І. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологиялары


Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологияға негізделген дидактикалық және әдістемелік негіздері



бет6/10
Дата07.07.2020
өлшемі309,01 Kb.
#74946
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
мультимедия

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологияға негізделген дидактикалық және әдістемелік негіздері



  • Проблемалық оқыту– өзіндік ойлау. Проблемалық – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау– әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама оқулықтардың талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. Сын тұрғысынан ойлау (бұдан әрі – СТО) технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өзінің педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.

    Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:

    I. Қызығушылығын ояту(«көпір жасау», ой қозғау). Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады. Сабаққа белсенділігі, ынта-жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға негіз болады. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.

    II. Мағынаны таныту (мағынаны ажырату). Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.

    III. Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады). Рефлексия тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

    Келесі құрылымы: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, технологияны дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.



    СТО технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. Технологияны пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік зертхананы жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайық:

    РАФТ.Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. РАФТ оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

    Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа оқушылардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

    Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

    Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы технологияның мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

    Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінеді (айтады). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды;

    - жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады);

    - барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы; - белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

    ДЖИК СО стратегиясы – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді сарапшы немесе жанұя топтарын құрады, яғни сарапшы топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін бірлер, 2-бөлігін екілер, 3-бөлігін үшіншілер, 4,5-бөліктерін бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

    INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.

    Куббизм стратегиясы – ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан-жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.

    Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

    Кім?- Ана

    Қандай? -Мейірімді, ақылды

    Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.

    Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу.

    Синоним- Адам

    Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.

    Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі маңызды құбылыс

    Командалық оқыту «Team teaching» – бұл оқушылардың оқуын жетілдірудегі ортақ мақсатқа жету үшін екі оқытушының бірлесе жұмыс атқаруы. Бірлесе оқыту екі педагогтің жұптаса өзіндік тәжірибені дамыту мен оқытудың үздік түрі болып табылады.

    Топтық оқытуда екі мұғалімнің оқыту тақырыптары тең дәрежеде бөлінеді. Оқыту мақсаттары кіріктірілген оқыту бағдарламасында көрсетіліп, ол басшылыққа алына отырып, сабақ барысындағы іс-әрекеттер талқыланады.

    Сабақ типтеріне сай екі мұғалімнің: қазақ тілі және әдебиет пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің сабақ барысындағы рөлдері айқындалып, оқушыларға жеткізу әдістемелері мен тәсілдері ортаға салынады.Топтық оқыту әдістемесінде екі мұғалімнің рөлі, атқаратын іс-әрекеттері тең дәрежеде өтуі қажет. Жоспарлау кезінде жекелеген оқушылар мен топтарға көмек, қолдау тиімді бөлінуін қадағалауымыз керек.

    Екі мұғалім арасындағы ынтымақтастық пен байланыс сынып атмосферасына әсер етеді, сондықтан мұғалім арасындағы ауысу қалыпты өтуі шарт. Сабақ барысындағы іс-әрекетті анықтай отырып, оқушыларға берілетін тапсырмалар жиынтығы да қарастырылады. Мұғалім бағыт беруші рөлін ойнайды, ал ол оқушыларға сыни тұрғыда және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру сияқты нақты тапсырмаларға құрылады . Оқушылардың нақты міндеттері айқын, оларға қойылатын талаптар да сондай болуы шарт.Бұл оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруда әсер етеді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет