I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет11/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

ҚОШТАСУ 
 
Таңсықтың елмен, жермен қоштасуы 
Балталы, Бағаналы ел аман бол
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол! 
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, 
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!..
Жасы кіші аға мен іні, аман бол, 
Іребдел өңшең мырза жаға, аман бол! 
Қайын атаң Қарабай сенен қашты, 
Жөргекте Қозы Көрпеш, тағы аман бол!... 
 
 
Қобыланды мен қарындасы 
Қарлығаның қоштасуы 


14 
Қ а р л ы ғ а: 
Желі толған сары түйе, 
Ағажан, кімге қалдырдың? 
Қора толған ақты қой, 
Ай көке, кімге қалдырдың? 
Тоғай толған көп жылқы, 
Күн көке, кімге қалдырдың? 
Тоқсанда әкең Тоқтарбай, 
Алпыста шешең Аналық, 
Ақ көке, кімге қалдырдың? 
Бірге туып, бірге өскен
Көкежан деп жылаған, 
Мен сорды кімге тапсырдың? 
Бұ дүниеде мұңдасың, 
Төсекте жатсаң, сырласың, 
Ақиреттік жолдасың, 
Бұлаңдаған қыз Құртқа, 
Оны да кімге тапсырдың? 
Қ о б ы л а н д ы: 
Желі толған сары түйе, 
Сары суға тапсырдым. 
Қора толған ақты қой, 
Аш бөріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай, 
Жас бөріге тапсырдым. 
Тоғай толған көп жылқы, 
Жасанған жауға тапсырдым. 
Төртеуіңді тәуекел, 
Бір құдайға тапсырдым. 
Сіздер - төртеу, мен - жалғыз, 
Жауға кетіп барамын, 
Әлдеқандай боламын, 
Айналайын Қарлығаш, 
Ағаңды кімге тапсырдың? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет