«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ


Мемлекет: түсінігі мен пайда болу теориялары



бет33/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Мемлекет: түсінігі мен пайда болу теориялары
2.Өзінің пайда болу сәтінен бастап мемлекет саяси ойлар тарихында бірнеше рет тұжырымдалды, өйткені, адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің белгілі бір қасиеттері мен функциялары алдыңғы қатарға қойылып отырды.
Мысалға, Аристотель мемлекетті сананың, әділеттіліктің, сұлулық пен жалпы игіліктің бет келбеті деп есептеді. Оның ойынша, «саяси жануар» ретінде «ортақ тұрмысқа» талпынатын адам тегінің көрінісі болып табылады. « Өз өмірінің мәнін мемлекеттен тапқан адам жаратылыстардың ең мықтысы. Ал заң мен құқықтан тысқары өмір сүретін адам әлемнен ең ұсқынсық орынға иеленеді» - деп, атап өткен болатын Аристотель.
Керісінше, ағылшын ойшылы Т.Гоббс мемлекетті Левиафанмен, яғни Библияда суреттелген құбыжыққа теңестірді: «Оның аузынан жалыншылар шығып, от шоқтары атылып жатыр. Оның мұрын тесіктерінен түтін шығып жатыр. Оның дем алысы көмірлерді ыдыратып, аузынан жалын лаулап жатыр. Оның мойнында үлкен күш, құдіреттілік жатыр және оның алдынан қорқыныш жүгіріп отырады».
Еуропалық саяси ғылымда мемлекеттің екі образын белгілеп шығуға болады: 1) халық игілігі үшін пайда болған мемлекетті ұжымдылықтың ерекше түрі ретінде қарастыру және, 2) мемлекетті халықтық билік институттарының біртұтастығы ретінде түсіндіру.
Бірінші дәстүр Аристотельден шығады, ол өз кезегінде мемлекетті ерікті және тең азаматтардың ассоциациясы ретінде көрді. Мемлекет саяси қарым қатынастың формасы болып табылады, ал оның негізі ретінде «билік болып табылады. Адам соған байланысты өзіне ұқсас және ерікті адамдарды басқарады». Мемлекетті саяси қоғамдастық ретінде түсіну факторы саяси ғылымда он алтыншы ғасырға дейін доминантты болып қала берді. Фома Аквинский мемлекетті саяси қоғамдастық деп түсінді.«Қала – мемлекет жетілген қоғамдастық болып табылады».
И.Кант мемлекетке осыған сәйкес тұжырымдама жасаған болатын. Оның белгілеуінше, «мемлекет – өздігінен таралып, басқарылатын адамдардың қоғамы». Одан басқа, философтың ескеруінще, « мемлекет құқықтық заңдар негізінде адамдардың бірігуі» болып табылады.
Он алтыншы ғасырдан бастап, мемлекеттің жаңа тұжырымдамасы пайда болады. Оның дамуы француз ғалымының есімімен Ж.Бодэнмен (1530-1596) тығыз байланысты болып келеді. «Мемлекет жайлы алты кітапта» ол мемлекетті «суверенитет» пен «мемлекеттің тұрақты және абсолютті билігі» түсініктері арқылы анықтаған болатын. Ол адамдардың қауымдастығын басқарады және де бұл басқарушылықты егеменді билік арқылы орындайды. Мемлекеттің бет келбеті басқарушы және билік органдары.
Т.Гоббс мемлекеттің осыған сай түсінігімен келіскен болатын. Адамдарды қорқынышта ұстай алатын және сонымен олардың өзара әсерлесуін реттеп, олардың талаптарын жалпы игілікке баулитын жалпы билік монархқа негізделген. Тек монарх қана мемлекет мәнінің, суверенитетінің жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Тек ол билік астындағыларына бейбіт ұсынып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде билік тек билеушімен, бюрократиямен, мемлекеттің аппаратымен ассоциацияланып қоймай, сонымен қатар нормалармен, қарым қатынастармен, рольдермен, процедуралармен, институттармен ассоциацияланады. Мысалға, марксистер мемлекетті тек таптай бөлінген қоғам ретінде мойындап, оны бір класспен екіншіні басып жаныштайтын машина ретінде, заңның қадағалануын орындайтын орган ретінде, ал мемлекеттіліктен мемлекетсіздікке өтпелі кезеңінде «жалпы істерді басқаратын комитет ретінде» қарастырған болатын.
Будда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды – садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.
Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б.э. дейінгі ІІІ ғ.) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.
Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні” деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет