Проект авторлары
|
Аты-жөні
|
Сатыбалдина Задагул Тулемисовна
|
Аумақ
|
Қазақстан
|
Мектеп орналасқан
елді-мекен
|
Ақтөбе облысы
|
Мектептің аты:
|
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп
|
Проекттің мазмұны
|
Проект тақырыбы: «Кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің принциптері мен формасы»
|
Проекттің атауы: «Шағын және орта бизнес – жаңа экономиканың қозғаушы күші»
|
Проекттің қысқаша мазмұны
|
Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлік қызмет – тауар өндіру және қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс-әрекеті мен қызметі.
Рыноктық экономика жағдайында жеке адамдардың табыс табу жолдары мынадай:
а) жалдама жұмысшы жалақысы;
ә) бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік сатып, табыс табу;
в) бағалы қағаздар иегері ретінде табыс табу;
г) Банк пайызы негізінде табыс табу.
Соның ішінде кәсіпкерлік қызметпен табыс табу ерекше орында. Көбіне кәсіпкерлердің табыс өзінің бастамашылығына, шығармашылықты және іскерлік белсенділігіне, таланттылығы мен қабілеттілігіне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелге бас тігуіне байланысты болады.
|
Пәндер:
|
Технология
|
Кластар:
|
8 класс
|
Проект ұзақтығы
|
2 апта, 4 сабақ
|
Проект негізі
|
Білім беру стандарты «Технология» бағдарламасы 8-9 класс 2004 жыл
|
Технология пәні
Білу керек:
Шағын және орта бизнестің қоғамдағы маңызын
Жасай білу керек:
1.Шағын және орта бизнесті ашуда тәуекелділікке баруды;
2. Кәсіпкерлікпен айналысуда бизнес-жоспар құруды;
3. Кәсіпкердің құқықтары мен міндеттерін ажыратуды;
4. Жеке және топпен жұмыс жасауын жоспарлай, жоба барысында жоспарды
түзетуді;
5. Жазбаша, ауызша, мультимедиялық және желілік байланысты қолдануды;
6. Жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінуді.
|
Дидактикалық мақсаты/ Күтілетін нәтиже
|
Жоба аяқталғаннан кейін оқушылар:
Шағын және орта бизнестің қоғамдағы маңызын түсіне алады;
кәсіпорын формасының жетістігі мен кемшілігін айқындай алады;
Шағын және орта бизнесті ашуда тәуекелділікке бару мен бәсекелестікке түсуді үйренеді;
кәсіпкердің міндеті мен құқығын ажырата біледі;
бизнес туралы маңызды мәліметтер мен кеңестер бере алады;
жұмысты жеке және топпен жоспарлап, бағалай алады;
алған мәліметтерді талдай отырып, бизнес-жоспарды құрастыра алады;
жазбаша, ауызша, мультимедиялық және желілік байланысты қолдана алады;
жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінеді.
|
Проектке бағытталған сұрақтар
|
Негізгі сұрақ
|
Не себепті шағын және орта бизнес - нарықтық экономиканың іргетасы деп аталады?
|
Проблемалық
сұрақ
|
1.Ұйымдастырылған марафондар Ақтөбе облысының экономикасының қарқынды дамуының көрсеткіші бола ала ма?
2. Бәсекелестігі бар нарықта сұраныстан ұсыныс асып кеткен жағдайда, тепе-теңдікті сақтау үшін кәсіпкерге қандай әдістерді ұсынар едің?
3. Шағын және орта бизнеспен айналысқан кәсіпкер жұмыссыздықты жою принципін ұстанса, өзіне қаншалықты пайда келтіре алады?
4. Нарықтық экономика жағдайында жеке адамдардың табыс табу жолдары үшін қандай бизнес саласын пайдалы және тиімді деп ойлайсың?
|
Оқу сұрақтары
|
1.Кәсіпкерлік дегеніміз не?
2. Кәсіпкерліктің қызметі қалай бөлінеді?
3. Кәсіпорыннның ұжымдық формасының жетістігі мен кемшілігі қандай?
4. Кәсіпкерлік қызметті дұрыс жүргізуде көмектесетін қандай маңызды кеңестер бар?
5. Қандай қасиетке ие болған кәсіпкер жеңіске жетеді?
6. Бәсекелестік және тәуекелшілдік дегенді қалай түсінесің?
|
Бағалау жоспары
|
Бағалау графигі
|
Жоба жұмысына дейін
|
Оқушылар проектімен жұмыс жасайды және тапсырмаларды орындайды
|
Жоба жұмысынан кейін
|
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін «Нартәуекел» сөзіне «ойға шабуыл» әдісі өткізіледі.
«Кәсіпкерлік» сөзіне ассоциациясы жүзеге асырылады.
Еркін әңгіме (Қазіргі заманда қалай табыс табуға болады?)
Бағалау парағын тарату.
|
Мағынаны ашу
Сауалнама (тарату)
Проблемалық сұрақтар бойынша топпен жұмыс жасайды (4 топ)
Өзін-өзі бағалап отырады.
|
Оқушылар жалпы жұмыс нәтижелерін талқылап бағалайды.
Ой толғаныс. Эссе.
Мұғалім жобада ерекше көзге түскен топтағы оқушыларды атап өтеді.
Сауалнама қорытындысын талқылау
Бағалау парағын қорытындылау.
|
Бағалау әдісінің сипаттамасы
|
Жобаның басында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында
«нартәуекел» сөзіне «ой қозғау» сәті және « кәсіпкерлік» сөзіне ассоциация өткізіледі.
«Қазіргі заманда қалай табыс табуға болады?» еркін әігіме жүргізу.
Жұмыс жоспарымен, бағалау парағымен, сауалнама жүргізу бағытымен таныстырылады.
Жобаның мағынасын ашу мақсатында оқушылар Интернет мұражайларындағы виртуальды қорларға кіріп, кәсіпкерлік туралы сайттарымен танысып, берілген проблемалық сұрақтарды шешеді, талқылайды және ойларын ортаға салады.
Жұмыс барысында өзін-өзі бағалап отырады.
Әр оқушыға сауалнама таратылып, ой-толғаныс бөлімінде нәтижесі талқыланады. Оқушылар тапсырмалардың нәтижесін талқылап бағалайды.
Әр топқа берілген тақырыптар бойынша 5 минуттік эссе жазады.
Жалпы жұмыс нәтижелерін берілген бөлімдер бойынша бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалайды.
Жоба барысында мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, соңында топішілік және жеке жұмыстардың орындалуы бойынша ой -толғаныс өткізіліп, өзіндік бағалау жүргізіледі. Жақсы жобалар ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жалғастырылып, мектепішілік байқауларға жіберіледі.
Мұғалім бағалау парағын қорытындылайды.
|
Бағалау стратегиясын қолдану:
1. Оқушылардың алғашқы қызығушылығы мен тәжірибесін анықтау стратегиясы:
сергіту сәті
ассоциация әдісі
бағалау парағы
сауалнама
. Өзіндік жұмысы мен өзара қарым-қатынасын анықтау стратегиясы:
жобаның өткізу жоспары
топтық бағалау парағы
ғаламтордың жеке блоктарымен байланыс жасау
топтың ішінде бір-бірін бағалау
3. Нәтиже көрсеткіші:
проблемалық сұрақтарды шешу барысындағы бағалау критериялары
бағалау парақтарының жүргізілуі
сауалнама қорытындысы
4.Түсінігін тексеру
5. Түсіндіру демонстрациясы
мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалауы, бір-бірін бағалауы, жалпы бағалау.
ғылыми жұмыстарды жалғастыру
Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар: интернет ресурстары, баспа беттерінен, «Технология» оқулығы, кітапхана, сауалнамалық парақтар, т.б.
Техникалық құралдар:
Ғаламтор желісі, компьютер, интерактивті тақта, фотоаппарат т.б.
|
|
|