VІІ БАҒЫТ. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеістікті қалыптастыру.
VІІІ БАҒЫТ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін фақторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Түсініктеме 2017 жылдан бері тәрбие жұмысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласының шығуымен үздіксіз байланыста болып келеді.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен үстемелеу: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа адамгершілік білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру» жобалары арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы тәрбие жүйесінің қазіргі кездегі модельдерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәрбие мен білім беруді, академиялық пәндер мен қосымша білім беруді кіріктіру, Қазақстанның түрлі өңірлерінде өлкетану-зерттеушілік экспедициялар, әлеуметтік, зияткерлік бастамаларға және мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық тәжірибесіне ресурстық қолдау көрсетуді, әртүрлі жастағы білім алушыларды өзін-өзі басқаруға тартуды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік-педагогикалық орта құру бойынша тәжірибесін тарату көрініс тапты. Сонымен бірге білім беру-тәрбие процесіне тартылған мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін арттырудың инновациялық каскадты әдісі белсенді пайдаланылады.
Тәрбие тұжырымдамасы баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие адамның дамуы үшін жағдай жасау бойынша мақсатты іс-қимылды көздейтін әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті болып табылады. Мұндай жағдайларды жасау баланы оқудағы, қарым-қатынастардағы, ойындардағы, практикалық әрекеттердегі әлеуметтік қатынастардың түрлі түрлеріне қосу арқылы жүзеге асырылады.