13. Студенттердің білімін, икемін, дағдысын бағалау жүйесі Ағымдағы бақылау (семестрдің 1-7 және 8-15 апталарында өткізіледі):
1. Студенттің әр дәріс сабағына қатысуы 100 балмен, қатыспауы 0 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің дәріс сабақтарына қатысу көрсеткіші болып табылады.
2. Практикалық (зертханалық, студиялық) сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты әр практикалық (зертханалық, студиялық) сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің практикалық (зертханалық, студиялық) тапсырмаларды орындау көрсеткіші болып табылады.
3. Үй тапсырмасын орындау деңгейіне байланысты максималды 100 балл беріледі. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің үй тапсырмаларын орындау көрсеткіші болып табылады. Үй тапсырмасының көлемін оқытушы анықтайды.
4. СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) тапсырмаларын орындау максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) тапсырмаларын орындау көрсеткіші болып табылады.
Ағымдық бақылау (АБ) бағасы келесі формуламен есептелінеді: