И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет120/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения профтехучилища. М., 1989.




Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996.

Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993.

Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. М., 1998.

Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М., 1994.

Орлов А.Б. Психология личности и сущности человека: парадигмы, проекции, практики. М., 1995.

Реан А.А. Психология педагогической деятельности. Ижевск, 1994.

2 тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
Функциялар мен әрекеттер (іскерліктер)
Педагогикалық іс-әрекет белгілі бір педагогикалық жағдайларда түрлі әрекеттердің жиынтығы – перцептивті, мнемикалық, коммуникативтік, заттық-қайта түрлендірші, зерттеушілік, бақылаушы (өзін-өзі бақылау), бағалаушы (өзін-өзі бағалау) және т.б. арқылы жүзеге асады. Бұл әрекеттер белгілі бір мақсаттарға бағынған және саналы (мақсатты бағытталған) немесе стихиялы түрде ұстаздың ішкі түйсікпен қалыптастыратын педагогикалық жағдайда қандай да бір педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған. Осындай белгілі бір түрлі әрекеттердің жиынтығы педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық ұйымдасуын көрсете отырып, қандай да бір психологиялық-педагогикалық функцияның жүзеге асуын анықтайды.
Негізгі функциялардың сипаттамасы
Зерттеушілер ұсынған педагогикалық іс-әрекет түсіндірмесінде (Н.В. Кузьмина, А.И. Щербаков, В.В. Богословский, А.Д. Боборыкин, Ю.В. Кожухов, В.А. Сластенин және т.б.) барлық педагогикалық функциялар екі топқа бөлінеді – мақсатты ұйғарушы және ұйымдық-құрылымдық. Бірінші топқа бағдарлаушы, дамытушы, жұмылдырушы (оқушының психикалық дамуын ынталандырушы) және ақпараттық функциялар жатады. Осы функциялар тобы адамның дидактикалық, академиялық, авторитарлық, коммуникативтік қабілеттерімен теңестіріледі. Және де осы жерде маңызды психологиялық проблема туындайды – осы функциялардың негізінде жатқан дамудың өзекті деңгейін анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету тұрғысынан педагогты кәсіби дайындаудың маңызды психологиялық проблемасы және нысананы көздеуді жүзеге асыру барысында өзін барынша анықтай алмаған функцияларды мақсатты қалыптастыру проблемасы.
Функциялардың екінші тобын – ұйымдық-құрылымдық – зертеулердің нәтижелерін жалпылай отырып, оған жататын конструктивтік, ұйымдастырушы, коммуникативтік және гностикалық функциялардың жалпы мазмұнын белгілеуге мүмкіндік береді. Мысалы, конструктивті функция: а) оқушылар меңгеруі тиіс оқу ақпаратының мазмұнын сұрыптау мен ұйымдастыруды; б) оқушылардың іс-әрекетін жобалау, мұнда ақпарат меңгерілуі мүмкін; в) өзінің болашақ іс-әрекеті мен мінез-құлқын оқушылармен өзара әрекеттесу процесінде қандай болатындай жобалауды қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушылық функция: а) ақпаратты, оны дайындау мен оқушыларға хабарлау процесінде; б) оқушылар іс-әрекетінің әртүрлерін; в) оқушылармен тікелей өзара әрекеттесу процесінде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады Коммуникативтік функция дұрыс өзара қатынасты орнатуды ұйғарады: а) оқушылармен; б) басқа мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен. Гностикалық (зерттеушілік) функция: а) басқа адамдарға әсер ету мазмұны мен тәсілдерін; б) басқа адамдардың жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктерін; в) өз іс-әрекетінің нәтижелері мен процесінің ерекшеліктерін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін зерттеуді ұйғарады
Осы төрт педагогикалық функция барлығы адамның академиялық, перцептивтік, сөздік (экспрессивтік) және коммуникативтік қабілет-терінің дамуының жоғарғы деңгейін ұйғарады, оның өзі мұғалімнің саналы аңғару объекті болуы қажет. Коммуникативтік функциямен қатар мұғалім үшін зерттеушілік (гностикалық) функция да үлкен қызығушылық тудырады. Ол адамның басқа адамды барабар қабылдау, түсіну, бағалау қабілетіне және өз бағалауының (өзін-өзі бағалау) ақиқаттылығына негізделеді. Мұғалім өзінің сабағын, өзінің педагогикалық іс-әрекетін, ұжыммен, оқушылармен қатынастарын психологиялық талдау кезінде зерттеушілік функцияның объекті бола алады. Зерттеушілік функцияның өзіне қатысты жүзеге асуының табыстылығы елеулі мөлшерде адамның рефлексиялылығымен, оның рефлективтік ойлауының даму деңгейімен анықталады. Зерттеу объекті ретінде педагогикалық процестің барлық басқа компоненттері, факторлары бола алады, олардың ішінде оқушылар негізгі орын алады.
Үйренушінің тұлғасын, оның оқу іс-әрекетін, оқу ұжымындағы мәртебесін педагогикалық психология әдістерімен зерттеу мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің кәсіби аспектілерінің бірі болып табылады: бұл өз бетінше танымдық міндет, және осы іс-әрекетті ұйымдастырудың табыстылығының шарттары. Және де атап көрсетілгендей, егер де мұғалім өзіндік білім алуға және өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге және белгілі бір зерттеушілік дағдыларға деген қажеттіліктерге ие болса ғана зерттеушілік функция табысты жүзеге асады. Әрине, гностикалық (зерттеушілік) функция зерттелуге тиісті құбылыстарды, олардың байланыстары мен қатынастарын талдау, жүйелеу, жалпылау, жіктеу, құрылымдау іскерліктерінің дамуын ұйғарады. Адамның барлық гностикалық әрекеттері, мысалы перцептивті, мнемикалық, ойлау әрекеттері мұғалімнің зерттеушілік функциясының жүзеге асуына қосылады. Оған қоса, сабақтың динамикалық өту жағдайларында бұл функциялардың жүзеге асуы педагогикалық психологияның барлық әдістерін – бақылау, әңгімелесу, эксперимент, сауалнама жүргізу, әлеуметтік және референтометрияны және жоғарыда айтылғандардың барлығын саналы түрде жақсы игеруді талап етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет