Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Окушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралында қазіргі бағалау жүйесінің атқ



Дата23.12.2021
өлшемі16,59 Kb.
#128418
Байланысты:
Критериалды бағалау педагогикалық технология ретінде 08bc5e27c2337744db6fb7bee8030552


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Окушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралында қазіргі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін айқындаған:

2. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екінііден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.

3. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты жеке оқушылардың сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, амандығын ойлауға мүмкіндік береді.

4.Ынталандыруынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажететпейді. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар. Жоғарыда аталып кеткен қызметтерге сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуғажағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық:

- біріншіден, бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.

Критериалды бағалау төмендегідей (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады: қағидаттарға

- оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оку бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты;

- шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады;

- ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады;

- үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады;

- дамуға бағыттау, Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттықұстанымдарды тұспалдайды:

1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады.

2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады.

3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы.

4. Оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады.

5. Оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін- өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады.

6. Өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру.

7. Нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері - оқу мақсатының нақты көрінісі.

8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;

- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуда» деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері кӛзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа ӛту қажеттігі туындайды.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты ӛзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын кӛзбен бағалай отырып, саралауды, жастардың шығармашылық әулетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.



Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет