектілі ғылыми зерттеулердің жиналу және дайындалу үдерісінің 
қарқынды түрде жүргендігіне зерттеушілердің назарын аудартады. Осы 
мәселенің тарихнамасын Орта Азияның Ресей мемлекетінің құрамына 
қосылуына – патшалық биліктің біздің өлкеге билік жүргізуінен біршама кеш 
үдеріске арналған тарихнамалық әдебиеттен бөліп қарауға болмайды. 
Қазақстан және Орта Азия халықтарының (қазақтардың, өзбектердің, 
қырғыздардың, түркмендердің, қарақалпақтардың тәжіктердің) тарихының 
тарихнамасы мәселелері бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, 
оларды бір-бірінен бөліп оқыту методологиялық жағынан дұрыс емес және 
логикалық жағынан ақталмайтын еді
20
. Қазақстанның Ресей құрамына 
қосылуының тарихнамасы ұзақ және күрделі даму жолынан өтті. 
Тарихнамалық зерттеудің дамуы бүкіл кезеңінде бір-бірінен мазмұны мен 
бағыты бойынша айрықша теориялар мен концепциялар әртүрлі деңгейде 
зерттеліп отырған мәселеге әсер етті.
Айта кеткен жөн, революцияға дейінгі тарихнамада қосылу мәселесінің 
зерттелуіне сипаттау, фактілерді зерделемей және жинақтамай баяндау тән. 
ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы тарихнамада Кіші жүз бен Орта жүздің 
бодандықты қабылдауының үш негізгі себептері айқындалады: сыртқы саяси 
(қазақтардың қауіпсіздігі), ішкі саяси (ішкі талас-тартыстар), Әбілхайыр 
ханның жеке мүддесі (билікті нығайту тілегі) сияқты себептер. Қазақстанның 
Ресейге қосылуының барысын сипаттауда М.Тевкелев миссиясының 
орындалу қиындығы ескеріледі. Ол қазақ даласына келгеннен кейін қазақ 
сұлтандарында Ресей бодандығын қабылдауға байланысты бірліктің 
20
Ахмеджанов.Г. Советская историография завоевания Туркестана и установление господства России в 
Средней Азии. – Автореферат диссертации на соискание ученой степени д.и.н..- Ташкент, 1991 


болмауын көрді. Бұл сұрақ П.И. Рычков пен А.И.Левшиннің еңбектерінде 
қарастырылған
21
.
Барлық жұмыстар арқылы қазақтардың бодандықты қабылдауының 
алғашқы онжылдығының номиналды сипаты беріледі, ал ХVІІІ ғ. екінші 
жартысында патша үкіметі өзінің билігін нығайту бойынша іс-шараларды 
жүзеге асыра бастайды. Сондай-ақ, патшалық өз реформаларын жүргізудің 
дұрыстығын негіздейтін аргументтер келтіріледі. Ұлы жүзді жаулап алу 
зерттеулерде жақсы көрініс таппады, ол патшалықтың Орта Азияға ішкерілей 
енуінің жалғастырушы кезеңі ретінде көрсетілді. Осы кезеңнің 
зерттеулерінде патшалықтың ортаазиялық хандықтарға байланысты 
жүргізген жаулаушылық акцияларының әскери аспектілері алдыңғы қатарға 
шығады. Ұлы жүздің жаулап алынуы ерікті түрде болған акт ретінде 
жазылады.
Революцияға дейінгі авторлардың еңбектерін бағыттар мен теорияларға 
қарай сыныптауға болады. «Табиғи шекаралар» теориясы (М.И.Венюков)
22
Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға үдемелі
қозғалуын арий нәсілін 
қалыптастыру және кеңінен жаю үшін адамзат тарихының табиғи қозғалысы 
ретінде түсіндіреді. Осы теорияға Ресейдің жаулап алуын этнографиялық 
және географиялық факторлармен негіздейтін бағыты да жақын келеді 
(А.И.Макшеев)
23
, ол бойынша жазық далада орналасқан орыс мемлекеті 
жерін кеңейтуге тырысады. Европаның шығысындағы тарихи халықтың рөлі 
орыстарға тиесілі болды деген ой айқын көрсетіледі, бірақ экономикалық 
және саяси есептердің болмауы көрсетілді.
Орыс тарихнамасында тек қана орыс ұлтының шовинистік көзқарастарын 
насихаттайтын бағыт та көрініс тапты (М.А.Терентьев)
24
. Бұл бағыттың 
жақтаушылары дала тұрғындарымен тату көршілік қатынастарға тек қана 
қарудың 
күшімен 
қол 
жеткізуге 
болатындығын 
айқындайды 
(А.Шемонский)
25
. Кеңінен таралған келесі бір бағыт – Ресейдің жаулап алуы 
«өркениеттік миссияны» орындауымен байланысты деп есептейді 
(Л.Ф.Костенко)
26
, оның негізінде қазақ халқындағы өркениет төмен деңгейде 
дамыған деген пікір жатыр. Авторлар өз еңбектерінде европа өркениетінің 
маңызын және отырықшы мәдениеттің көшпелі мәдениеттен басым екендігін 
айқын көрсетіп, оны Шығыс өркениетінен жоғары бағалайды. Либералды 
бағыттың өкілдері Ресейдің жаулап алуына қазақ халқының қатынасы 
мәселесіне назар аударады (Н.И. Веселовский)
27
. Тұрғылықты халықтың 
тарих, тұрмысын және шаруашылығын зерттеу қажеттігі мәселесін қояды 
(А.И.Добросмыслов)
28
.
21
Рычков П.И. История Оренбургская (1730 –1750).- Оренбург, 1896. 95с., Левшин А.И. Описание киргиз-
казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – СПб., 1832. 
22
Венюков М.И. Поступательное движение в Среднюю Азию.-СПб., 1878. 
23
Макшеев А.И. Исторический обзор Туркестана и наступательного движения в него русских. – СПб., 1890. 
24
Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. – СПб., 1906. 
25
Шемонский А. Военная история русского движения в Среднюю Азию. – Ташкент, 1910. 
26
Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. – СПб, 1890. 
27
Веселовский Н. Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском крае. – СПб., 1894. 
28
Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Тверь, 1902. 


Жарияланған материалдардың көпшілігі арнайы тарихи зерттеулер 
болмағандығын айта кеткен жөн. Авторлар әлі де тарихи болашаққа ене 
қоймаған құбылыстар мен жағдайлар туралы жазды. Көптеген мақалаларда 
фактілік қателіктер кездеседі, өлкенің нақты шынайы тарихында 
сәйкессіздіктер байқалады және оны өзіне ыңғайлы жағдайда көру мен 
бейнелеуге деген құштарлықты көруге болады. Қазақстанның Ресейге 
қосылуының нәтижелерін талдай келе, орыс зерттеушілері бұл жағдай 
тұрғылықты халық үшін прогрессивті болған деген жалпы пікірге тоқталады. 
ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының еңбектерінен Қазақстанның 
Ресейге қосылуына сыни ұстанымда болғаны көрсетіліп, қазақтардың 
Ресейден мәжбүрлі түрде көмек сұрағанын және отарлау саясатының ауыр 
салдарлары айқындалады (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, 
М.Шоқай және т.б.)
29
. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасының 
қайтарылуы қазіргі заманғы отандық тарихшылардың концептуалды 
көзқарастарында көрініс тапты. 1917 ж. революциядан кейін қоғамдық санада 
отар халықтардың революцияға дейінгі тарихына, самодержавиялық Ресейдің 
саясатына шұғыл сыни тұрғы белгіленді. Осы хронологиялық кезеңде 
маркстік-лениндік методологияны меңгерген тарихшылар қазақтың өткенін 
зерттеуге кіріседі. Авторлар осы уақытқа дейін жазылған барлық еңбектерге 
сыни көзқараста болды. Тарихи құбылыстар аз болғанына қарамастан, олар 
патшалық отарлау саясатының салдарлары мәселесін қатаң түрде қойылған 
Ресей империясының бұрынғы отарларының ұлттық тарихын зерттеуге 
маңызды қадам жасады. Бұл мәселелер 1917 ж. жағдайлардан: монархия 
құлатылғаннан, 
демократиялық 
еркіндік, 
теңдік 
және 
тәуелсіздік 
жарияланғаннан кейін қазақ қоғамы жаулап алынған жерлерінің 
қайтарылуын күткендіктен, өте өзекті болды. Осылардың контексінде 
«жаулап алу» және «отар» сияқты терминдер көптеп кездесетін 
тарихшылардың негізгі еңбектері жазылды. Қосылу мәселесін зерттеуде 
1930-шы жылдары «абсолютті жауыздық» концепциясының көрініс 
бергендігін анықтады (С.Д.Асфендияров, М.Тынышпаев, П.Г.Галузо)
30

Зерттеушілер патшалықтың Қазақстанды жаулап алуында қтал отарлау 
саясаты мен оның жағымсыз салдарын айқын көрсетеді. Бұл сұрақтардың 
дайындалуы жеткілікті дәрежеде терең болмады.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын ары қарай зерттеуде қазақ 
халқының Ресейге қосылуын айқындайтын зерттеу пәнінің нақтылануы мен 
шынайы факторларды көрсетуі байқалады. Осының нәтижесінде «төменгі 
жауыздық» тұжырымдамасы дайындалады. Бұл тұжырымдама Ресей 
бодндығының ерікті сипатын жоққа шығару ұстанымын сақтай отырып, 
«жаулап алу» терминінен бас тартады. М.П. Вяткин ұсынған бодандықты 
баламалы таңдау иедясы (Ресей немесе Жоңғария), зерттеушілердің алдына 
29
Букейханов А.Н. Избранное. - Алматы: Главная редакция “Қазақ энциклопедиясы”,1995., Дулатов М. 
Шығармалары.- Алматы, 1991 
30
Асфендиаров С.Д. История Казахстана с древнейших времен.- Алма-Ата - М., 1935, Тынышбаев М.
Великие бедствия (Актабан-Шубырынды).-Алма-Ата,1991.; Галузо П.Г. Туркестан – колония. – Ташкент, 
1935. 


қойған міндеттеріне – қазақ жүздеріндегі тарихи жағдайды бейнелеу және 
Ресейдің бағындыруында дамудың перспективасы болғандығына жауап бере 
алды. Сонымен бірге қосылу салдарына берілген теріс баға да сақталуда, 
себебі ол Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне шек қойып, жергілікті 
тұрғындарды қанауды (ұлттық отарлауды және феодалдық езгіні) күшейтуге 
алып келді. 1940-шы жылдардың басында «
төменгі жауыздық
» 
тұжырымдамасы ғылыми еңбектерде (М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов)
31
дамуын 
жалғастырады, онда «жаулап алу» терминінен бас тартып, Қазақстанның 
Ресейге баруының негізгі себебі ретінде сыртқы қауіп көрсетіледі.
Тарих ғылымында Ресейге қосылу мәселесін зерттеуде «
төменгі 
жауыздық
» тұжырымдамасының басқа ұстаныммен біртіндеп ауыстырылуы 
байқалады. 
Бұл 
туралы 
осы 
терминді 
қолдануға 
байланысты 
М.В.Нечкинаның бастаған пікірталасы дәлелдейді. Зерттеушінің пікірінше, 
«жауыздық» түсінігі мемлекеттік дербестікің жоқтығын және патшалықтың 
халықты қанағандығын, Ресей патшалығының ұлттық отарлау саясатының 
ауыр болғандығын көрсетеді. М.В. Нечкина өзінің тәуелсіздігін жоғалтқан 
және Ресей империясының құрамына қосылған халықтарды қанау, 
қосылғаннан кейінгі уақытта өмір сүрудің басқа факторларын бүркеу керек 
деп есептеді. Басқа факторлардың түсінігін автор былайша айқындайды: 
халықтың өмірін бүркемейді, осы халықтың тарихи үдерісінің барлық 
құбылыстарын қамтымайды. Халықтар патшалықтың рұқсатымен де, 
рұқсатынсыз да бір-бірімен араласады. Автордың пікірінше, Ресейге қосылу 
нәтижелерін бағалау кезінде тарихшылар патшалықтың отарлауына 
қарамастан, орыс қоныс аударушыларының халықтардың шаруашылық және 
мәдени өміріне тигізген жақсы әсеріне, жақсы қарым-қатынасы фактілеріне 
назар аударуы керек. Осы уақыттан бастап қазақ жүздерінің бодандықты тек 
қана ерікті түрде қабылдаған және қосылудың прогрессивті нәтижелері 
болды деген негіздемесі бірінші орынға шығады. 1950-ші жылдары «тарихи 
шарттылық»
тұжырымдамасы дайындалады (Н.Г.Аполлова, М.В.Нечкина)
32

мұнда Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси 
байланыстарын дайындау алдыңғы орынға қойылды. Сонымен қатар қазақ 
және орыс халықтары қарым-қатынастарының прогрессивті жақтарын 
айқындауға басымдық беріледі.
1970-ші жылдардың соңында қоғамның қоғамдық-саяси өмірінде 
европоцентризм басым болды, кеңестік республикалардың тарихы 1917 ж. 
басталады деген ой насихатталды. КСРО халықтарының дамуында орыс 
мәдениеті басым рөл атқарды деген үдеріс ұлттық тарихтың ұмытылуына, 
тарихи жадтың жоғалуына алып келді, кеңестің кезең тарихын дәріптеу 
жүргізілді. 1954 ж. Ташкентте өткен сессия қазақ жерлерінің қосылуының 
прогресивті маңызын көрсететін тұжырымдаманың бекітілуіне жәрдемдесті. 
Сессияда осы тұжырымдаманың дайындалуына әсер еткен Орта Азия мен 
31
Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР.- Л, 1941. – Т.1.- 354 с.; Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-
40-е годы Х1Х века. – Алматы,1992. 
32
Нечкина М.В. К вопросу о формуле наименьшего зла. // Вопросы истории.-1951. -№ 4; Аполлова Н.Г. 
Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVIII века.- Алма-Ата.1948. 


Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы мәселелері қарастырылды. 
Алдымен осы өлкенің әртүрлі нақты тарихи жағдайларда және әртүрлі 
жолдармен Ресейге қосылуы жүз жылдан астам уақытқа созылғандығы 
белгіленді. Ұлттық республикалар тарихшыларының бұл қосылудың 
Ресейдің алдыңғы қатарлы экономикасы мен алдыңғы қатардағы 
демократиялық, революциялық және қоғамдық-саяси ойының
әсерінен 
халықтардың саяси, экономикалық және мәдени дамуының прогрессивті 
маңызын бағалаудағы пікірлері ортақ болды. Осылайша, мәселенің 
тарихнамасының дамуының келесі кезеңі қосылудың ерікті түрде 
болғандығын негіздеумен, прогрессивті нәтижелерді көрсетумен және 
отарлау саясатын бағалаудағы қатты сынамау ұстанымымен сипатталады 
(Г.Ф. Дахшлейгер, В.Я. Басин, Т.Ж. Шойынбаев)
33

1980-ші жылдардың соңы Кеңес Одағының ыдырауымен басталды, 
демократиялық қайта құрулар мен ұлттық жаңғыру үдерістері өткенге деген 
қызығушылықты арттырды, қайта зерттеуді қажет ететін қазақ тарихындағы 
«ақтаңдақтар» анықталып, көптеген мәселелер, соның ішінде Ресейге қосылу 
мәселесі жаңадан қарастырыла бастады. 1990 ж. шілдесінде «Отарлау 
жағдайындағы ұлтық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ» 
атты «дөңгелек үстел» өтті. Ғалымдардың баяндамаларында қосылудың 
жағымсыз салдары туралы және қазақ қоғамының шынайы тарихын жазуға 
қажетті жаңа методологиялық ұстанымдарды іздеу қажеттігі мәселелері 
көтерілді. Осы уақыттан бастап «қосылу» терминімен қатар, «жаулап алу», 
«кіру» және «бағыну» сияқты терминдер ғылыми айналымға қайта кірді. 
Белгілі 
тарихшы 
И.В. 
Ерофеева 
әртүрлі 
кезеңдердегі 
кеңестік 
тарихшылардың жұмыстарына талдау жасай келе, маркстік-лениндік 
методологияның бекітілуі жағдайында осы мәселені дайындау қоғамдық 
ғылымдарда сыни меңгеріліп, революцияға дейінгі тарихнаманың көптеген 
жетістіктерін асыра бағалаумен жалғасты деді
34
. 1990-шы жылдары Ресей 
империясына қосылудың нәтижесінде тәуелсіздіктен айырылу фактісін 
зерттеу және талдау мәселесі күн тәртібінде тұрды. Тарихшылар қазақ 
хандарының Ресей үкіметіне баруының себептерін зерттеді, бұл тарихи 
үдерістің барысы мен салдарын, сонымен қатар мәселенің тарихнамалық 
аспектісін қарастырды.
1990-шы жылдардың соңынан бастап екі концептуалды ұстанымдардың 
болуы осы мәселенің күрделілігі мен көпқырлылығын айқындайды. Отандық 
тарихшылардың бірінші тобы (Ж.Қ. Қасымбаев, Б.Б. Ирмуханов және т.б.)
35
Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге бастапқыда баруы ерікті 
түрде болды (бұл патшалық үшін қолайлы болғандығы басқа мәселе), ал 
33
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в ХVIII – начале ХХ века.- Алма-Ата, 1981.; 
Тулепбаев Б.А. Плоды великой дружбы: (К 250-летию добровольного присоединения Казахстана к России).- 
М., 1982.; ШоинбаевТ.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России.- Алма-Ата, 1982. 
34
Ерофеева И.В. Экономические связи Казахстана с Россией в русской историографии 18 первой половины 
19 века //Вопросы историографии и источниковедения Казахстана (дореволюционный период).- Алма-
Ата,1988. 
35
Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVIII в.).- Алматы, 1999; Ирмуханов Б.Б. 
Казахстан: Историко-публицистический взгляд. Алматы, 1996 


Қазақстанның қалған территориясы әскери күштің көмегімен қосылды деген 
концептуалды ұстанымды қолдайды. Бодандықты қабылдаудың басты себебі 
– қазақ халқына қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты орында тұрды, дегенмен 
бодандықты қазақ билеушілері саяси тәуелсіздіктен айырылу деп 
түсінгендіктен, 
оны 
қолдамады, 
сондықтан 
бұл 
тұжырымдаманы 
жақтаушылар «бодандықты» түсіну мәселесін қазақ және орыс тұрғысынан 
көрсетеді.
Келесі авторлар тобы (А. Күзембайұлы, Ж.О. Артықбаев, М.Ж. Абдиров 
және т.б.)
36
Ресей Қазақстанды жаулап алды деген тұжырымдаманы ұстанып, 
оны ары қарай дамытуда. Бұл тұжырымдаманы жақтаушыларының 
пікірінше, ХVІІ ғ. соңы – ХVІІІ ғ. басында Ресей өзінің жаулап алушылық 
саясатын жалғастырып, нәтижесінде оның оңстүтік-шығыс шекарасы қазақ 
жерлеріне жақындады. Авторлардың ойынша, Әбілхайырдың өтініші де, 
қазақ жүздерінің сыртқы саясатынан басқа салалардың барлығында 
бағынышты мемлекет тәуелсіздігін сақтайтын бодандық – отарлаушы 
тәуелділігінің формасы ретінде қабылдауы патшалыққа тиімді болды. 
Зерттеуші қазақ хандары мен сұлтандарының бұл дипломатиялық актіге баса 
назар аудармағандығын айқындайды. 
Айта кеткен жөн, Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы 
шетелдік зерттеушілердің үлкен қызығушылығын туғызды. Олар барлық 
ортаазиялық аймақтың тарихын империялық және кеңестік кезеңінің 
тарихының контекстінде қарастырды
37
. 1990-шы жылдардан бастан 
қазақстандық 
тарихшылар 
(Т.К. 
Бейсембаев, 
М.Т. 
Лаумулин, 
К.Л.Есмагамбетов, К.Р. Несипбаева және т.б.)
38
ағылшын, американдық, 
неміс, француз зерттеулеріне талдау жасап, жаңа замандағы Қазақстан 
тарихының мәселелері бойынша басты теориялар мен концепцияарға 
басымдық бере отырып, шетелдегі негізгі ғылыми мектептер мен 
орталықтарды айқындайды. Сонымен қатар қазақстандық зерттеушілер 
АҚШ, Канада, Франция және т.б. мемлекеттердің кітап қоймаларында 
жинақталған шетелдік тарихнаманың көпаспектілі деректік базасының бар 
екендігін баяндайды. 
Осылайша, ұзаққа созылған қазақ жүздерінің Ресей империясының 
құрамына қосылу үдерісі қарама-қайшы сипатқа және жан-жақты, әрі 
шынайы талдауды қажет ететін кешенді мәселелерге ие. ХVІІІ ғ. ортасынан 
бастап мәселе тарихнамасының даму динамикасын сипаттайтын көп 
материал жинақталды. Әрбір кезеңде осы үдерісті ерекше елестетті және 
бағалады. Концептуалды ұстанымға идеологиялық аспектілер де әсерін 
36
Кузембайулы А., Абилев Е. История Казахстана. – Алматы, 1996.; Абдиров М.Ж. История казачества 
Казахстана. Алматы, 1994. 
37
Pipes R Central Asia and Russian colonialism // Far Eastern Economic Review. -1959 - April 29 - P 10; 
Brzezmski Z. Between two ages. America's roles in the technohonic era. - N.Y., 1970; Reshetar J. National 
Deviation in the Soviet Union // The American Slavic and East European Review. - April 1953. - Vol. XII. -No.2. - 
P.162-174; idem 
38
Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе?.- Алма-Ата, 1992.; Лаумулин М.Т., БейсембаевТ.К. 
Зарубежные исследователи Средней Азии и Казахстана (библиографический указатель).- Алма-Ата, 1994.; 
Несипбаева К.Р. Современная англо-американская историография русской экспансии и колонизации 
Центральной Азии (ХYIII – начало ХХ вв.).-Алматы, 1997 


тигізді. Сондықтан да мәселені ғылыми меңгеру өзінің өзектілігін сақтап 
қалды. 
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ: 
1.
ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы орыс зерттеушілері еңбектеріндегі қазақ 
жүздерінің Ресей империясының құрамына қосылуын зерттеудің негізгі 
бағыттары 
2.
ХХ ғ. басындағы тарихшылар еңбектеріндегі Қазақстанның Ресей 
империясының құрамына қосылуы мәселелері бойынша негізгі 
концептуалды ұстанымдар 
3.
Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына кіруін зерттеудегі қазіргі 
заманғы ұстанымдар. 
СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ: 

«Абсолюттік» және 
«кем» жауыздық
концепциясының негізгі 
ережелері. 

Орыс зерттеушілері мен кеңес тарихшыларының Қазақстанның Ресейге 
қосылуы мәселесіне байланысты концептуалды ұстанымдарды 
салыстырмалы талдау. 

Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуын зерттеудің 
қазіргі заманғы тарихнамасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет