И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет140/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç

Добрынин Н.Ф. Психологический анализ урока // Учен. Зап. МГПИ им. В.П. Потемкина. М., 1952. Т.17.
Зимняя И.А., Ильинская Е.С. Психологический анализ урока иностранного языка // Ин. яз. в шк. 1984. № 3.
Иванов С.В. Анализ урока. Воронеж, 1975.
Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения. М., 1989.
Львова Ю.Л. Как рождается урок. М., 1976.
Охитина Л.Т. Психологические основы урока. М., 1977.
VI Бөлім
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕСТІК ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС




Мектептегі жұмыс көптеген адамдардың – мұғалімдер мен шәкірттердің, олардың өзара пайдасы үшін біріккен жұмысы.
П.Ф. Каптерев. Дидактические очерки. Теория образования



1 тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті


§ 1. Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы


Өзара әрекет категория ретінде

Өзара әрекет философиялық, онтогенетикалық базистік категориялардың бірі болып табылады. Бұл түрлі объекттердің бір-бірімен, басқа объекттермен өзара әрекет етуінің әсерінен байланыс, өзара әрекет, өту, даму феномендері. Өзара әрекет – алғашқы, бастапқы, текті категория. «Өзара әрекет – қозғалыстағы материяны қарастырған кезде біздің алдымыздан шығатындардың біріншісі ... өзара әрекет заттардың шынайы causa finalis (аяққы себебі) болып табылдаы. Біз осы өзара әрекетті танудан ілгері бара алмау себебіміз оның артында танып білетін ештеңе жоқ» (Ф. Энгельс) [цит. 111, 158 б.]. Кез-келген объект, құбылыс, күй басқалармен байланыста және қатынаста ғана түсініле (таныла) алынады, өйткені дүниедегінің барлығы өзара байланысты және өзара шартталған. Өзара әрекет кем деген де екі объектінің бір-біріне әрекет етуін ұйғарады, сонымен бірге, олардың әрқайсысы басқалармен де өзара әрекетте болатынын білдіреді.


А.Н. Леонтьев диалектикалық-материалистік тұрғыдан өзара әрекет категориясын қарастыра отырып, оның органикалық дүниедегі, тірі материя дүниесіндегі өзгешелігін атап көрсетеді. «Өмір ерекше түрде ұйымдасқан денелердің ерекше өзара әрекеттесу процесі» [111, 160 б.]. «Денелер» ұйымдасуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым осы өзара әрекет те күрделі. Өлі табиғаттағы (жел мен жартастың, су тамшысы мен тастың классикалық мысалдары) немесе тірі және өлі табиғат объекттерінің (адам – тас, металл) өзара әрекеттерінің барлық формаларында бір объектінің әсер етуі келесінің қирауына әкеледі. Әсер етуді сезініп тұрған объект пассивті, зардап шегуші позицияда болады. Ол өзара әрекеттесуге, шарасыз қирай, жоғала отырып, тек өзінің табиғи қарсылық көрсету күшімен ғана қатыса алады (осы жерден арнайы білім – «материалдардың қарсылығы – «сопромат» білімі пайда болған).
Тірі табиғат «денелерінің», әсіресе адамдардың өзара әрекеттесуі жағдайларында үнемі екі жақтың да белсенділігі болады, бірақ оның көріну мөлшері әртүрлі. Бұл белсенділік әрекет агенті тұрғысынан немесе, дәлірек айтсақ, егер іс-әрекет іске асырылса, оның субъекті тұрғысынан инициалды немесе реактивті болуы мүмкін. Әсіресе, субъектілік адамдардың әлеуметтік өзара әрекеті үшін маңызды. Инициалды позициядан белсенділік түрлендіруші немесе сақтаушы болуы мүмкін; ол қайта жасаушы, дамытушы немесе қиратушы болуы мүмкін. Реактивті позициядан, кімге әсер етіліп тұрушының позициясынан, оны қабылдау немесе қабылдамаудың, жауап қайтара әсер етуді ұйымдастырудың, қажетсіз әсер етуге қарсы тұру немесе біріккен әрекетке қатысудың белсенділігі бөлінуі мүмкін.
Бұл жерде бағыттылық, реактивтілік векторы түсініктерін анықтап алу маңызды. Реактивтілік жауапты, шақыртылған белсенділікті білдіреді, яғни реактивтілік әрекетінің өзіне қатысы бойынша оның субъекті әрқашан белсенді. Сонымен қатар, өзара әрекеттесу бастамасы бойынша әрекет агенттерінің бірі оны бастап, ықпалдасады, басқасы – бұл бастамаға өз әрекеттерімен жауап қайтарады. Мұндай ситуация ықпал етуші агентті тек субъектпен, ал оны сезінушіні – объектпен барабар қылудың заңсыздығына негіз болады. Олардың екеуі де өздері іске асыратын әрекеттерде, іс-әрекеттерде белсенді, олардың екеуі де – өзара әрекет субъектілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет