I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет13/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

ХАЙУАНАТ ПЕН АДАМ АЙТЫСЫ 
 
Иесі мен сиыр 
И е с і: 
Неғып жүрсің, қу жалғыз, шолақ сиыр, 
Сиырымен Айтақтың болдың үйір. 
Үй маңында көдені жұлып жатпай, 
Сен шолаққа бір сойқан болды биыл 
С и ы р: 
Мейірімсіз адамсың тастан қатты, 
Сүмеңдетіп арыттың кер жорға атты. 
Үй қасында көденің түк дәмі жоқ, 
Қала өлеңнің, қамыстың түбі тәтті. 
И е с і: 
Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба, 
Биылғы жыл соғымға сояйын ба? 
Биылғы жыл соғымға сойып алып, 
Танабайға жаяңды қояйын ба? 
С и ы р: 
Шиыршықтап қыл арқан ескеніңді, 
Қу шолақты соялық дескеніңді, 
Қу шолақты соғымға сойып алып, 
Бүржекейден көрермін көшкеніңді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет