Байланысты: И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org
Білім беру процессретінде Білім беру жүйесі адамды оқыту және тәрбиелеуді көздеуші білім беру процесінде дамиды және қызмет атқарады, нақтырақ айтқанда, - оқу-тәрбие беру процесінде. Сонау ХІХ ғасырдың аяғында П.Ф. Каптерев «білім беру процесі бірнәрсені біреуден басқаға беруді ғана білдірмейді, ол тек ұрпақтар арасындағы дәнекерші емес; оны мәдениетті бір ұрпақтан келесі ұрпаққа құюшы түтік ретінде елестету ыңғайсыз» деген [83, 351 б.]. «... Білім беру процесінің мәні ішкі жағынан организмнің өзін-өзі дамытуында; мәдени құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа аманат ету және алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпақты оқытуы осы процестің тек қана сырт жағы, ол оның ең негізгі мәнін жауып тұр» [83, 368 б.]. Шын мәнінде алғанда, білім беру процесінің осы анықтамасында білім берудің барлық тарихында оның негізгі міндеті адамның оны оқыту барысында өзін тұлға ретінде дамытуы мен өзін-өзі дамытуы екені ерекше аталып өтіледі. Білім беру процесс ретінде адамның саналы өмірінің аяғына дейін тоқтатылмайды. Ол мақсаты, мазмұны, формасы бойынша үздіксіз түрленіп отырады. Білім берудің үздіксіздігі қазіргі уақытта оның процесуалдық жағын сипаттай келе, оның негізгі ерекшелігі ретінде шығып отыр.
Білім беруді процесс ретінде қарастыру, біріншіден, оның екі жағын ажыратуды ұйғарады: оқыту және үйрету (оқу), мұнда терминдердің өздері жоғарыда аталғандай, біртекті тұжырымдалмайды. Екіншіден, оқытушының тарапынан білім беру процесі ерікті немесе еріксіз түрде оқыту мен тәрбие берудің бірлігін ұйғарады. Үшіншіден, тәрбилеуші оқыту процесінің өзі оқушының позициясынан білімдер, практикалық дағдылар, танымдық тапсырмалар, сонымен қатар оның жан-жақты дамуына әсер етуші тұлғалық және коммуникативтік тренингтерді қамтиды.
Білім беру процесінде адамның дамуы көп жағдайда оның қандай құралдармен, қандай мазмұнда жүзеге асырылатынымен байланысты. ХІХ ғасырдың аяғында жазылған П. Барттың «Тәрбиелеу мен оқытудың элементтері» атты кітабына жүгіне отырып, П.Ф. Каптерев формалды түрде дамудың үш түрін келтіреді: рефлектендіруші - субъекттік әлемді (адам рухын) зерттеуге дайындалу, объективті - объективті әлемді зерттеуге дайындалу (табиғатты) және жүйеге келтіруші - фактілердің кез-келген саласында қисынды (логикалық) тәртіп орнату. Біріншінің құралы тілдер болып табылады (әсіресе латын), екіншісінікі – жаратылыстану ғылымдары, үшіншінікі – математика. Бұл дамудың үш түрі жиі жағдайларда бір бірі үшін қажетсіз. «Сол себепті формалды дамудың үш түрін сәйкес таланттар: гуманитарлық-ғылыми, жаратылыстанушылық және математикалық - өз дамуының ең жоғарғы сатысында бір-бірін өзара жоққа шығарады және сол арқылы өздерінің табиғатының әр түрлілігін белгілейді» [836, 375].
Фуркацияны ұйғарушы, келесі кезектегі білім берудің барлығы саналы түрде немесе ішкі түйсікпен білім берудің осы түрлерінің табиғи айырмашылығына негізделеді. Соған сәйкес, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми (технократтық) екі мәдениет қалыптасты - олардың өкілдері бір-бірімен қосылу нүктесін табуды ойламай, керісінше «физик-лирик» деп осы ара қашықтықты одан сайын тереңдете түседі. Бұл ара қашықтық білім беруде әлеммен өзра әрекеттесудің жобалық тәсілін қалыптастыруға негізделген жаңа бағыттың пайда болуымен ғана жойылуы мүмкін (Дж. К. Джонс, В.Ф. Сидоренко, Г.Л. Ильин және т.б.). Бұл жобалық білім беру мәдениеттің жаңа түрін қалыптастыру тәсілі - жобалық мәдениет және Үлкен дизайн мәдениеті.