153
назарымызды даралық пен қауымдылықтың казак қоғамындағы тоғысқан ұғым-
бейнелеріне аудармақпыз.
Жоғары кісілік қасиеттер жеке адамдағы өрісі тар өзімшілдіктен арылуға мүмкіндік
береді. "Адам өзін-өзі тану жолына түспей, өзінің ішкі дүниесін толық түсінбей, мәңгілік
құндылықтарды танып білмей, өмірде тыныштық таба алмайды. Нағыз өмірге мәңгілік
құндылықтарды игеру, эгоистік "Мен"-нен мәңгілік "Мен"-ге көшу арқылы ғана қол
жеткізуге болады, ал бұл өзгеріс рухани даму жеке адам өмірінің негізгі мазмұнына
айналғанда ғана мүмкін. Бұл - қағида ханға да, қараға да ортақ бұлжымас қағида. Мәселе
ханның тағында емес, оның ар-ұятында, адамшылдығы мен руханилығында",
12
- дейді Г.
Нұрышева. Дәстүрлі рухани қазақ мәдениетінде кісі бірден дайын күйінде дүниеге келе
салатын кейіпкер ретінде емес, күрделі қалыптасу сатыларынан өтетін адам түрінде
бейнеленеді. Туысқандық қауымда адамдық ересектену кластары /сатылары/ мәдени
мазмұны мен арнаулы функциялардың субъектілері негізінде жіктеледі.
Адамның кісілік ер жетуіндегі мәдени кластарды (нәресте, бала, жігіт, жігіт ағасы
(отағасы), қария) тек биологиялық немесе табиғи факторлармен түсіндіру
сыңаржақтылыққа жатады.
Адамның ересектенуі мәдени үдеріске жатады және онда даралану мен қауымдасу бірге
жүреді. Әрбір мәдени ғұмырлық топқа әртүрлі әлеуметтік талаптар қойылады.
Зерттеушілер дәстүрлі қазақ мәдениетінде ересектену кластарының Африка және
Полинезия сияқты аймақтардағыдай қатал кәсіби шектелмегенін атап өтеді. Мысалы,
Шығыс Африкада жас мөлшеріне қарай жіктелу еңбектің және жауынгерлік
функцияларының қоғамдық жолмен бөлінуінің негізгі тәсілі болды: шәкірттер, кіші
жауынгерлер, аға жауынгерлер, басқарушылар, ақсақалдар кеңесі. Бүл жүйеде бір топтан
екінші топқа өту арнаулы сынақтар мен инициациялық рәсімдер арқылы жүргізілген.
Қоғамда жеке-дара әлеуметтік-экономикалық құрылымдар пайда болған соң ұжымдық
жауаптылық кластарының рөлі кеміп кетті және тек тарихи, мәдени құндылық ретінде
сақталады. Соңғы қағида, әсіресе, генотиптік және геронтократиялық белгілері басым
дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес келеді. Өйткені ержету кезеңдері қазақ коғамында кәсіби
салаға тікелей әсер етеді. Жалшының баласы қанша тырысқанымен құдай белгілеген
несібесінен шыға алмайды. "Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін" дейді қазақтың
нақыл сөзінде. Сол себепті ержету сатылары дәстүрлі қазақ қауымында негізінен рәміздік
мағынаға ие болды. Кісінің қалыптасуындағы жас мөлшерінің әсері эпос пен ақын-
жыраулар шығармаларында да көркем суреттелген. Бұл жерде мифтік сана мен эпикалық
санадағы есею айырмашылықтарын ескерген жөн. Көне эпос пен батырлық ертегілерде
қаһарман (мәдени кейіпкер) таңғажайып жағдайда дүниеге келеді.
Сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамында шектеусіз геронтократиялық билік үстемдік етті
дегенге де байыппен қарау қажет. Қазақ қауымында ақсақалдардың рөлі ерекше болды.
Алайда олардың билігінде әдептік-мәдени негіздер басым еді. Ақсақал атану көп жағдайда
жасқа қарамай, әлеуметтік мәртебемен әйгіленіп отырады. Осыны қазақтың "көп
жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра" деген мақалынан да аңғаруға болады.
13
Оған қоса
енші бөлініп бергеннен кейін қазақ қауымында "ортақ меншік" деген болған және ол
"қонақ кәдесімен" қоса әлеуметтік әділеттілікті көздеген. Жесір мен жетімнің ол
"бастапқы капиталы" іспеттес болған.
12
Достарыңызбен бөлісу: