Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінде 21.02.-04.03. 2022ж аралығында
өткізілген «Ғажайып психология әлемі» тақырыбындағы
психологиялық қызмет он күндігінің қорытынды
мәліметі.
Мектепте 21.02.-04.03. 2022 ж аралығында өткізілген «Ғажайып психология әлемі» тақырыбындағы психологиялық қызмет онкүндігінің іс шаралар жоспары жасалып,ұжымға таныстырылды. Арнайы «Ғажайып психология әлемі» атты бұрышы, безендіру жұмыстары жасалды. Мақсаты:Психолгиялық қызметтің жұмысын насихаттау,мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін артттыру,мектеп оқушылары арасындағы аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу. «Бақытты күн» Ұраны:Әрбір адам,өз бақытының жаршысы Апталықтыңашылуы:Сымбатты болу шартымыз (флеш-моб)
21.02.2022ж «Бақытты күн» тақырыбы бойынша «Балаға жүрек жылуы» мақсатында «Мейірімділік», «Қайырымдылық»,«Жақсылық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Кім ақылды?» тренингі өткізілді. Ынтымақтастық тренингіө өтті. 2-сынып арасында «Менің сүйікті ойыншықтарым» сауықтыру жаттығулары жүргізілді.
Мектептегі психологиялық қызметкерлермен психологиялық жұмыстар «Зағип және жетекші» іскерлік ойындар, педагогтармен «Лидер» постері, «Өз пікірім» кері байланыс, психологиялық тренинг жаттығулары психологиялық коучинг жүргізілді.
«Қарым-қатынас күні» бойынша 22.02.2022 жылы 3-сынып оқушылармен жас ерекшеліктеріне орай әр түрлі «Мен және менің ортам», «Күн шуағында қонақта» тренингтері, «Бағдаршам», «Менің сүйікті елім» сауықтыру жаттығулары жүргізілді
«Қарым-қатынас күні» бойынша 22.02.2022 жылы 3-сынып оқушылармен жас ерекшеліктеріне орай әр түрлі «Мен және менің ортам», «Күн шуағында қонақта» тренингтері, «Бағдаршам», «Менің сүйікті елім» сауықтыру жаттығулары жүргізілді.
Ұжымның психологиялық ахуалын зерттеу Мектептегі моральдік-психологиялық ахуалды зерттеу сауалнамасы алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |