I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет90/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

Фромм Э. 
Анатомия человеческий деструктивности. - М.: Аст-Атд, 1998. - С. 192. 


149 
Архаикалық көшпелілер мәдениетін зерттеушілер қауымнан алғашқы дараланған адамдар 
ретінде ру басыларды, ақсақалдарды, батырды, абыз, бек, көсемдерді, сәуегейлерді т.т. 
атап өтеді. Бүл сипаттағы ру басылар адамдық ынтымақтастықтың қауымдық тәртібін 
жүзеге асырушыларға жатады. Ру басылардың «билігің шын мәнісінде бағындырушы 
қатынастардан тумайды. Ру басы мен кейінгі қазақ қоғамындағы билердің арасында 
түбегейлі айырмашылықтар бар. Ежелгі мәдениет кең мәтінінде ру басылардың 
төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады. Біріншіден, ауызекі ақпараттық берілу 
жағдайында ру басылар ең тәжірибелі, көпті көрген және көпті түйген, осының 
нәтижесінде руластарының арасынан дараланып шыққан. Екіншіден, ру басының белгі 
мен беделі сакральды (қасиетті) сипатта тиянақталған. 
Осы туралы толығырақ тоқталып өткен этнограф Е. Тұрсынов ру басыларының қауымнан 
дараланған және бүл екінші мифологизациялану нәтижесінде жүзеге аса бастады дейді. 
Әлеуметтік жіктері ажыратылмаған қоғамда адамдық қарым-қатынастар дәстүр, рәсім 
(ритуал) және мифтік сананың қауымда шексіз үстемдік етуімен реттеліп отырды. 
Алғашқы фратрияларда (жыныстық қатынастары шектелген тотемдік топтарда) дәстүр 
рәсімдерін ұжым мүшелерінің барлығы орындаған және білген. Кейін дуалдық 
(қосбайланыстық) фратриялардың әлеуметтік өмірі күрделенген жағдайда осы топтардағы 
ең беделді адамдар өкілеттік функцияға ие болып, бүкіл рудың атынан әртүрлі сайысқа 
түсе алатын болған. 
Ру басылардың сакральдық билігі тек олардың қоғамдағы орнын фетиштендірумен қатар, 
туысқандық қауымға тән тотемдік сенімдермен де нығайтылған. Арғы тек (тотем) тек 
қауым-фратрияны ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлысты біріктіретін магиялық бейнеге 
жатады. Жаңа тас дәуірінен бастап ру басылар басқа қауымдастарынан бөліне бастайды 
және бүл олардың жол-жоралық дәнекершілер қызметінен де туады. Әдетте, ақсақалдар 
дәстүр-рәсімдердің тасадағы мазмұнын терең меңгергендіктен басқа қандастарының 
арасында киелі адамдарға айналады. Егер әскери демократия батырлардың дараланып 
шығуына эсер етсе, ілкі тектерді антропоморфтандыру ру басыларының мәдени 
функцияларын күрделендірді. Осы кезеңде адам мен дүниенің жаратылуы туралы 
этнологиялық, ру мен тайпаның арғы тектен бергі тарихын баяндайтын генеалогиялық, 
мифтер мен арғы аталардың ерлігін жырлайтын поэтика қалыптасады. 
Ру басыларының қауымнан дараланып бөлінуінің тағы бір әлеуметтік-мәдени негізіне 
көшпелі қауымдағы ақсақалдардың билігі (геронтократия) жатады. Бұл әлеуметтік 
құрылым, қауымдық меншік шытынап, негізгі тіршілік құралдарына (көшпелілерде - 
малға) индивидуалдық меншік пайда бола бастаған кезде өз нышанын береді. 
Патриархаттың матриархатты ауыстыруы нәтижесінде еркектердің рөлі бірінші орынға 
шығады және ру басылар, көсемдер, әскер басылар т.т. олардың арасынан таңдалып 
алынады. Шын мәнісіндегі әлеуметтік мұралану тек аталық құқықта жүзеге аса алады. Э. 
Фроммның пікірін қайталасақ, аналық қоғам қауымшылдықтың тірегі болса, аталық қоғам 
тарихтағы индивидуалдандыру үдерісін бастап берді. Патриархалдық қатынастар 
геронтократия мен арғы текке сүйенді. 
Жоғары келтірілген аңыздардан алғашқы қоғамдастықтарда жеке билік тек сакральды, 
дәстүр мен салттық сананың күші арқылы бекітілетінін көреміз. Әрине, ата-бабалар қиын-
қыстауда арқа сүйейтін тірек бола алады. Бірақ оларға сай құрмет көрсете алмаған 
жағдайда арғы тектер кесірлі күштерге де айналып кетуі мүмкін. Сол себепті ата-бабалар 
культі жіктеле басталған қауым ынтымақтастығын сақтайтын басты фактор еді. 


150 
Исламды қабылдағанға дейінгі түрік көшпелілерінде "басқарушы" топтың әлеуметтік 
орны арнаулы дәстүр мен салттық сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген 
жағдайда хандар мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге 
бағытталған. Сол себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия мен деспотия туралы 
айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары көшпелі түрік иеліктерінде хан мен 
бектердің қатардағы тайпаластарынан артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында 
ғана олардың билігінің артатындығын атап өтеді. зерттеушілер көшпелі мемлекеттерде 
"хан талау" деген дәстүрдің болғанын айтып өтеді. Бұл бір сипатта Дж. Фрезер мен 3. 
Фрейд еңбектерінде кездесетін архаикалық "көсемді құрбандыққа шалу" сарынымен ұқсас 
келеді. Аталған үдеріс қазақ хандығында да сақталып келген. Мысалы, Орынбор 
губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі бар: "Күшті ру басылары немесе топтасқан 
барымташылар ханға бағынбақ түгіл, оның малын тартып алады" . Тағы бір куәлік: 
Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны оны 
өлім жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге асырады. 
Ш.Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді. "Қазақтың ешқандай ханы Абылайға 
дейін шексіз билікке ие болған жоқ. Ол бірінші болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп 
келген күшті ру басылары мен сұлтандарды бағындырды, тек халық жиынының ғана 
шешімімен берілетін өлім жазасын өзі бұйыруға мүмкіндік алды".
9
Бумын, Естемі, Білге, Күлтегін, Тоныкөк қағандар "елдік" ұстынын басшылыққа алып, 
мәдени тұтастықта түрік халқы үшін басты қауіп Табғаштан (Қытайдан) келеді дейді. 
Табғаштар жібек маталарымен қоса өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда 
таратып, түбінде түріктерді бодандандыруды көксейді. Сол себепті ішкі бірлікті нығайту 
қажет. Біз, әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі елбасылардың орны мен қызметін 
әсірелеуден аулақпыз. Бір орталыққа бағындырылған биліктің жеткіліксіздігі ру-тайпалық 
сепаратизмді өршелендіріп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда, Л. Гумилев айтқан, түрік 
тайпаларының тарихи қарғысы - рулар қақтығысы орын алды. 
Қазақтың және оның арғы аталарының қоғамындағы әлеуметтік жіктер мен топтардың 
қарым-қатынасын марксизм тұрғысынан "қанау", "феодализм" деп сипаттаудың ауылы 
шындықтан алыс. Өйткені туысқандық қатынастарға негізделген көшпелі қауымда 
құндылықтар да басқаша сипатта болды. Осы жөнінде белгілі түркітанушы Мұрад Аджи 
былай дейді: "Далалықтарда зат емес, керісінше әрекет пен руханият құндылық 
қасиеттеріне ие болды. Шығыс мәдениеті мен шығыс дүниетанымы ең алдымен 
материалдық негіздерге емес, керісінше руханиятқа табынған. Сылдырмақ алтындар - бос 
нәрсенің сыртынан ғана жылтырауы. Ат - алтыннан да жоғары бағаланған. Тағы қылыш 
пен садақ. Далалыққа үш тілек қасиетті болып табылған. Біріншісі - ат ерттеп міну, 
Екіншісі - ет жеу. Үшіншісі - әйел алу. Шығыс мәдениетін бойына сіңірген шығыс 
адамының психологиясы руханияттың материалдықтан басымдығы қағидасымен 
қалыптасқан. Бүл өте маңызды жағдай және ол көптеген тарихи оқиғалардың, тіпті 
адамдардың трагедияларын түсінуге мүмкіндік береді".
10
Әрине экономикалық стимулдардың төмендігінің көшпелілер үшін теріс әсері де 
жеткілікті: еңбек өнімділігінің бір қалыптылығы және техникалық инновациялардың 
жоқтығы. Бұл көшпелі қауымның батыстық, ресейлік және қытайлық экспансияға қарап 
тұра алмауына әкелді. 
9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет