«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»
«Жаһандану үдерістерінің білім беру саласына әсері »
Тақырыбы:
_________________________________________________________________
ОРЫНДАҒАН: Кеңесхан Құрмет Дшс-13
Арқалық, 2023
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты
Жолдауында Қазақстандық қоғамды саяси жаңарту міндетін алға қойды. Бұл
міндет жаһандану процесін жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Ұлттың ұлт
болып қалыптасуы үшін тілі мен діні, жері қаншалықты маңызды болса,
оның рухани дүниесі де соншалықты мән – мағынаға ие. Ұлттық мәдениет
сол халықтың дәстүрлі дүниетаным, тарихи – мәдени және эстетика –
этикалық ұстанымын, тілі мен дінін, болмыс – бітімін айғақтап, әлемдік
өркениеттегі орнын айқындайтын рухани құндылықтардың мәйегі.
Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ өркениетінің алдында ұлттық архитиптерді
сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік өркениет құндылықтарымен
үйлестіруде Қазақстан үшін бүгінгі ғаламтану дәуірінде жаһандану
желеуімен кіріп жатқан, мәдени төмендеуге ұшырататын көптеген діндік,
ділдік ықпалдар қалып қою қаупі де жоқ емес.
Бүгінгі күннің жаңалығы ретінде мектептегі оқу – тәрбие үрдісінде Дінтану
пәнін енгізу жоғарыда айтылған мәселелерді шешудің дұрыс таңдап алынған
бағыты болары хақ.
Қазіргі мектеп – бұл гуманистік, дамытатын бағыттағы, үйлесімді жеке
тұлғаны тәрбиеге қабілетті ашық жүйе десек, қоғамның дамуына байланысты
білім беру жүйесіне жаңа құндылықтар енуде, сонымен қоса білім берудің
өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.
Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі,
сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді
мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда
полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға
дайын, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу
мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу
мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге
айналуда.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесі
міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу,
республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру» - деп көрсетіледі. Ал бұл міндеттерді жүзеге
асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.
Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту
бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат – тек білім,
біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз
бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу
дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті
айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай
мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламада кемінде 3 тілді
меңгерген, көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу стратегиясы
айқындалған. Бұл өз кезегінде педагогтар алдында көп тілді меңгеру міндетін
алға қояды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мектебімізде 8 лингофон
қондырғысы орнатылған кабинет оқушылар мен мұғалімдердің игілігіне
қызмет атқарады.
Және де «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру қажет» деген Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру
мақсатында мектебіміздің 50 мұғалімі «Интерактивті тақтамен жұмыс
жүргізу» семинарына қатысып, біліктіліктерін арттырады. Мектептегі 3
информатика кабинеті, интернет – клуб, 3 мультимедия кабинеті заман
талабына сай жарақталған. Үйренемін деген оқушыға да, үйретіп, білім нәрін
беремін деген ұстанымы бар мұғалімге де толық мүмкіндік туғызылған.
Барлық пәндер бойынша мазмұны қамтылған сабақтар бойынша
практикалық көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, информатика мұғалімдері «жазғы мектеп» жұмысын
ұйымдастырып, онда дарынды оқушыларды барлық пәндерден ғылыми жоба
мен олимпиада сондай-ақ, оларды веб – портал арқылы даярлау мәселелері
қарастырылады.
Барша педагог қауымның алдында тұрған кезекті мақсат – 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшу жағдайындағы педагогтардың кәсіби құзырлықтарының
ғылыми - әдістемелік негіздерін қалыптастыру. Осы орайда, 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшу кезеңдерінің талаптарына сай педагогтардың біліктілігін
арттыру курстарынан өтуі қатаң ескертілуде.
Дегенмен, білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен қажеттілікті
қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының
дағдарысына әкеп соғуда. Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік
шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру
жүйесінде ұйымдастыруды, олардың кәсіби компетенттілігі негізінде жүзеге
асыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын
береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана
білумен маңызды.
Компетенция - жеке тұлғаның таным мен тәжірибе арқылы жетіп меңгерген
мәселелерінің жиыны десек, «компетенттілік» - компетенцияға ие болу
дегенді білдіреді.Сонда білім беру саласындағы компетенция - оқыту
мақсаты,компеттенттілік-оқыту нәтижесі деп қарастырамыз.
Оқытудағы «компетенттілік тәсіл» оқушыға қойылатын мектептегі талап пен
өмірлік талаптарды ұштастыру.
«Түйінді компетенттілік» деп адамның өмір сүруіне қажетті және өзгермелі
қоғамда кәсіби қызметінде табысты болуына байланысты
компетенттіліктерді айтады.
Еуропалық кеңес түйінді компетенттіліктің 5 тобын ұсынады:
1.саяси және әлеуметтік компетенттілік (жауапкершілікті өз мойнына алу,
ортақ шешім қабылдауға қатысу, кикілжіңді реттей алуы)
2. көп мәдениетті қоғамға қатысты компетентілік (мәдениеттердің
ерекшеліктері айыру, түсіну, өзгелерге шыдамдылық,басқа мәдениет
адамдарымен бірге өмір сүре алу)
3. ауызша және жазбаша қарым – қатынас мәдениеті (бірнеше тіл білу)
4. ақпараттық компетенттілік (жаңа технологияны меңгеру, түсіну, қолдану,
артық кемін өлшеу БАҚ құралдары таратқан ақпарлар мен жануарлардың
сыни тұрғыдан бағалау қабілеті)
5. өзін - өзі жетілдіруді компеттентілік.
Қазақстандық ғалымдарда ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім
кеңістігінде кіріктіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсаттарына
сәйкес,білім берудегі компетенттілік үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп
практикасына енгізу мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Өйткені,білімді
компетенттілік тұрғысынан ұйымдастыру қоғамның мүддесіне де, білім
саласы қызметкерлерінің мүддесіне де сай келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жапонияға барған кезекті сапарынан кейін:
«Жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін біз көп
нәрсені ескеруіміз қажет. Осы орайда,жапондықтардан үлгі алуға болады.
Олар әлі күнге дейін кимоно киіп, храмға барса да, жоғары технологиялар
саласында озық жаңалықтар ашумен ерекшеледі» дейді. Елбасы айтқандай
жапондық оқушы үшін «Мұғалім культы» құнды принцип болып саналады.
Ғалым Асқарбек Токиодағы Цукуба университетінің жанындағы бастауыш
мектепте бол-ған бір күн жайлы былайша баяндайды. «Бұл мектептің негізі
1880 жылы қаланған. Мектептегі білім беру император Мэйдзидің жарлығын
жүзеге асыратын ережелерге негізделген. Ол –конфуциандық мораль мен
этикадан бастау алатын білім беру мен тәрбиелеу қағидалары. Құжатта Адам
баласы ең алдымен өзінің рухани дүниесін байытып, моральдық
тұрақтылықты қалыптастырады, содан кейін ғана өз қабілетіне орай түрлі
пәндерді меңгереді,- деп көрсетілген.
Мектептің алдына қойған мақсаты 118 жыл бұрын анықталып, бүгінгі күнге
дейін өзгермеген:
1.Өзін адам ретінде тереңінен сезінген баланы тәрбиелеу.
2.Ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, толықтыратын және
мәдениетті дамытатын баланы тәрбиелеу.
3.Өзін Жапония азаматы ретінде сезінген баланы тәрбиелеу.
4.Дені сау, белсенді баланы тәрбиелеу.
Ал мектептің міндеті – балаға рухани және дене бітімінің дамуын
қалыптастыратын бастауыш білім беру болып табылады. Жапонияда балалар
6 жастан бастауыш мектепке қабылданады. Бұл мектепте әр паралельде 4
сынып жиыны бар. Әр сыныпта 40 баладан отыр. Таңғы сағат 8.05 –те
20минуттық таңғы жаттығу басталады. Балалар өте белсенді, бірде – бір бала
назардан тыс қалмайды. Келесі 20 минутта душ қабылданады немесе
бассейнге шомылады. Сағат 8. 45 – те басталған сабаққа бірде – бір оқушы
кешіккен жоқ .Жапонияға атағы әйгілі болған әдіскер Танака Хироши
таңертең балалармен бірге белсенді түрде спортпен шұғылданады. Мектепте
болған күні бір мұғалімнің балаға дауыс көтергенін байқамадым. Себебі,
Жапонияда балаларға дауыс көтеру үрдісі қабылданбаған. Бақылау
жұмыстарына алдымен түрлі шартты белгілер қойылады, оқушы осы
белгілерге қарап, өз қателерін түзетеді немесе мұғалімнің көмегіне жүгінеді.
Материал қажетті деңгейде игерілгеннен кейін ғана баға қойылады. 4-ші
сабақтан кейін 1 сағаттық үзіліс қарастырылған. Спорт алаңдарын, мектеп
ауласын тазартып, гүлдер мен ағаштарды суғарады. Барлығын балалар өз
қолымен жасайды. Үлкендер су тасыса, кішірек балалар парталарды қозғап,
еденді жуады. 1 сағаттан кейін барлық шелек, сыпырғыш секілді құралдар
тез жинақталып, балалар сабаққа кіріседі. Бұл жұмыстарды балалармен
қатар, мұғалімдер де орындайды. Жапондықтар мұғалім – ұлттық құндылық
деп санайды».
Яғни, біздің білім беру жүйесіне ұқсайды, бірақ айырмашылығы – мектеп
оқушыларына отбасынан басталатын ұлттық тәрбиені кейде терең ұғындыра
алмауымыздан болуы мүмкін. Ата – бабаларымыз салып кеткен тәрбие соқ-
пағы ғасырлар бойы қазақ халқының ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе
жатқан құндылығы. Олай болса, тәрбие бастауы ата – ана мен мұғалімімен
балаға ұласып жатуы – шарттылық болып табылады. «Өз шәкірттерінен
еңбектен қуаныш табуға үйрете білген ұстаздың мерейі үстем» - деген
Э.Хаббардтың мәнді сөзімен ойымды аяқтап, еңбектеріңізге жеміс, отбасына
береке тілеймін.
Document Outline - «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»
- «Жаһандану үдерістерінің білім беру саласына әсері »
- Тақырыбы:_________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |