В.А. Сухомлинскийдің: “тек қана ата- аналармен бірге жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін” деген даналық сөзіне сүйенсек, мектеп балаларға адамдық бағыт беру үшін тек ата- анамен бірігіп жұмыс істеуі керек екенін ескерткен.
Сондықтан балаңыздың тамағының тоқтығы мен көйлегінің көктігіне қарайтын, құр асыраушы ролінен шығып, ендігі жерде сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті бар. Сондықтан, отбасының “ТІРЕГІ” бола білген әкелер мен жанұяның “ЖҮРЕГІ” аналарды, сонымен қатар, адамзаттың “ТІЛЕГІ” болар баланы жұмылып жұмыс жасауға шақыра отырып,
тілдің ауызша және жазбаша сөйлеудің негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды:сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;
дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;
әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;
өтілген әріптерді (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;