I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет48/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

Ту алып жауға шықсаң сен 
Ей, Сұраншы, Саурық! 
Қоқанның қолы мықты деп, 
Жатырмысың жабығып?! 
Тілеуқабылдың қос шалы 
Жылап келді сабылып. 
Дулат елі қалыпты. 
Сарыкемерде шабылып, 
Ей, Сұраншы, Саурық! 
Қоқанның қолы қаптады, 
Қасиетті жерімді 
Тозаң қылып таптады. 
Қыспақта қалған елің бар, 
Құтылар жолды таппады. 
Құдияр хан қағынып, 
Қыз-қатын болды баққаны. 
Қатын, бала, қарындас 
Жауға пенде болғанда, 
Сары қымызды сапырып, 
Батырдың қалай жатқаны?! 


108 
Ей, Сұраншы, Саурық! 
Қоқанның қолы көп болды 
Жетісуда жатқалы, 
Бар жақсыны талап жеп, 
Сүбеңе қолы батқалы. 
Бейсенбі күні бесінде, 
Ғизрат күні кешінде, 
Қордайдың биік төсінде, 
Қоқанның ханы Құдияр 
Зорлық қып алған көп малды 
Әндіжанға айдатты. 
Қол-аяғын кісендеп, 
Көнбеген ерді байлапты. 
Қауызын әлі жармаған 
Сұлуларды зорлапты. 
Араша тұрар пенде жоқ
Еліңді сөйтіп қорлапты. 
Ақ тұяқ атқа мінесің, 
Бүгін маған ересің. 
Қаншама халқың ереді, 
Оны да кейін көресің. 
Ту алып жауға шықсаң сен, 
Іледе жатқан жаныс пен
Шапырашты, көп дулат 
Олар да атқа мінеді, 
Өздеріңдей болған соң 
Сұраншы, Саурық тірегі! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет