I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі


Жақсы менен жаманның айырмасы



Pdf көрінісі
бет47/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

Жақсы менен жаманның айырмасы 
Ер жігіт ел-жұртының қаласындай, 
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. 
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, 
Көреді бәрін де өз баласындай. 
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады 
Қыранның қырдан байқар баласындай 
Жақсы парқы жаманмен бірдей емес, 
Жақсының сөзін әркім пайдаланар 
Миуалы алма-өріктің ағашындай. 
Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр. 
Жүрер жолдан талтүсте адасып-ай! 
Нышаны кем болса да адамдықтың, 
Әркім жүр жақсымын деп таласып-ай. 
Жамандар өтірікші, есегі көп, 
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай. 


107 
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын 
Жанбай қалған ағаштың шаласындай. 
Соқтығып әркімге бір ұрынады 
Сиырдың тентек болған танасындай. 
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ 
Жылқының қотыр болған аласындай. 
Жақсы адам елдің ерке серкесіндей, 
Халқының қалың жүнді көрпесіндей. 
Жақсы болар баланың жүзі жылы 
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей. 
Жақсының айтқан сөзі тиянақты 
Түйенің аумайтұғын өркешіндей. 
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы 
Жасынан бірге өскен еркесіндей. 
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай, 
Жаман адам балтаның ұңғысындай. 
"Олақтан салақ жаман" деген мақал, 
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай. 
Жақсы адам жатты да жақын етер 
Беттескен екі таудың тұрғысындай. 
Жамандар өсек-аяң айтып жүрер, 
Өзінің білмегенсіп қылмысын-ай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет