Қыз балаға әдемі, мінезін сипаттайтын жақсы есім беріледі.
Азиза - бағалы, қымбатты, сұлу
Айла (Айлы) – сұлу, ай сияқты жарық
Әмина – адал, берік, өнегелі
Әмира - ханшайым, басқарушы
Әниса – жақын дос
Зарема – от жағушы
Ләзиза – тәтті, дәмді
Лейла (Ляйле) – түн, қара шашты ару
Нәйлә – сый, сыйлық, өз дегеніне жететін
Нәримә – сыйлы, көрікті, сымбатты
Ер есімдері
Ұл балаға Жаратқанның 99 есімін беруге болмайды. Ұлға періште, пайғамбар, әулие, имам, елшілерінің есімдерін қойған абзал. Ұлға берілетін есімнің атақты, сәнді деп таңдамаған дұрыс. Ұлдың есімін әкесіне ұқсатып қою қажет емес. Ол өзінің ерекшелігін жоғалтып алады. Сондай ақ тарихтағы қанішерлердің есімдерімен де атамаған абзал.
Егер сізге өзіңіздің есіміңіз ұнамаса сіз кез келген уақытта мешіттің имамына барып жолығып, өз атыңызды ислам дініне сәйкес етіп таңдауыңызға болады.
Әли – жоғары, асқақ, биік
Әлім – оқымысты, білімді
Әлихан – ұлы хан
Әмин – адал, берік
Әмір – басқарушы
Аңсар – көмекші, жақтас
Арслан ( Асад) - арыстан
Артур – мықты
Аслан – ержүрек
Ахмад (Ахмед) – мақтауға тұрарлық адам
Дамир – ар, ақыл
Даниэль (Даниял) – Құдіреттің сыйы
Данияр – ақылды, оқымысты
Бүгінгі таңда Қазақстанда жиі кездесетін есімдер тізімімен танысайық.
Ұл нәрестелердің арасында ең көп тараған есімдер:
Ерасыл –Диас –Нұрасыл -Әлихан –Мирас – Бейбарыс – Санжар –Нұрислам –Ислам Нұрдәулет –Дамир – Руслан – Әмір – Әділет – Бекзат- Ернұр- Алдияр -Бекарыс
Қыздар арасында: Аружан –Кәусар – Аяулым –Диана – Алина – Әмина – Мәдина – Нұрай –Айша- Айзере – Жанерке - Назерке – Іңкәр – Аяжан – Айым –Арайлым – Мерей – Анель - Айдана – Ақерке
Достарыңызбен бөлісу: |