Құрмалдыққа бата
Құдайым жарылқасын,
Бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Кең пейіл берсін!
Құрмалдығың қабыл болсын!
Аллауакбар!
Садақаға бата
Садақаң қабыл болсын,
Құдай оңдасын,
Қыдыр қолдасын!
Мал-басың аман болып,
Еш жамандық болмасын!
Аллауакбар!
Соңғы сапар тағылымы
Қазақ шет жұртқа қоныс аударғанда, соғысқа аттанғанда, сондай-ақ өлім сәті таялғанын
сезгенде өзінің жақын адамдарымен, ел-жұртымен арыздасып, қоштасқан. Бұлармен бірге
қазалы жағдайда естірту, тоқтау, басу айту, жұбату, көңіл айту тәрізді қаралы күйге
ұшыраған адамға психологиялық тұрғыдан демеу көрсету мақсатындағы сөздер айту да
әрбір тілеулес адамның парызы саналған. Қоштасу, естіртулердің қарасөз өлең, кейде күй
түрінде айтылатын нұсқалары қазақ ішінде көптеп кездеседі. Төменде солардың өлең сөз
түріндегі нұсқалары ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |