І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


ә - ні айтқанда тіл арты көмейге жақындайды. ы-і; и-у



Pdf көрінісі
бет12/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
ә
-
ні айтқанда тіл арты көмейге жақындайды.
ы-і; и-у
. Бұларды «глухой гласный» дейді. 
ы-і
әнделгенде «
е
»-ге айналады, 
и-у
әнделгенде «
о
»-ға айналады. Осы келте дыбыстар бұрын орыста фонема болған 
(естество, лошадь).
Сыбырлағанда
. Дауыс шымылдығы сыбырлағанда дірілдемейді.
ху
. (Бұл дыбыстарға анықтама берілмеген. Е. Ж.) 
ей
. Бұрынғы 
ей
тіркестері бүгінде 
ій
болған (Бұл бірақ біріндеген заң).
оv
. Бұрынғы 
оv
тіркестері бүгінде 
ұv
болған.
е
. Бұл арабтың 
е
- «
ғ
»-сы. Мысалы, мағына (маeпа). Кейбір транскрипцияда 
қолданылады.
аа

Ағаш
дегенді түріктер 
ааш
дейді. Екі «а»-ның болуы компенсация заңы.
ғ/г
. Буын басы да емес, буын аяғы да емес (буын ортасында келеді).
й
. «Йай» дегендегі қысқа 
й
; ілім тілінде 
і
таңбаланады.
Дыбыс физиологиясына 
«Голосовые связки»
. Тамақта шандыр бар, мұны дауыс шымылдығы дейміз, 
бұл екі жақтаулы, кейде керіледі, кейде бос тұрады, екеуі де өз еркімізде: 
демалғанымызда бос тұрады, сөйлегенімізде арасы керіледі, жуықталады (мысық 
көзінің қарашығы бұған мысал болады). Дауыс шымылдығын керсек, ол дірілдейді, 
үн осыдан шығады. Қатты керілсе, тез қимылдайды, дауыстың ащы болуы содан. 
Жәй керілсе, жәй қимылдайды, дауыстың қоңырлығы осыдан.
Дауыстың түрлілік себебі
. Жастың дауыс шымылдығы жұқа, даусы ащы; 
үлкендердікі қалың, сондықтан дауысы қоңыр. Біреулердің даусы қоңыр, 
біреулердікі ащы болуының себебі әлгі дауыс шымылдығының түрлілігінен; ауыз-
мұрын қуыстарының түрлілігі де дауыстың түрлі болуына себепкер.
Резонатор

Ауыз-мұрын 
қуыстарын 
резонатор 
дейміз. 
Ол 
– 
жаңғырықтырушы деген сөз (домбыра шанақтары сияқты ауыз-мұрын қуысы да – 
резонатор). Резонанс – жаңғырығу деген сөз. Резонатордың формасы түрлі болса, 
дыбыс та өзгереді; яғни дыбыстық сапасы өзгереді. Түрлі формалардағы 
бөтелкелердің даусы бұған дәлел: 
Сондықтан ауыз қуыстары өзгеріп, көмей жақты кеңейтіп, ауыз жақты 
тарылтсақ, – бір түрлі дауыс, тағы басқа түрде құбылтсақ, екінші түрлі дауыс 
шығады.
Фальцет
. Кейде көмейдегі шандырдың бір жері ғана дірілдейді. Мұндайда 
дауыс шымылдығының бір жерінен ғана ауа шығады. Фальцет дегеніміз осы. Қазақ 
ән салғанда дауыс шымылдығын осы халде ұстайды. Европа әндерінде фальцет 
болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет