МӨЖ 3 Қалықов Қ.Е.
Басқарудың психологиялық теориясы
1) Н. А.Антонованың «Психология управления»
атты оқулықта
ситуациялық теория ұғымы көрсетілген. Бұл тұжырымдама 1960 жылдың
соңында дайындалғаны жазылған. Бұл жағдайды басқару, проблемаларды
шешу тәсілі. Басқарушыдан нақты жағдайларда белгілі бір тәсілдерді
шығармашылық қолдануды талап етеді, себебі ұқсас әрекеттер әртүрлі
жағдайларда қарама-қарсы қорытынды бере алады. Сол себепті, бұл әдістер
мен әдістердің жиынтығы емес, ойлау тәсілі ұйымдастырушылық мәселелер
және оларды шешу әдістері болып есептеледі делінген.
2) А. А Урбоничтің «Психология управления»
кітабында "Ғылыми
менеджменттің классикалық теориясының" пайда болуы мен дамуы (ХХ
ғасырдың басы — 20 жылдардың соңы) жазылған. Басқарудағы қатаң
Рационализмге классикалық менеджмент негізделген. Осы кезең туралы
Ф.Тейлордың "Ғылыми басқару", М. Вебердің "Идеалды бюрократия" және
А. Файолдың "Әкімшілік ғылымдар" еңбектерінен көреміз. Бірақ 30-шы
жылдары басқарудағы технократтық иллюзиялар жойыла бастады.
3)
Н. М Іргебаеваның «Басқару психологиясы»
кітабында
психоанализ теориясы толық түсіндіріліп жазылған. Автор, дәрігер Зигмунд
Фреидтің еңбектеріне сүйене отырып, адамның әрбір психикалық құбылысы
арнайы себептерге байланысты және оның ессіз үрдістерінен адамның өзін-
өзі ұстауы тәуелді деп ойлаған. Адамның тәртібі екі инстинктті
ұмтылыстармен түсіндірген: өмірге ұмтылыс (эрос) және өлімге деген
ұмтылыс (танатос). Эростың энергиясы «либидо», ал танатос энергиясы
«мортидо» деп аталады. Осы күштер адамдардың белсенділігін анықтайды.
4) О. Д. Волкогонова мен А. Т. Зубтың
«Психология управления»
кітабында бүгінде таңда өте танымал көп қолданылатын теория - Күту
теориясы жазылған. Қызметкерлерді ынталандыру, олардың идеяларына
және белгілі бір жұмыстағы міндеттерді орындау қабілеттерін деңгейіне
байланысты сыйақы алатыны туралы айтылған. Негізінде, теория
адамдардың жұмыс істеуге қажетті нәтижеге қол жеткізе алатынын күту
болып табылады. Күту теориясы адамдарды жұмысқа кіріспес бұрын сыйақы
алу үшін не істеу керек екенін, оны жасай аламын ба, жоқ па және бұл
сыйақы олар үшін қаншалықты маңызды екенін ойлайтын ақылды жан
ретінде сипаттайды.
5) В. И. Петрушиннің
«Психология менеджмента» кітабында 70-ші
жылдардағы Хауз бен Митчелл "жол-мақсат" теориясын ұсынғаны
баяндалады.
Күтудің
мотивациялық
теориясына
сүйене
отырып,
зерттеушілер оның қол астындағылар көшбасшыдан күткен стильді
қолдануды ұсынды. Жұмысшылар өздерінің күш-жігері мен жұмыс нәтижесі
мен сыйақы арасындағы нақты байланыс олардың санасында бекітілген кезде
ең тиімді болып табылады. Осыдан жұмысшылардың тиісті үміттері оянады.
Олардың ішіндегі ең бастысы-сыйақы мөлшерінен басқа, басшылық әдістері
болып табылады деп айтылған.
6) Л.А. Вайнштейннің
оқу-әдістемелік құралында жалпыға бірдей
танылған -
үйрету (оқыту) теориясы
немесе мінез-құлық мектебі И. П.
Павлов туралы сөз қозғаған. Үйрету теориясына негізінде рефлекс ұғымы,
яғни тұлғаның сыртқы құбылыстарға жауап беруі жатады. Рефлекстер
туылған (шартсыз) және тәжірибеден жинақталатын шартсыз рефлекстер
болып бөлінеді. Туылған рефлекстер ессіз іс-әрекет кезінде сезімнің,
эмоциялардың, қалаулардың қиын толқынымен байқалып, шешім қабылдау
мен еріктілік көрсететін кезде байқалады. Шартты рефлекс осы теорияны
жақтаушылардың көзқарасы бойынша ойлау мен өзін ұстаудың стереотипын
құрап, адамның алға ұмтылушылық жүйесінің бөлігі болып табылады.
7) Р. Блейко мен Д. Мутонның басқару теориясы.
Америкалық
зерттеушілер Р. Блейк пен Д. Мутон кез – келген басқарушы әрекетті екі
өлшеммен өлшеуді ұсынды – өндіріске көңіл бөлу мен адамдарға қамқор
болу.
Өндіріске көңіл бөлу - ол басшының көптеген сұрақтар жүйесіне
қатынасы, яғни кадрлар таңдауда, адамдарды ұйымдастыруда, өндірістік
үрдістерде және шығаратын өнімнің көлемі мен сапасына қатысты шешім
қабылдауда тиімдісін таңдау болып саналады.
Адамдарға қамқор болу жұмысшылардың мақсаттарына жетуіне, өзіне
құрметпен қарауда, жауаптылықты дамытуда, жақсы еңбек жағдайын
туғызуда, тұлға аралық жақсы қатынастарда болуды меңзейді.
Екі параметр бойынша да жоғары көрсеткіштер тиімді басқару белгісі
болып табылады.
Соңғы жылдардағы басқару критерилерінің тиімділігін толықтыру
ғылыми өңдеулерді көрсетеді. Оларды толық қарастырайық.
Тиімді (ұтымды) басқару теориясы. Америкалық ғалымдардың
эксперименталды зерттеулеріне сүйене отырып жапондық зерттеуші Т. Коно
тиімді бақару концепцияын ұсынды. Өзінің «Жапон өндірісіндегі құрылым
мен стратегия» атты кітабында басқарудың типін сипаттайды:
• Жаңашыл – талдаушы;
• Жаңашыл – интуициялы;
• Консервативті – талдаушы;
• Консервативті – интуициялы
Т. Кононың ойынша басқарудың жаңашыл – талдаушы типі ұйымға
нарықтық бәсекелестіктің ең қатты кезінде де дамуына үлес қосатын тиімді
үлгісі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |