I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет52/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ 
 
Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі 
Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, 
Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай? 
Шамаңды кәдәри хал көрсетсеңші, 
Байғұс-ау, оянсаңшы, қарап жатпай. 
Не пайда бір орыннан қозғалмайтын, 
Тазармас қара су да жатқан ақпай. 
Артықтан тағылым алып, кемге үйретпей, 
Жүруің лайық па ғақыл таппай? 
Сен неге бой көрсетпей, жасқанасың? 
Тастаса көзің көрсін халық ұнатпай. 
Бұл шақта сөз базары көтеріңкі, 
Сынасай бақытыңды сен де баптай. 
Бірде алып, бірде қалып жүрмес пе едің, 
Сөзіңді біреу сөгіп, біреу мақтай. 
Бой тежеп, жүрексіну дұрыс емес, 
Шашылған ризықты жүріп татпай. 
һиммәт тау кеседі деп мысалда бар, 
Жігітке өнер қайда зейін артпай. 
Талапты жаңа өспірім бағландар 
Жүруге лайықты ғой атын ақтай. 
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген, 
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай, 
"Бәсең бол, әсем болсаң" деген жөнмен 
Өнерін мұқтаждарға жүрсе сатпай. 
Жан пида, малың тәрк болсын, жігіт, 
Дін, милләт деген сөзді түр жәһидлай. 
Мен кепіл сонда жаман болмасыңа, 
Тұрмасам, қолыңды әкел, айтқан шартта-ай. 
Адасып қараңғыда сорлы қазақ, 
Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай. 
Сөндірмей жанған өртті көрген адам, 
Қалайша тұру мүмкін жанға батпай?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет