І. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологиялары


Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологияға негізделген дидактикалық және әдістемелік негіздері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру



бет7/10
Дата07.07.2020
өлшемі309,01 Kb.
#74946
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
мультимедия

2.1 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологияға негізделген дидактикалық және әдістемелік негіздері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Таңдап алынған технология жүйелі түрде жүргізілсе ғана нәтиже жемісті болады. Мұндай жұмыс үдерісінде мақсат өзгереді: әр оқушы өздігінен бағдар алады, мұғалім тек бағыттаушы және бақылаушы ғана. Осы жүйелі қалыптасқан кезеңнің өз міндеттері бар: мұғалім оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына бүкіл жағдайды жасап, сыныпта дұрыс психологиялық кезеңдерін жүйелі жүзеге асыра білу керек.

Сол тұрғыда «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту – жаңа білімге апарар жол. Бұл кезеңде оқушылар белгілі бір тақырып төңірегінде бірнеше сөздер атап, оларды байланыстырып сөйлеуге, мағыналық жағынан топтастыруға, жаңа ұғым жасауға үйренеді. Бірін-бірі қайталамауға үйренеді. Ойлау, оқу арқылы жазуды жүзеге асыра отырып, бірте-бірте шығармашылық жүйеге түседі.

Мысалы, Б.Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» тақырыбын өткенде оқушыларға «Жауынгер тұлғасы қандай болу керек?» деген сұрақ берілді.

Топтастыруды оқушылар жарыса отырып өте қызық, сәтті орындады. Бастысы енжар оқушылар да өз ойларын айта білді, жұмыс барысында оқушылар бойынан әртүрлі өзгерістер байқалды.

Мағынаны тануда оқушы әртүрлі болжам жасау, бұрынғы білетіндерін жеке және топта айту арқылы жаңа білімге деген қызығушылықтары артады. Олар «Мені түсін» әдісі арқылы мәтінді өз беттерінше   оқу, тезис құру арқылы көлемді материалдарды өздеріне керек тұстарын ғана алуға, екі жақты түсіндірме күнделігін жасау, талдау, зерттеу, салыстыру, терминдермен жұмыс, бірін-бірі толықтыру арқылы оқушы жаңа білімді өздігінен меңгеріп, жаңалық табу, шығармашылықпен жұмыс істеу сатысына көтеріледі.

Толғаныс кезеңінде оқушылар алған білімін қолдана отырып, ой-сезіміне, қиялына қозғау салады. Өтілген тақырыпқа байланысты білімін, алған әсерін ашық пікір, эссе, диалог, монолог түрінде қағаз бетіне түсіреді.

7-сыныптың қазақ тілі сабағында «Арамдық адамның ажарын бұзады» деген мақалды сөйлем мүшесіне талдатып, соңынан осы мақалды негізге ала отырып, эссе жазуға тапсырма берілген болатын.

Бір оқушы өз эссесінде:

«Адам дүниеге келгесін әртүрлі болып қалыптасады. Адамдар бірі оқымысты, әнші, күйші, мұғалім, дәрігер немесе қылмыскер болуы мүмкін. Қылмыскер мен үшін арам адам. Ол біреуді тонайды, қиянат жасайды, аяусыз адам өлтіреді. Күндердің күнінде ол адам түрмеге түседі, түрмеге түскесін денсаулығы бұзылады. Қандай көркем болса да түрмеден азып, ажары бұзылады» - деп жазыпты.

Екінші оқушы былай деп қысқа қайырыпты: «Түлкі – сұлу аң. Бірақ, ол қанша сұлу болса да, оның ішіндегі арамдық оның ажарын бұзып тұр.» Міне, осындай әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар да, өздеріміз де сабаққа жаңаша көзқарастамыз.

«Мектептегі тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп А.Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.

Әрбір ұстаздың ғылыми негізділік және түсініктілік принциптері талаптарын да сақтай отырып, пәнді оқыту негіздерін бірізділікте жүзеге асыруы тиіс.

«Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең мүмкін есіме сақтармын. Қатысушы болсам мен түсінемін.» деген Қытайдың даналық сөзіне сүйене отырып, оқушылардың оқу, жазу сауаттылықтарын және шығармашылықтарын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдану да тиімді болып есептеледі.

1. Топтастыру, категориялық топтастыру. Бұл әдістер арқылы оқушылардың білімі туралы түсінік алуға немесе басқа да әдістерді қолдануға болады. Жазушы өмірбаянымен тек оқып танысу олардың қызығушылықтарын тудырмайды. Сондықтан жазушы өмірбаянын меңгертуде мынадай тәсілдер қолданылады. Мысалы, 6-сыныпта Б.Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» шығармасы. (Оқушылар бұл кестені қызыға толтырады, бірін-бірі толықтырады.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет