Оқудағы өзара әрекеттің субъек-субъекттік схемасы Оқудағы өзара әрекет бұрында жиі S→О, сызбасымен сипатталған, мұндағы S – бұл оқытуды дамытушы, білім беруші, іскерлікті қалыптастырушы, оны қадағалап және бағалаушы белсенді субъект. Оқушы оқыту мен тәрбиелеу субъекті ретінде қарастырылған. Өзара әрекеттің осындай оған қатысушылардың барлығының белсендігі сияқты сипаттамасына негізделе отырып, соңғы жылдары оқудағы өзара әрекеттің схемасын екі жақты субъект-субъекттік S ←→ S өзара әрекет ретінде қарастырылды, мұндағы S1 – мұғалім (оқытушы) және S2 – оқушы (студент) жалпы субъекттер SΣжинағын құрайды, ол осы өзара әрекет мақсаттарының ортақтығымен сипатталады. Мұғалім жұмыс істейтін топ, сынып мүшелері бір-бірімен өзара әркеттесетінін есепке алсақ, оның педагогикалық міндеттеріне осы сыныпты (топты) оқудағы жігерлері ортақ мақсатқа бағытталуы тиіс субъекттер жиынтығы ретінде қалыптастыру да енеді. Оқудағы өзара әрекеттің қалыптасып отырған схемасы, осылайша өз тарапынан көп қабатты құрылғы болып келеді, оның беріктігі өзара әрекетке қатысушылардың барлығының арасындағы психологиялық контакт орнатуға негізделеді.
Өзара әрекеттегі психологиялық контакт Психологиялық контакт, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара түсінушілігінен туындаған және бір-біріне сенімі және қызыққандығымен байланысты, адамдардың психикалық күйлерінің ортақтығының нәтижесінде пайда болады. Психикалық күй психологияда Н.Д. Левитовтың ізінше, адамның психикалық іс-әрекетінің белгілі бір уақыт кезеңіндегі, оның психикалық процестерінің өзіндік ағымын көрсететін, тұлға күйі мен қасиеттерінің алдында болатын тұтас сипаттамасы ретінде анықталады.
Контакт субъекттер үшін өзара әрекетті жағымды нығайтушы фактор болып табылып, олар оны саналы аңғарып, бастан кешіреді. Контакт жағдайында өзара әрекет субъекттерінің барлық тұлғалық қасиеттері неғұрлым толық айқындалады, оны орнату факті оларға интеллектуалдық және эмоционалдық қанағаттану әкеледі. Басқаша айтқанда, контакттің ішкі механизмдері эмоционалдық және интеллектуалдық көңіл-күйге ортақтасу, жәрдемдесу, ой бөлісу болып табылады.
Эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасу негізінде «жұқтыру» психикалық құбылысы жатыр, оның механизмі әлеуметтік психологияда топтық іс-әрекеті интеграциясының тәсілі ретінде қарастырылады. Шығу тегі бойынша көне және көрініс табуы бойынша саналуан «жұқтыру» құбылысы адам мінез-құлқының ішкі механизмінің формасы ретінде шығады (Г.М. Андреева). Жұқтыру көбінесе индивидтің белгілі бір психикалық күйлерге, үлкен эмоционалдық зарядқа ие психикалық көңіл-күйді беру арқылы, сезімдері мен құштарлығы асқыну арқылы санасыз, еріксіз шалдыққыштығын сипаттайды [163; 164, 258 б.; 11, 175-178 б.]. Оқудағы өзара әрекет субъекттерінің эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасуы бір мезгілде контакттің фондық та, негізгі де механизмі болып табылады. Айта кету керек, контакт механизмі ретінде адамның эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасуы ең алдымен, өзара әрекеттесуші субъекттердің тұлғалық ерекшеліктерінен, өзара әрекеттесу затының маңыздылығынан, жақтардың осы процеске қатынастарынан пайда болады. Бұл өзара әрекеттің өзара түсінісушілігін, ортақтығын және келісімділігін қамтамасыз етеді.
Өзара әрекеттесуге түскен жақтардың шынайы контактісінің басқа механизмі дегеніміз екі жақтың да қандай да бір проблеманы талдау бойынша бір белсенді іс-әрекетке араласуымен және белгілі бір ойлау тапсырмасын орындауға бағытталуымен анықталған ортақтасып ойлану, ойлауға жәрдемдесу болып келеді. Интеллектуалдық әрекеттесу деп аталатын бұл механизм өзара әрекеттесуші субъекттердің, мысалы мұғалім мен оқушының интеллектуалдық іс-әрекеттерінің бірлескендігімен шартталады.
Өзара әрекеттесуші жақтар арасында контакт пайда болуының ішкі шарты бір-біріне ақжүректік, шынай сыйлаудың, эмпатиялықтың және толеранттықтың көрінісі болып табылды. Контакттың сыртқы көрінісі өзара әрекеттесуші жақтардың мінез-құлқы болып табылады. Мысалға, сыныптағы контакт үшін зейін қою қалыбы, біршама алға ұмтылған дене қалыбы, мақұлдау көзқарастары мен қол қимылдары, жұмыстық, мұғалім тарапынан реттелінуші тыныштық, мұғалімнің толқу мен ойлану үзілісіндегі оқушылардың үндемеулері көрсетімді. Осы және басқа көрсеткіштерді қарым-қатынас теориясының әлеуметтік бөлігі – праксемика суреттейді.
Контакт – бұл оның субъекттерінің продуктивті өзара әрекеттесуінің, осы процесс пен оның нәтижесінің тиімділігін арттырудың шарты мен салдары. Оқу өзара әрекетінде психологиялық контакт табиғи, кедергісіз қарым-қатынас мүмкіндігін анықтайды, мұндай қарым-қатынастың болуы оның субъекттерінің табысты еңбектестігі үшін маңызды.
*** Оқудағы өзара әрекет субъекттер позициясын ұстанушы екі жақтың да – оқушылардың (оқушының) – мұғалімнің өзара әрекеттерінің белсенділігімен, саналы аңғарылуымен мақсаттылығымен сипатталады, мұнда келісімді әрекет контакттың психологиялық күйімен нәтижеленеді және алғышартталынады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар
Өзара әрекеттесудегі реактивті жақтың субъектінің белсенділігі қалай дәлелденеді?
Контакттың болмауы неліктен өзара әрекетті бұзады?
Қандай ішкі және сыртқы көрсеткіштер негізінде мұғалім сыныппен өзара әрекетінің тиімділігі жайлы жорамалдай алады?
Егер де S → О сызбасының орнына S ←→О сызбасы жүзеге асырылса, оқудағы өзара әрекет схемасының өзгерісі нені ұйғарады?