И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет75/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Үйретуге жарамдылықты

анықтайтын интеллектуалдық қасиеттер
Үйретуге жарамдылық интеллект қасиеттерінің тұтас жиынтығына негізделеді, олар- ойлаудың жалпылануы, саналы ұғынушылығы, иілгіштігі, тұрақтылығы, дербестілігі. Үйретуге жарамдылықтың жалпы сандық көрсеткішін осы қасиеттер бойынша З.И. Калмыкова ойлаудың үнемділігі де атайды. Ойлау іс-әрекетінің жалпыланулығы үйретуге жарамдылық пен оның жалпы көрсеткішінің – ойлау үнемділігінің ұйытқысы болып табылады. Ақыл-ой қабілеттерінің негізінде жатқан жалпылау мен талдау С.Л. Рубинштейн бойынша, теоретикалық ойлаудың жылдам, сапалы тасымалдануы мен дамуы мүмкіндігін анықтайды. Үйретуге жарамдылық негізінде жатқан интеллектуалдық қасиеттерді зерттеушілер оның компоненттері ретінде қарастырады. Сонымен бірге, үйретуге жарамдылық іс-әрекет өнімділігімен жанама байланыстырылатын белгілі бір көрсеткіштермен де сипатталады.
Үйретуге жарамдылықтың көрсеткіштері
Үйретуге жарамдылықтың негізгі көрсеткіштері – білімдерді игерудегі және іскерліктерді қалыптастыруда алға жылжу қарқыны, осы игерудің жеңілдігі (қысылушылықтың, шаршаудың болмауы, өз біліміне қанағаттануды сезіну), жұмыстың жаңа тәсілдері мен амалдарына өтудің иілгіштігі, игерілген материалды есте сақтаудың беріктігі.
Үйретуге жарамдылықтың жалпы көрсеткіштері З.И. Калмыкова бойынша, ойлаудың үнемділігі мен қарқыны; негізінде жаңа міндеттерді орындауға жетуге болатын нақты материал көлемі; өз бетінше орындауға жасалған «қадамдардың» саны және нәтижеге жетуге мөлшерлеп көрсетілген көмек өлшемдері, сондай-ақ орындауға жұмсалған уақыт; өзін-өзі оқыту қабілеті; жұмысқа қабілеттілік және төзімділік болып табылады. А.К. Маркова ұсынған үйретуге жарамдылық көрсеткіштері елеулі:
Оқытушылардың оқу іс-әрекетіндегі даралық айырмашылықтары
(Г. Клаус бойынша)

Салыстыру параметрі


Позитивті тип


Негативті тип


Жылдамдық


Шапшаң
Қиындықсыз, оңай


Нық, уақытта тұрақты
Жеңіл қайта оқылады
Иілгіштікке ие

Баяу
Қинала, қысылып, ауыр


Үстірт, қас қағымда, тез ұмытылады
Ауыр қайта оқылады
Ригидтілікпен, қатып қалғандықпен сипатталады

Мұқияттылық


Адал ниетті


Ұқыпты

Түбегейлі


Немқұрайлы


Ұқыпсыз, салақ
Үстірт

Мотивация


Қуана
Өз еркімен


Өз ниетімен
Белсенді, қатысты, әуестене
Тырыса, жігермен, бар күшімен

Селқос
Міндетті болғаннан соң


Қысым көрсетілгеннен соң
Енжар, әлсіз, қатыссыз
Қуанышсыз, еріне

Әрекеттерді реттеу


Өз бетінше


Автономды, тәуелсіз
Біртіндеп, мақсатты
Табанды, үнемі


Өз бетінше емес


Еліктей

Мақсатсыз, жүйесіз, жоспарсыз


Ауық-ауық, тұрақсыз


Когнитивті ұйымдасу


Саналы, түсіністікпен


Бағытты, салдарларын алдын ала көре отырып
Ұтымды , үнемді

Механикалық, түсінбей, байқап көру және қателесу әдісімен


Кездейсоқ, әдейілеп емес
Ұтымсыз, тиімсіз

Жалпы бағасы


Жақсы

Жаман



  • жаңа жағдайларға бейімделудің белсендігі;


  • міндетті емес тапсырмаларды таңдаудағы бастамашылдық, неғұрлым қиын тапсырмаларды өз бетімен алу. Осы көрсеткіштер шығармашылық белсенділік бірлігі ретінде интеллектуалдық бастама түсінігімен теңестірілуі мүмкін (Д.Б. Богоявленская бойынша);


  • қойылған мақсатқа жетудегі табандылық және «кедергілерге төзімділік» ауытқулар, кедергілер, қарсылықтар жағдайында жұмыс істей алу іскерлігі ретінде;


  • зеректік, басқа адамға көмек көрсетуге дайындық, қарсыласудың болмауы.


Осы көрсеткіштер бойынша үйретуге жарамдылықты анықтау әдістемесі жетілдіріген, оның негізінде, З.И. Калмыкова бойынша келесі мәселелер жатыр:


  • диагностика «аналитикалық емес» керісінше «синтетикалық» жолға сүйенген кешенді түрде болуы керек;


  • диагностика әдістері кәдімгі оқытушы экспериментте оқу материалына негізделуі тиіс, оның жағымды қырлары зертханалық эксперименттің қатаңдығымен, әсіресе, зерттеу нәтижелерін белгілеуде, орындау тәсілдерін, процесті, көрсетілген көмекті т.б. тіркеудегі сандық және сапалық талдаулардың үйлесімділігінде бірігуі керек;


  • үйретуге жарамдылық проблемалық ситуацияларда диагности-каланады, мұнда мүмкіндігінше басқа барлық шарттар теңестірілуі тиіс;


  • диагностикалық эксперимент уақыты, оны белгілеу талаптарын сақталған кезде, шектелмеуі тиіс;


  • даралық және ұжымдық диагностикалық процедуралардың тіркесімі үйретуге жарамдылықтың неғұрлым толық және сәйкес суретін алуға мүмкіндік береді.


Оқу іс-әрекеті субъектінің үйретуге жарамдылығы оның стиліне әсер ете отырып, ерекшеліктері мен сипатынан көрінеді [86, 29 б.]. Өндіріліп отырған даралық стильдер схема түрінде екі полюстермен берілуі мүмкін: «позитивті» – «негативті». Жоғарыда келтірілген кесте осындай стильдерді бейнелейтін оқу іс-әрекетін мазмұнын суреттейді. Олар елеулі мөлшерде үйретуге жарамдылыққа негізделген.


***
Үйренуші (оқушы, студент) дамудың белгілі бір жас кезеңін көрсете отырып, оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде білім беру жүйесінің әр сатысында оқу мотивациясының өзгешелігімен, қатынастар жүйесімен, оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерімен сипатталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Кіші және жоғары сынып оқушыларының оқу мотивациялары немен ажыратылады?


  2. Адам дамуының қандай жас ерекшеліктік кезеңі оның оқу іс-әрекеті субъектінің позициясына әсер етеді?


  3. Студент пен оқушының оқу іс-әрекеті субъекттері ретіндегі ажыратушы ерекшеліктері қандай?


Әдебиет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет