148
Хайек те қазіргі кезде "капитализм" мен "социализм" деген атаулардың ескіргенін және
бүгінгі адамдар бірлігін "адамдық қауымдасу мен ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі"
деп атау керек деген.
Архаикалық тобыр мен адамдық қауымның арақатынасы
жөнінде әдебиетте сан алуан
көзқарас бар. Адамдық және әлеуметтік құрылымдарды еңбек теориясымен түсіндіретін
марксистік ілімдерде шаруашылық ұжымдары мен туысқандық қауым біртектес болып
келеді деген қағида басшылыққа алынады. Алайда этнографиялық деректер бұл
көзқарасқа күмән келтіреді. Қазіргі этнологиялық зерттеулер антропоидтардағы топтар
мен гоминиттердің ілкі топтарының арасында ұқсастық барлығын дәлелдейді (экзогамия,
иерархиялық құрылым, реттеу т.т.). Жыныстық қатынастарды реттеу алғашқы қауымдық
бірлестіктердің (отбасы, ру, тайпа т.т.) пайда болуының маңызды факторына жатады.
Басқаша айтқанда, тобырдан жеке индивид емес, қауымдық құрылымдар бөлініп шықты.
Алғашқы қауымдық мәдениеттер (аңшылық - көшпелік және екінші көшпелік - номадизм)
пайда
мен табыс табу ұстынында емес, керісінше, "сый экономикасына" негізделген.
Қонақжайлық осының бір көрінісі болып табылады. Табиғи ресурстар қауымының
меншігі болып табылғандықтан эгоистік мүдде қалыптаса алмайды. Егер патриархалдық
бастауларға сүйенетін отбасында индивидуализм үстем болса, Бахофен ашқан "Аналық
құқықта" қауымшылдық пен жалпылық алдыңғы қатарға шығады. Алғашқы адамдық
бірлестіктер элитарлық емес, қайта эгалитарлық негізде пайда болады.
8
Туысқандық
қауымда руластар арасындағы кикілжіңдер ақсақалдарының
араласуымен шешіліп
отырған. Қазіргі кең тараған айтыс бір замандарда адамдар немесе олардың топтары
арасындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Өз тарихымыздан, минорат салтының көшпелі қауымда адамгершілік ұстындарының
жоғары деңгейінің дәлелі екендігі туралы еске салғымыз келеді. Әртүрлі себептермен
әкесінен айырылған кіші ұл осы "алтын мұра" арқылы
аяғына тұра алады және қара
шаңырақты бекем ұстай алады. Әрине адамның материалдық болмысынан туатын
әлеуметтік-мәдени факторлар тұлғалық дербестіліктің қалыптасуына үлкен эсер еткенін
бекерге шығара алмаймыз. Шынында да еңбектің бөлінісі, меншіктік қатынастардың
дамуы, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өзіне-өзі
жауапты дербес адамды тарих
сахнасына шығара алады. Алайда қоғамдағы бірінші әлеуметтік бөлініс - жыныстық
бөлініс екендігін естен шығармау қажет. Гендерлік қатынастардың дамуы тұлғалық
мәдениеттің қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық факторлардан кем рөл атқарған
жоқ. Сол себепті қазақтың және оның арғы тектерінің әдеп мәдениетін сипаттағанда тек
"патриномиялық ру" төңірегінде айнала беру жеткіліксіз. Қазақ мәдениеті тарихын
зерттеушілер еуразиялық далада матриархат ұзақ ғасырлар бойы қоғамдасудың басты түрі
болды дейді. Археологиялық деректер балалардың аналарының
қасында жерленгенін
дәлелдеуде.
Енді осы қауымнан алғашқы дараланып шыққан феномендерге этикалық талдау берейік.
Алғашқы қоғамдастықтарда тұтастықтың басымдылығы жөніндегі пайымдау дұрыс
болғанымен, бүл тұтастықты не механикалық агрегат, не биологиялық популяция, не
көпмүшелі ағза ретінде қарастырған дұрыс емес. Адамдық ұжымды (тіпті, қоныс
аударушы ежелгі аңшылар мен терімшілердің өзінде) жекелік
қасиеттерін жоғалтпаған
адамдар бірлестігі құрастырады. Осының бір дәлелі - субъективтік жаны жоқ адамдардың
о бастан болмағандығы.
8
Достарыңызбен бөлісу: