И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет40/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç
Келісім(каз)
§ 2. Оқыту мен дамыту


Дамыту

Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс – педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. Оны қарастыру барысында: а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде ілгерінді/кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-құлықтық, әрекеттілік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, әсіресе, тұлғалық, өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды, ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс/регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады [14]. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады [146, 11-56 б.].


Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.


Оқыту мен дамытудың ара қатынасы

Бұл сұрақты шешуде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффка), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту – бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму мүмкіндік туғызады – оқыту оны жүзеге асырады», немесе басқа сөзбен айтқанда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр» [47, 225-226 б.]. Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықтан өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауынан тәуелсіз» `[47, 227 б. цит.бойынша].


Отандық психологияда Л.С. Выготскийдің тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі құптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, оқыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады» [47, 231 б.]. Бұл ереже тек қана отандық психологияда ғана үлкен бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер атап өткендей, «...ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде, баланың танымдық дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды. Оқыту осы дамытудың жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және әлбетте жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады» [34, 364 б.]. Л.С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас, және де оқыту дамытуды озып өтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі актуалды дамуға сүйенеді. Осыдан барып, оқыту «кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы» тиіс [47, 251 б.]. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды.
Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардың жауабы болып отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты – оқушы тұлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет