18
Жамас хакім дер еді есімін оның.
Бағдатта туған жері
сенімі асқан,
Бірлесіп көп сапарда жүрген жолын.
Ешкімге әшкере етпе өлігімді,
Орында менің айтқан сенімімді.
Алжаспай дәрілерді жұмса тегіс,
Ұстаздан алсаң мақтау орыныңды.
Мақұл
деп қабыл алып иді басын,
Мүлтіксіз орындауға уағдасын.
Көз жұмып Ғалисина өлгеннен соң,
Қолға алды Жамас хакім тапсырмасын...
Дәрінің шыныдағы тағы бірін,
Құйғанда айнығысыз адам түрін.
Көрініп тіршіліктің барлық сиқы,
Тағы
бір жұмсағанда ыдыстарды,
Дем шығып, көзін ашып тыныс алды.
Бетіне шәкіртінің тура қарап,
Шығарды "бәриз" деген дыбыстарды.
Және бір "қүй" деген сөз "бәриз" деген,
Талабы тірілудің қамын жеген.
Дәрінің енді қалған бірін құйса,
Дүниеде мәңгі тірі жүреді екен.
Айтқандай ғалым Сина ашты көзін,
Тіріліп кететіндей білді өзін.
Жамастың көңіліне кірді пікір,
"Бәриз" деп естігенде айтқан сөзін.
Ойлапты, тұрса қазір Сина ғалым,
Шүһрәті хабарлатқан халықтың бәрін.
Келетін менің бақыт кезегіме,
Кез болып, бермес бедел ықтиярын...
Шәкірті
өзі оқытып сабақ берген,
Сенімін адалдамай, садақ көрген.
Қолынан шынша түсіп сынды дейді,
Аңдамай аттағанда аяқ жерден...
Достарыңызбен бөлісу: