«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ



бет35/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

1.ДигамбраБұлар Махавираға бағынып, толығымен анадан жаңа туғандай тыржалаңаш жүретін болған. Кейініректе мұсылмандар оларға шағын болса да, киім киюді үйретеді.
2. СветамбраБұл атау үстеріне киген ақ киімдерімен байланысты.
Аталмыш екі ағым арасында доктрина тұрғысынан айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Екеуі де йогамен айналысады. Олар джинаға, тиртанкаға және өте кемелді қасиеттілердің барлығына сенеді. Тиртанкалардың әр кезеңде 24 шақты болғанын, Махавираның осылардың соңғысы екендігін қабылдайды.
Махавираның уағыздары алдымен ауызша риуаят етілген. Кейін жиналған консиль бұл уағыздардың бір бөлігін жинақтай алған, бірақ риуаяттардың басым бөлігінің жоғалуының алдын ала алмаған. Ауызша риуаяттардан қалғандар Махавираның өлімінен кейін он ғасырдан кейін жинақталған «ақ киінгендер» консилі тарапынан «Агамалар» немесе «Сиддханта» атты кітапта топтастырылған. Бұл кітап «Ганипидака» деп те аталады. Бұл кітапта монахтардың атқаруы керек қағидалар, джаинизмнің доктриналары және аңыздары орын алған. Жалаңаштар ағымы, ақ киінгендердің бұл кітабын апокриф (дұрыс емес) деп оны қабыл етпейді. Олар джаинистердің барлық кітаптарының Үнді философы Шанкара тарапынан жойылғандығын айтады. Жоғалған кітаптардың орнына, үлкен ұстаздарынан төрт адамдық бір топтың ортаға қойған бір еңбегі оқылады. Бұл кітап джаинистердің әлемді суреттеулерін, философиясын, моральдық-этика және құлшылық жайындағы көзқарастарын қамтиды. Бұл кітаптардың есепсіз түсіндірмелері болған. Бұл екі ағымның дұрыс деп қабыл еткен кітаптарынан басқа өте көп діни, әңгіме және моральдық-этикалық кітаптары да бар.
Джайнистік моральдық принциптері Махавираның қасиетті мәтіндерінде орын алған. Моральдық ережелер (қағидалар) монах еместерге де барынша қатысты. Бұл қағидалар төмендегі бес жолдан тұрады:
Жанды нәрсені өлтірмеу.
Жалған сөйлемеу.
Ұрлықтың қандай түрін болса да жасамау.
Мүмкіндігінше жыныстық қатынастан аулақ болу.
Азын-аулақ дүниемен тіршілік ету.
Мұның тақуалыққа жетелейтін өзге жақтары әсіресе монах ерлер мен монах әйелдерге арналды. Олардың көбі монастырда өмір сүреді. Өз сенімдерін дүйім жұртқа жаюды мақсат тұтпаған джайнистер туралыққа, қарапайым өмір сүруге үлкен мән берді.
Джайнизмнің мақсат-мұраты – рухты өмір мен өлім арасындағы байланыстан, кармадан құтқарып, нирванаға жеткізу. Бірақ барлық рухтар бұл мақсатқа жете алмайды. Өмір мен өлім шеңберінде мәңгі-бақи айналып келе береді. Мұнымен қоса, ерекше қабілетке ие рухтар сансыз тіршілік-өмірдің нәтижесінде нирванаға жетуі мүмкін. Ол үшін карманың рухқа кіріп кетуін тежеп, рухтағы бар карманы жойып жіберу керек. Кармадан сақтану жолдары жоғарыда айтылып өткен бес ережеде жазылған. Сол бес ережеге мойынсұну темірдей тәртіппен, қиыншылықтарға сабыр етумен, нәпсісін тізгіндеумен жүзеге асады. Қысқасы, қатаң бір тақуалық өмірге қадам басқан жандар, дүниені толығымен тәрк еткен монахтар мен монах әйелдер рух көшінен аман қалып, нирванаға жетуі мүмкін деп есептеледі.
Джайнистердің пайымдауынша бұл дінге мойынсұнғандар – өлімнің не екенін білмейтін болады, мәңгілік өмірге қадам басады. Ал әлемді ешкім жаратқан жоқ. Әлем – мәңгілік. Ол жаратылмаған. Оның пейіштері және тозақтары бар. Пейіш – тәңірлердің мекені. Тиртанкалар мен амандыққа жеткен жаратылыс иелерінің мекені болып табылатын мына әлемнің ең жоғары қабатына қарағанда тозақ өте төменде орналасқан. Мына дүниеге қайта келу машақатынан бір жола құтылғандар көк аспан әлемінен жоғары тұрған өзге бір әлемде өмір сүреді. Ортада жоғарыдағы пейіштер мен төмендегі тозақтарды бөліп тұратын, адамдар мен жануарлар мекендейтін орын бар. Жанды заттар сана-сезімдеріне, түйсіктеріне қарай топ-топқа бөлінеді.
Джайнистердің ғибадатханалары өте сәулетті. Джайнистер қауымын басқару монах пен монах әйелдердің қолында. Бастапқыда кезбе дәруіш боп өмір сүрген монахтар кейініректе монастырға орналасты. Олар қасиетті жазбаларды оқи отырып, жан мен тәнді тәрбиелеп уақыттарын өткізеді. Монахтар секілді халық та күнделікті белгілі құлшылықтарын орындайды. Құлшылық кезінде тиртанкалармен байланысты мадақтау жырларынан үзінді оқиды, терең ойға беріледі, тәубе етеді, белгілі бір іс-әрекеттерді орындайды, жан-жануарларға зәбір көрсетпеуге тырысады. Сол себепті олар өсімдіктермен көректенеді, мас қылатын ішімдіктерді аузына алмайды. Барлық жануарларды емдейтін емханалар бар. Діндар джайнистер аштан өлуді ең абыройлы іс деп санайды.
Көкте көптеген тәңірлердің бар екендігіне, бірақ олардың да рух көшіне ұшырайтындығына, адамзатты құтқаруда жәрдем бере алмайтындығына сенеді. Джайнистік ғибадатханалардағы мүсіндер қасиетті саналады. Алдында тұрып, мадақ айтылады. Оларға жеміс-жидектер ұсынылады. Алдарына шырақтар мен хош иісті заттар түтетіледі. Пұттар жуылып, тазаланады, майланады, гүлдермен әшекейленеді. Тиртанкалар өмір сүреді делінген қасиетті орындарға зиярат етіледі. Адамдар арман-тілектерін айтып оларға және тәңірге дұға оқиды. Кейбір джаинистер үнділердің тәңірлеріне де дұға етеді. Ғибадатханаларындағы құлшылықтар, монахтар тарапынан емес, халық тарапынан басқарылады. Индуизмнің дін адамы болған брахмандар жалақы алу арқылы джаинист ғибадатханаларында жұмыс істетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет