И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті



бет74/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті

субъекттерінің маңызды сипаттамасы
Үйретуге жарамдылықтың жалпы сипаттамасы
Адамның үйретуге жарамдылық оның қандай да бір нақты білім беру жүйесінің жағдайында оқуға, білімдерді стихиялық немесе мақсатты игеруге дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Психологияда үйретуге жарамдылық түрлі позициялардан түсіндіріледі, бірақ осы түсінік мазмұнындағы жалпы нәрсе, бұл адамның өмірлік іс-әрекетінің түрлі жағдайларында көрінетін потенциалды қасиетері болып табылады. Үйретуге жарамдылық психофизиологиялық жағынан жүйке жүйесінің қызбалығы (динамикалылық) сияқты қасиетімен яғни уақыттық байланысты орнату жылдамдығымен байланысады (В.Д. Небылицын). Сөздің кең мағынасында ол «... «үлкендермен» бірігіп еңбектескен жұмыстағы жаңа білімдерді игеруге деген потенциалды мүмкіндік» ретінде (Б.В. Зейгарник), «жақын даму аймағы» ретінде (Л.С. Выготский) түсіндіріледі. «Арнайы» оқытылу түсінігі психиканың оны белгілі бір бағытта, белгілі бір білімдер, іскерліктер аясында жылдам дамытуға дайындалуы ретінде бөлінеді.
Осы проблемаларды зерттеушілердің алдыңғы қатарлыларының бірі З.И. Калмыкова үйретуге жарамдылық деп «...адамның интеллектуалдық қасиеттерінің жиынтығын (ансамблін) түсінеді. Басқа қажетті қасиеттердің (бастапқы білімдердің минимумы, оқуға деген жағымды қатынастар және т.б.) бар болуы мен тепе-теңдігі жағдайында, осы жиынтықтан оқу іс-әрекетінің өнімділігі тәуелді» [81, 17 б.]. Берілген анықтамада үйретуге жарамдылық өнімділікпен байланыстырылады, оның астарында ең алдымен, жұмыс сапасы, қарқыны, оның уақыт бірлігіндегі көлемі, ұзақ уақыт бойы шаршау мен қажудың болмауы, еңбек нәтижесіне қанағаттану түсініледі. Оқу іс-әрекетінің өнімділігі осы параметрлермен игеріліп отырған білімдер мен әрекеттердің қалыптасып отырған жалпыланған тәсілдеріне қатысты сипатталуы мүмкін.
Үйретуге жарамдылық, алдыңғы оқыту нәтижесінің мәні болып табылатын, психикалық дамудың барлық сипаттамаларының жиынтығы ретінде «үйретілгендік» ұғыммен байланыстырылады (А.К. Маркова). Мұндай түсініктемеде үйретілгендік өзекті даму деңгейімен теңестірілсе, ал үйретуге жарамдылық – жақын дамуы аймағымен теңестіріледі. А.К. Маркованың келесі тұжырымы маңызды: үйретуге жарамдылық – бұл «оқушының жаңа білімдерді меңгеруге және оларды табудың жаңа тәсілдерін меңгеруге зеректігі, және де ақыл-ой дамуының жаңа деңгейлеріне өтуге дайындығы» [129, 60 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет