І. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



бет4/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,8 Mb.
#36009
1   2   3   4   5

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

(Еңбек шарты. Контракт)

Белгілі бір жас пен білім дорежесіне жеткеннен кейін, жүмысқа түрғандардың орқайсысының енбек жолы осы қүжаттан басаталады.



Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған мідеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген қүжат еңбек келісімінің де өзіндік қүрылымы мен мазмүны, росімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жүмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмүны, еңбекақы мөлшері, жүмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға үйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жүмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан түрады:

1) құжат аты;

2) келісімнің жасалған орны мен күні;

3) екі жақтың толық жоне шартты атауы;

4) жүмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;

5) келісім типі (негізгі жүмыс олде қосымша істелетін жүмыс);

6) келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде үзақ уақытқа ма);

7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);

8) сынау мерзімі;

9) жұмысшының міндеттері;

10) еңбек жағдайы, еңбекақьт төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жүмыс беруші міндеттері; 11)жүмысшының еңбек қүқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлүмат;

12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы молімет;

13)ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы молімет;

14)демалыс алу тортібі мен оның мерзімі туралы молімет;

15)келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;

16)келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бүзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін);

17)келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;

18)екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;

19)екі жақтың қойылатын қолы (сиғнатура);

20)шартқа қол қойылған күн;

21)келісім қосымшасы (егер бар болса).

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік қүжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.


1. Құжат аты.

Құжаттың толық аты мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырьглып, орта тұсына үлкен өріптермен жазылады. Мысалы,



ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ № 4

2. Келісімнің жасалған орны мен күні.

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекен аты сол жаққа, дата — оң жаққа жазылады. Мысалы,



Алматы қаласы 23 қазан 2000 жыл

3. Екі жақгың толық және шартты атауы,

Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми аты жоне келісімде алынган шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атындаеы Қазақ улттық техникалык; университеті атынан университет ректоры профессор Е.Н.Нүсіпов, бүдан былай қарай келісімде "жумыс беруші" деп аталады, екінші жақтан техника еылымыныц кандыдаты А.Бердібеков будан былай қарай келісімде "жумысшы " деп аталады.



4. Жүмыстың сипаты мен мазмұны, квалификация дәрежесі. (Базалық шарттар)

Мұнда жұмыстъщ сипаты мен мазмұны оны атқаруға қажетті квалификация дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы,

Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанүлы қазіргі теориялық мехника кафедрасына доцент болып кабылданады.

5. Келісім типі.

Мүнда жүмысшының негізгі жүмыс орны ретінде істейтіндігі я болмаса басқа жердегі негізгі жүмыс орньша қосымша істелетін жүмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы,

"Бұл еңбек келісімі, негізгі жүмыс келісімі, косымша істейтін жұмыс келісімі" (керектісінің асты сызылады).

6. Келісім тұрі.

Мүнда жүмысшы уақытша әлде түрақты жүмысқа қабылданғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы, "Жүмысшы уақытша бос түрган орынға кабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады".



7. Келісім мерзімі.

Мүнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар цифрмен де жазбаша д.а, я болмаса 2 вариантта да көрсетіледі. Мысалы, "Келісім 2000 жылдың 20 мамырында екі мыңыншы жиырмасыншы мамырында күшіне енеді". "Келісім 2001



сәйкес жумысшы өз міндетін атқаруга демалыс, мейрам кундері де шақырылуы мумкін. "

13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі

Бүл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және косымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оньщ берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе үйымның өз ерекшелігіне, жүмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай;

а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге);

о) сағаттық төлемакы көлемі (сағатына _ _____теңге);

б) аткарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің ^____ пайызы);

в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);

г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, пайызбен) көрсетіледі.

14. Демалыс алу тәртібі,

Бүл бөлікте негізгі еңбек демалысының үзақтығы, қосымша алынатын демалыс үзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы,



"Жумысшыга жылына бір рет Қазақстан Республикасыныц еңбек туралы Заңы кодексіне сәйкес, узақтыгы 18 жумыс куні мәлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстық берілу мерзімін окімшілік анықтайды. Жумысшынық қалауына қарай екі бөлікке бәлініп те беріледі. Мунда демалыстың бір бөлігінің узақтыгы кемінде бес жумыс кунінен турады.

Ақы төленбейтін қосымшы демалыс 10 жумыс куні мөлшеріпде жумысшының жеке басыпыц жагдайын байлапысты әкімшілік шешімімен беріледі."

15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар.

Бүл болікте келісімінің негізгі бөлімдерінде айытылмаған, екі жақтың қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы, "Жумысшыга жылына бір рет арнайы жумыс киімі мен аяқ киім беріледі". "Жумысшының мектеп жасына деиінгі баласы болса, уйымның балабақшасынан орын беріледі. "т.б.



16. Келісімдегі ерекше жағдайлар.

Бүл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажет ететін ерекше жагдайлар айтылады. Бүл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті үйымдастыру ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайын қарай қаралады. Сонымен қатар бүл бөлікте ерекше жагдайлардан басқа келісім бүзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады.



17. Келісімнің тоқтатылуы.

Бүл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі.

Мысалы,

"Келісім мынадай жагдайда тоқтатылады:

екі жақтың бірі келісім мерзімін узартудан бас тартқанда (бул жөнінде келісім аяқталудан / ай бурын жазбаша хабарлану керек);

- мезгілінен бурын — егер екі жақтың бірі унемі өз міндетін орындамаса;

- кәсіпорын я мекеме таратылган жагдайда;



Келісім мезгілінен бүрын тоқтатылатын болса ол жайлы екі жақ бір-біріие мерзімінен 15 жумыс кун бүрын жазбаша хабарлау керек ".

18. Екі жақгың мекен-жайы мен реквизиттері.

Бұл бөлікте екі жақтың толық мекен-жайы мен реквизиттері жазылады. Жұмыс беруші мекен-жайы сол жаққа, жұмысшы мекен-жайы оң жаққа жазылады. Мысалы,



"индекс 480100 "индекс 480005

Алматы қаласы, Алматы қаласы

Сәтбаев көшесі, 22 Тастақ ықшамауданы

Қаныш Сәтбаев атындагы №2 үй 89 пәтер

Қазақ улттық техникалык., Бейсенова А.Ж. "

упиверситетінщ ректоры Нусіпов Е.Н."

19. Сигнатура

Ю.Дата

Еңбек келісіміндегі сигнатура, дата бөліктерінің жазылуы, безендірілуі басқа іс қағаздарындағыдай.



21.Келісімге қосымша.

Егер келісімге қосымша берілетін қүжат немсе мәліметтер болса ол жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып ескерту жазылады.



ХІ. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.

Хаттама.

Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда жоне алкалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сойлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықіпамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөилеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толык хаттамаларда сөилеген сөздердің барлыгы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айкындайды. Бүл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылыгын қамтамасыз сту қажст. Құжаттын заңдылық жарамдылығы барлык қажетті дсректермен, олардың дүрыс толтырылуымен және хаттамадагы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімеп аныкталады. Мысалы, жиналысқа катысушылардьщ саныныц көрсстілуі маңызды, ол кабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; күжаттын атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың қүрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалган мәселе, сойлеген сөздер және қабылдантан қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы койылады.

Сөздік

хаттама - протокол



мәжіліс, отырыс - заседание

жинальтс - собрание

төраға - председатель

хатшы - секретаръ

тізім - список

күн тәртібі - повестка дня

баяндама - доклад

қысқаша жазба - краткая запись

есеп -отчет

қүжат - документ

міндет - задача

мәселе — проблема, вопрос, задача

ұсьшыс - предложение

бірауыздан - единогласно

қатысу - участвовать, присутствовать

сөйлеу - выступать

тыңдау - слушать

қаулы кабылдау - постановить

қабылданған қаулы - постановление

макұлдау - одобрить

бекіту - утвердить

қоса беру - прилагать

коса беріліп отыр - приллагается

ұсыну - предлогать

енгізу - внести

мекеме - учреждение

корытындылау - подытожить, заклгочить

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

I. Грамматикалық минимум:

Акпаратты ұлғайту. Ырьщсыз етіс. Ауыспалы осы шақ. Көптік жалғау. Сиионимдік катарлар. Зат есімнің тәуелденуі. Жалкы ссім. Реттік сан есім. Номенклатуралык атаулар.

II. Коммуникативтік минимум:

керек, накты дерек, айтылған ескертпелер.

III. Фонетикалык минимум:

Үндестік заңы (сиигармонизм). Ілгерінді және кейінді ықпал.

IV. Етістік минимумы:

көңіл аудару, белгілеу, нактылау, камтамасыз ету, мән беру, міндеттеу, іске асыру, ескеру.

Хаттама жазу, мәжіліс өткен орын, күн тәртібі, тіркеу нөмірі.

Тапсырма 3. Төмендегі сүрактарға жауап берініздер. (Ответьте на вопросы).

1. Хаттама деген не?

2. Хаттама кандай жағдайда жазылады?

3. Хаттаманың деректемелерін атаңыз.

4. Хаттаманың үзіндісін кім куәландырады?

5. Хаттамада шешімін тапкан мәселелердің орындалу мерзімі көрсетіледі ме?

ХІІ. Ресми хаттар.

Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Қызметтік жеке хатттар. Бүл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе орісінің кеңдігі жоне қызметтен тыс моселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын моселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.

Үсыныс хаттар. Бүл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыга үсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.



Сұраныс хаттары. Бүл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сүрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының неғізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Жолдама хаттар. Қүжатпен бірге жіберілетін қосымшаньтң немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бүл хаттар өрсетілген ақпараттың долдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

Хатты жазып отрығнада онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығьщызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқьшаған жөн.


Үлгі Жолдама хат
Казақ мемлекеттік Ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының директорына

Абай атындагы Алматы мемлекеттік упиверситетіндегі филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қоргаитын ДР 14.05.04 диссертациялық кеңес 10.02.02 — қазақ тілі мамандыгы бойынша Оспанова Өміргул Ақанқызының "Қазақ тіліндегі көсемшеніц магынасы мен қызметінің дамуы" атты кандидаттық диссертация жумысыны және авторефератыныц 2 данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу ушін жіберіп отыр.

Диссертацияның қоргалган куні 11 наурыз 1999 жыл.

Диссертация кеңес төрайымы, филология гылымының докторы,

профессор З.Қ. Ахметова
Үлгі: Қызметтік хат

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. 480100, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. тел. 91-33-77

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры К.Ш.Құсайынов мырзаға

Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қореайтын кеңес шешімімен (хаттама №11, 10-шы ақпан 1998 жыл) Сіз басшылық жасап отырган А.Байтурсынов атындагы Тіл білімі институты мына диссертацияга жетекші уйым болып бекітілді: Бейсембекова Жулдыз Сардырбекқызының "Қазіргі қазақ тіліндегі буйрық райдың парадигмасы мен магыналық қурамы" атты кандидаттық диссертациясы, 10.02.02. — қазақ тілі мамандыгы бойынша.

Осыган орай аталган диссертацияны Сізге жіберіп отырмыз, оның қоргаллы 18 наурыз 1998 ж. белгіленді. Оган мына мерзімге дейін пікір беруіңізді өтінеміз:

16 наурыз 1998ж.

Жетекші уйым басшысының қолы елтаңбалы мәрмен бекітілуге тиіс. Пікірде кеңейтілген турде мынадай тустарга жауап беруіңізді сураймыз:

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы гылымдармен және жалпы мемлекеттік багдарламамен байланысы.

2. Диссертацияныц 'Тылыми дәрежелер мен еылыми атақтар беру туралы Ереженің " ушінші бәлімі қоятын талаптарга сәйкестігі.

Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, филология гылымының кандидаты, доцент ^^_^__^ Мусатаева М.Ш.
Қолы
Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "р.з." таңбаларын койып түрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мотін" деген мағына береді.

Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады.

1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып койса, қойылған қолдан кейін "р.з." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол койылады.

2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлім.ет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "р.з." белғісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі.

"р.8. 4- квартал бойынша жасалеап есепті жаңа гана қабылдап алдым. 1999 жыягы желтоқсанның 31-і саг. 17.30"

(сиғнатура, факсимиле)

"р.з." Шүғыл жолсапарға шығуға ткра келіп түр. Сондықтан 2 аптаға дейін сізбен кездесе алмаймын. Кездесу уақытын қосымша хабарлаймын. 22.04.98.

Құрметті


(сишатура, факсимиле)

Кейбір күрделі, күтуге келмейтін, тығыз жағдайларда постскриптум қайталап та жазылады. Онда "Р.р.з." постскрилтум белгісі қойылады. Оның жазылу реті де дәл жоғарыда айтылғандай.



Қолданылған мәліметтің дәлдігі туралы.

Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мүқият тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет қолданылмағын жөн, қүжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде жіберіледі:



- дайындалған қүжаттың мазмүны мен сапасына немқүрайды бақылау жасалғанда;

қүжатты дайындаушыньщ білім мен тәжірибе деңғейі төмен болғанда; жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда;

- құжатты дайындаушы өз ісіне немқүрайды, салақ қараған жағдайда;

- құжатты дайындау барысында дүрыс мәлімет қолданбаған жағдайда;

- қүжаттарды дайындау барысында бағдарламалық-техникалық қүралдарды дүрыс пайдаланбаған жағдайда;

- қүжаттарды дайындау технологиясы бүзылған жағдайда.

Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты- жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы керек. Қүжаттағы сандық мөліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек.

Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта көрсетілуі керек, я болмаса қүжаттың соңында ескерілуі тиіс. Мысалы, Көлемі 5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бүл құжаттан бөлек, 10 беттік қосымшаны коса жіберіп отырмыз т.с.с,

Құжаттағы бүкіл ақпарат мұқият текесерілуі керек. Қүжаттағы ақпартты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар:

1. Техникалық. Мүнда қате жазылған сөздер, дүрыс қойылмаған тыныс белгілері, дүрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда үсталады.

2. Заңдық. Мүнда қүжат мазмүнының қазіргі күші бар заңдарға және қүқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі.

3. Қаржы-экономикалық. Мүнда қүжатта шығарылған қаржы-экономикалы шешімдердің үйлесімділік, тиімділік дәрежесіне баға беріледі.

4. Статистикалық. Мүнда қүжаттағы статистикалық мәліметтердің актуалъдылығы мен ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі.

5.Конфиденциалдық. Мүнда күжат мазмүнында жариялылығы шектеулі мағлүматтың немесе мемлекеттік қүпия болып саналатын я қызметтік, коммерциялық қүпия болып табылатын мәліметтің жіберІлмеу жағы тексеріледі.

6. Ақпараттық. Мүнда құжатты алушының мекен-жайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дүрыстығы тексеріледі.

Қүжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дүрыс жасалу жауапкершілігі қүжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер қүжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орьгадаушы белгіленеді.

Құжатты дүрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі.
ЖЕДЕЛХАТ

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.



Жеделхаттың артықшылықтары:

  • мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады;

  • формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ;

  • жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады;

  • қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады;

  • жеделхаттар тез жеткізіледі;

  • жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді.



Жеделхатты жазу талаптары :

  • мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс;

  • мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды;

  • кейбір сөздерді қысқартуға болады;

  • цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті);

  • жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады;

  • жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.

Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).



Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.

Жеделхаттың реквизиттері:

1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:



  • түрі, категориясы;

  • номері, датасы, жіберілген уақыты;

  • алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.

2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:

- жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі;

- датасы;

- автордың мекен-жайы.


Жеделхаттардың рәсімделуі:

  • мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.

  • Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады.


Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.
.

І. телефонхат (телефонограмма)

Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.

Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады.

Телефонхаттың формуляры: хабардың аты, нөмірі, күні, қабылданған уақыты, байланысты жүзеге асырушының аты-жөні, телефон не рация нөмірі.

Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті.

ІІ.Телефонхат (Телефонограмма)

Телефонограмма — телефон я радио арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат,

Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратъщызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып аласыз. Телефонограмма мәтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефонограмма формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданган уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырган адамның аты-жөні, телефон я радио нөмірі.

Телефонограмма, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонограммалар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Үлгі


Телефонограмма. ]'2.07.2000 № 24. Шыгармашылық уйымдардың жетекшілеріне.

14 маусым күні сагат 1100-де Республика сарайында Республикадагы шыгармашылық ұйымдар жетекшілерінің Хапықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады.

Кол қойган: Республикалық шыгармашылық ұйымдар бірлестігі ақпарат бөлімінің бастыеы Н.А.Абрамов

Жіберген: хатшы Г.Бейсембаева

12.07.2000 куні сагат КР-де қабылдап алеан Г.Әшімова.
Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдарың нашарлығы.

Телефонограммамен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту кабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қагаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн. Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. "Телефонограммалар журналы" екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен Телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберілген Телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады. Телефонограмма кұрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет