І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет164/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

кімді? нені? 
деген 
сұрауларға 
жауап 
беретін 
табыс 
жалғаудағы 
толықтауыш, 
анықтауыштың тіке алдында тұрады. Қимыл пысықтауыш болмаса
баяндауыштың тіке алдында тұрады»
(34 жылғы басылуы, 85-бет. Мұндағы 
сөйлем мүшелерінің орындары жайында айтқан сөздерінің бәрі де дұрыс емес. 
Онысын бұл арада сөз қылмай қоя тұрып, 
қимыл пысықтауыш
дегенін ескерсеңіз, 
Телжанның өзіне-өзі қарсы келгенін байқауға болады. Өйткені, ол 
пысықтауыш
деген болады деп, еш жерде де жазбайды. Тұрлаусыз мүшелер не анықтауыш, не 
толықтауыш қана болады дейді. Сөйтіп отырып, бұл арада 
қимыл пысықтауыш
дегенді қайдан әкелгенін, кім білсін? (әрине, оны «Тіл құралдан» алғанын айтып 
жатудың да қажеті жоқ қой).


Енді Телжанның анықтауыш пен толықтауышты қалай түсіндіргеніне 
келелік. Кітабының 59-бетінде былай деп жазады: «Сөйлем басқа мүшелерінің 
белгісін, санын, сан ретін 
анықтайтын сөзді анықтауыш дейді.
Анықтауыш қандай? қалай? қайтіп? не қылған? неше? (қанша?) ненің? 
нешінші? қай? (қайсы?) деген сұрауларға жауап береді. Көбінесе сын есім 
анықтауыш болады». Кітабының 60-бетінде толықтауыш жайын әңгіме қылып 
келіп, былай дейді: «
Баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені 
толықтауыш дейді.
Толықтауыш септеу сұрауларында (неге? кейде? қайда? 
неден? кімнен? қайдан? кіммен? қашан? нені? кімді? кімде? неде? қай кезде?) 
жауап береді. 
Толықтауыш сөйлемде баяндауышпен байланысты
». 
Кәне, бұдан не көреміз? Бұдан Телжанның жазылмайтын шырғалаңға 
түскенін, өзі түскенімен тұрмай, бүтін оқушыларды, оқытушыларды қоса 
түсіргенін көреміз. Өйткені, анықтауышты бір түрлі, толықтауышты бір түрлі 
өлшеумен белгілеген. Анықтауышты мағынасына қарай (сөйлем мүшелерінің 
белгісін, санын, сан ретін анықтайтын cөз деп), белгілейді де, толықтауышты олай 
қылмай, сөйлемнің қай мүшесімен байланысатынына қарай белгілейді 
(баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді деп). Бір сөздің 
өзі әрі баяндауышпен байланысып, әрі баяндауыштың белгісін, санын, сан ретін 
(cан реті деген саны болмай ма екен?) көрсетіп тұрса, Телжанша, ол сөз анықтауыш 
та, толықтауыш та болу керек. Өйткені, белгісін, санын көрсететін сөз анықтауыш 
болу керек те, баяндауышпен байланысқан сөз толықтауыш болу керек. Сондықтан 
жаяу келдім, екі келдім
дегендегі 
жаяу
мен 
екі,
келудің 
белгісі
мен 
санын
көрсеткендіктен, анықтауыш болу керек. Сонымен қатар, келдім мен 
(баяндауышпен) байланысып тұрғандықтан, толықтауыш та болу керек. 
Кәне, енді қалай адаспасқа болады? Бұл шатағын жеңілдетпек болып, Телжан 
жәрдемге сұрауларды алып келді. Бірақ, сұраудың ұшы-қиыры жоқ қой. 
Сондықтан, сұраудың бәрін келтіре алмаған. Мысалы, неліктен? нендей? сияқты 
сұраулардың көбі жоқ. Сондықтан 
құстай ұшады
дегендегі құстай деген сөз, 
күн 
ыстық болғандықтан біз суға түстік
дегендегі 
болғандықтан
сияқты сөздерді 
анықтауыш пен толықтауыштың қайсысына қосатынын Телжанның өзі білмесе, 
ешкім де білмейді. Өйткені, бұлар анықтауыш деуге де, толықтауыш деуге де сия 
береді (әрине, Телжанша). Телжанның өзі кітабының 75-бетінде 
күн ыстық 
болғандықтан
дегенді анықтауыш бағыныңқы деген. Сұрауына қарасақ немесе 
септеуіне қарасақ, бұл да шығыс жалғаулы сөз сияқты. Толықтауышты 
түсіндіргенде септеу сұрауларына жауап береді дей тұрып, септеудің бірі болған 
ілік жалғаудың сұрауын (кімнің? ненің?) анықтауыштың белгісіне апарып қосқан. 
Сондықтан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   182




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет