Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі



бет1/27
Дата26.09.2023
өлшемі83,22 Kb.
#182560
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ктж музыка 1-6 сыныптар


Бекітемін Келісемін Қаралды
Мектеп директоры директордың ҒӘЖ жөніндегі кафедра отырысында
К.Кадирбаева орынбасары А. Керимбаева қаулы № ___ «__» _____________ «__» _____________ «__» _____________


Ы. Алтынсарин атындағы
65 мектеп-гимназияның
музыка пәні мұғалімі
Ернишева Гулнараның
музыка пәнінен
күнтізбелік-тақырыптық жоспары


2018 – 2019 оқу жылы
Шымкент қаласы
Түсінік хат


Оқушыларда пәндік (академиялық) тілді қалыптастыру үшін музыка сабағында музыканы шығару мен импровизациялау үшін идеяларды талқылау үрдісінде музыкалық ұғымдар мен құбылыстарды сипаттаған кезде музыкалық қызметтің әртүрлі түрлерінде (музыканы тыңдау, қабылдау, талдау, орындау) қолдануға ұсынылатын тиісті глоссарийді пайдалану қажет.
«Музыка» пән мазмұны оқыту тілінде (қазақ немесе орыс тілі) беріледі. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетінің және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші немесе үшінші тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үш тілде білім беру контексінде бірінші тілде академиялық тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар академиялық тілді меңгеру үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдермен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға көмектеседі.
Академиялық тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге оқу жоспарларына келесі оқу мақсаттарын қосу ұсынылады:
оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы: пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология мен сөз орамдарынан құралған лексика);
пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін сабақта ұсыну (мысалы: топтық жұмыстарға қажетті сөз орамдары, сұрақтарды дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөз орамдары);
алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқытуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен сөз орамдарын қамтитын лексиканы орынды контексте алдын ала қолдану;
оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы: оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, біліммен ғана шектелетінсұрақтарды қоймау; оқушыларды нәтижелі талқылау үшін өз білімін пайдалануға қозғау салу, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін сөздердің лексикалық қорының кең спектрімен қамтамасыз ету);


тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен жеткізу, сөздікпен жұмыс дағдылары);
тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістікті бағалау);
сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр ортақ тақырыбында көрсетілген.Тілдік мақсат үлгісіакадемиялық тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аударту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларда келесі тақырыпшалармен көрсетілген:
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,
(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері.


Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалану ұсынылады: талдау, сұрақтарға жауап беру, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, айқындау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, жорамалдау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, қайта қарау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру
Кейбір тілдік мақсаттардыпән мазмұнының оқу мақсаттары деп есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөліну үдерісі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін жауаптар/шешімдерге сияқты үрдістерге де аударылатын назарды теңдестіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге басымдылық бере отырып, тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына септігін тигізе алады.
Мысалы, музыка сияқты тілдік емес пәндерде оқу мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағытталған, бірақ ең кемінде біреуі тілге бағытталуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет