АТ ТАҢДАМУДАҒЫ БАСТЫ ТАЛАПТАР
1.Адамның аты оның ғумыр бойы онымен бірге болады. Егер есімі нашар болса адамға букіл омір бойы көптеген ыңғайсыздык жағдайда калдырып, корлануына себеп болады.Ал, бул оз кезегінде баланың бойында есімін қойған адамға деген жеккорушылык сезімін тудырады.
2.Есімді таңдауда оны
жан-жакты қарастырған жөн.Яғни, ол создын мағынасына, коркемдыгыне, нәрестеге үйлесімдылыгыне, оның жас кезінде, есейгенде жане ақырында картайганда жарасымды болуына аса назар аудару керек.Оның акесының немесе болашақтағы балаларынын есімімен үйлесімділыгыне көңіл бөлінуі тиіс. Сондай-ак адемы, ойнакы, уйкасты болғанымен тук ман -мағынасы жоқ аттарды да коймау керек.
3.Нәрестеге ат таңдау негізі акенын хукығына жататады.Өйткені оның есімі дүниеде де, акыретте де нәрестенің есімімен катар турады.Сондай-ак, анасының козкарасы ескерілуі тиіс.
4.Туылған нәрестеның есімі әрдайым әкесінің есімімен бірге айтылып-жазылады. Әкесі кайтыс болса да, нәрестенің анасымен ажырасып кетсе де, тіпті, сабиді көрмесе де, көмек бермесе де бәрібір.Сондықтан да шариғат бойынша баланы шынайы әкесінен бөлек адамның есіміне аударуға,зиянқорлык жағдайынан баска кезде тыйым салынады. Зиянқорлык жағдайының өзінде (Алла ондай азғындыктан сактасын!).Ал, оның тууына себеп болған зинақордың атына ешқашан жазылмайды.Бәрін білуші бір Алла!
Дүние есігін жаңа ашқан сәби үшін дұрыс есім қою өте маңызды. Исламда есім қоюға үлкен мән беріледі, өйткені адамның азан шақырылып қойған есімі оның тағдырына тікелей байланыстыір хадисте: «Қиямет қайымда әркім аттарымен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса, жақсы ат қойыңдар», – делінгенАзан шақырып ат қою (Азан шақырып, қазанның құлағын қағып aт қою) - мұсылмандықты қатаң ұстанатын ортада нәрестеге ат қоюды рәсімдейтін ғұрыптың ерекше түрі. Ата-ананың біреуі (көбінесе әкесі) баланы басын құбылаға қаратып, қолын ұстайды. Ат қоятын молда намазын өтеп, Азан шақырып, баланың оң құлағына ата-анасы таңдап қойған есімді айтады. Нәрестені қолына ұстап тұрып ұл баланың оң, қыз баланың сол құлағына «мұның аты - .., сенің атың - ...» деп үш мәрте айқайлап айтады да, келесі құлағына Құраннан сүрелер оқиды. Бұл рәсім үш рет қайталанады. Рәсім аяқталарда дұға оқылады, қатысқан туысқандары балаға, оның ата-анасына тілектер айтып, үлкендер бата береді. Мұндай ескі салт бойынша, ат қою рәсіміне жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын даңғырлата қағып, балата қойылған атты үш қайтара қайталап, жұртқа жария етеді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына «Ұлбосын (ұл болсын)» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар балаларына: «Қуаныш», «Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді.Ономастика салалары.
1. Этнонимика -ру, тайпа, халық атауын зерттеу.
2. Антропонимика -кісі есімі.
3. Космонимика -аспан әлеміндегі ғаламшарды зерттеу
4. Фитонимика - өсімдік атауын зерттеу.
5. Зоонимия - хайуанаттар атауын зерттеу.
«Жүректен жүрекке»
Ономастика салалары.
1. Этнонимика -ру, тайпа, халық атауын зерттеу.
2. Антропонимика -кісі есімі.
3. Космонимика -аспан әлеміндегі ғаламшарды зерттеу
4. Фитонимика - өсімдік атауын зерттеу.
5. Зоонимия - хайуанаттар атауын зерттеу.
«Жүректен жүрекке»
ақырыбы: Есімдер сыры
Аннотация
Бұл тақырып мені өзімнің, өз сыныптастарымның және сынып жетекшімнің есімінің сырын білуге деген қызығушылығымды арттырды. Сол себепті есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу мақсаты:
● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
● Есімдер ұғымына талдау жасау;
● Сауалнамалар арқылы өз сыныбымның оқушыларының есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау;
Зерттеудің басты кезеңдері:
● Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу;
● Қорытынды жасау;
Күтілетін нәтиже:
● Есімінің сырын білу арқылы өзін – өзі тануға жол ашу
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата – анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», – деген наным – сенім бар.
– Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді?
– Аттас адамдардың көбісінің мінез – қылығы неліктен бір – біріне ұқсас?
Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды.
Қазақ тіл білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос – «Адам, оним//онима – «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз – «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз – ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата – ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Баласының атын ырымдап қою – ата – анасының ниетін білдіреді.
Негізгі бөлім:
ҚАЗАҚ ЕСIМДЕРIНIҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Телағаңның ой-желiсiне сүйенсек, қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болсақ, қазiргi кезде бұл қосымшалардың мән-мағыналары ескiрдi деп есептеп, оларды қоспайтын, қоссақ та аз қосатын болдық.
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп,әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабек, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.
Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек.
Қазiргi кезде мағынасы да, дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз есiмдер етек алып барады. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Аида, Анара, Динара, Гуля, Гүлзия, Гүлзира, Гүльмира, Гүлвира, Гүлзада, Эльмира, Элеонора, Замира, Мария, София, Сания, Света, Клара, Лаура, Жания, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, Эрнс, Тимур, Мадьяр, Илья т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi.
Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:
1. Ерасыл
2. Әлихан
3. Санжар
4. Нұрислам
5. Нұрасыл
6. Мирас
7. Артем
8. Арсен
9. Диас
10. Әмір
11. Ислам
12. Әділет
13. Әли
14. Руслан
15. Азамат
16. Алдияр
Қыздарға:
1. Айзере
2. Айару
4. Кәусар
5. Айша
6. Аружан
7. Әмина
8. Аяулым
9. Іңкәр
10. Сезім
11. Мадина
12. Дария
13. Диана
14. Аяла
15. Нұрай
16. Жанерке
17. Аяжан
18. Алина
19. Сабина
Алфавит бойынша есімдер сыры:
АБИРА – тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз.
АҒИЛА – араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.
АҒЛИЯ – грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.
АДЛИЯ – тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.
АЖАР – көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
АЖАРГҮЛ – гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
АЖАРХАН – көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
АЗА – тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.
АИДА – араб тілінен — пайда, сый.
АЙБАЛА – ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
АЙБАРША – қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
АЙБИКЕ – екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.
АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
АЙҒАНША – қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.
АЙҒЫЗ – айдай сұлу, көркем қыз бала.
АЙДАЙ – айдай сұлу, көркем.
АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана – білгір, данышпан, ғалым.
АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дәриа – теңіз, үлкен өзен.
АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЙЗАДА – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
АЙЗЕРЕ – қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.
АЙЗИБА – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба – сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
АЙЗИЯ – қазақтың сөзі ай + зия – араб тілінен алынған зийна – жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
АЙКҮМІС – қазақтың сөзі ай + күміс – сұлу, әдемі, көркем.
АЙМАН – қазақ тілінен— белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен – ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.
АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙНА – араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.
АЙНАГҮЛ – тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.
АЙНАША – айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.
АЙНҰР – қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
АЙПАРА – қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.
АЙСӘУЛЕ – екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.
АЙСҰЛУ – екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
АЙТОЛДЫ – бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
АЙША – араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше – ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.
АЙШАЙЫМ – Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.
АЙШОЛПАН – Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМ – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
АЙЫМГҮЛ – менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМЖАН – айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМША – ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.
АҚАЙША – аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
АҚБАЛА – сұлу, әдемі қыз бала.
АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
АҚБӘТЕС – ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.
АҚБОТА – бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
АҚЖІБЕК – Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия – жарық, сәуле, арай.
АҚҚАЛ – қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол – бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
АҚҚЫЗ – аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.
АҚМАРАЛ – бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.
АҚТАМАҚ – бейнелеу түрінде қойылған есім.
АҚТОҚТЫ – төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.
АҚЛИМА – араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.
АЛҚА – асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
АЛМА – қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
АЛТЫН – кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.
АЛУА – араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.
АМАН – сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
АНАР – иран тілінен – қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.
АНИСА – араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.
АРАЙША – арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.
АРДАҚ – құрмет, қадір.
АРНА – бір адамға бағыштау, арнайы қою.
АРУ – сұлу, көркем.
АРШАТ – араб тілінен – адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.
АСИЯ – иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел).
АСЫЛ – араб тілінен алынған әсил – негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.
АСЫЛЖАН – асыл және жан сөздерінен – мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.
ӘБИБА – араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.
ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.
ӘДИБА – араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.
ӘДИЛА – араб тілінен алынған әдил-ғадія – әділдік, шыншылдық, турашыл.
ӘДИНА – иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген; жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.
ӘДИЯ – араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.
ӘЗИЗА – араб тілінен — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.
ӘЗИМА – араб тілінен — ұлы, мәртебелі әйел.
ӘИГЕРІМ – әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.
ӘЙНЕК – араб тілінен алынған эйн — көз; қайнар бұлақтың көзі.
ӘЛЕМГҮЛ – әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.
ӘЛИМА – араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.
ӘЛИПА – араб тілінен алынған алиф — қолға ілінген, дос, жолдас; араб әліппесіндегі бірінші әріп.
ӘЛИЯ – араб тілінен алынған — құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері – Ғалия, Қалия, Әлиша.
ӘЛФИЯ – араб тілінен — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.
ӘМИЛА – араб тілінен – қызметші, жұмыскер.
ӘМИНА – араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.
ӘМИРА – араб тілінен алынған әмір
ДАЙАНА – латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.
ДАМИРА – жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».
ДАНА – иран тілінен — білгір, данышпан.
ДАНАГҮЛ – иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.
ДАРА – қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
ДАРИҒА – иран тілінен — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім.
ДАРИЯ – иран тілінен — теңіз, ұлы өзен.
ДӘЛИЛА – араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.
ДӘМЕЛІ – үмітті, үміткер.
ДӘМИНА – араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі – Дамина.
ДӘНЕШ – иран тілінен — білім, ғылым.
ДИДАРА – иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.
ДАНЕШ – иран тілінен — знание, наука.
ДИЛА – грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.
ДИЛЬНАЗ – парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.
ДИНАРА – араб тілінен – алтын тиын, ақша.
ДҮНИЯ – араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік.
ДҮРИЯ – иран тілінен алынған дуруйе – жібектен тоқылған әдемі мата.
ДІЛАРА – иран тілінен – көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.
ДІЛБАРА – иран тілінен – сүйікті, өте сұлу.
ЕРКЕ – айтқанын істететін шолжың, еркін.
ЖАЗИРА – араб тілінен – ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.
ЖАЙНА – гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.
ЖАМАЛ – араб тілінен — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.
ЖАМАЛИ – араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.
ЖАМИҒА – араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.
ЖАНАН – тәжік тілінен алынған джонон — жан аямасдос, жан жолдас.
ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.
ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.
ЖАНАТ – ең асыл, көркем, керемет, рахат.
ЖАНЕРКЕ – қараңыз: Еркежан.
ЖАНИПА – иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон – яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.
ЖАНИЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.
ЖАННА – көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.
ЖАННАТ – араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.
ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.
ЖАНСҰЛУ – жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
ЖӘЛИЛА – араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.
ЖӘМИЛА – араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.
ЖЕҢІСГҮЛ – (қараңыз: Гүлжеңіс).
ЖҰЛДЫЗАЙ – жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.
ЖҰМАБИКЕ – араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.
ЖҮПАР – хош иіс.
ЖІБЕК – мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.
ЗАҒИЛА – араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.
ЗАҒИПА – араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» – қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.
ЗАҒИРА – (қараңыз: Зағила).
ЗАЙДА – иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАЙРА – араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАЙТУНА – бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.
ЗАҚИРА – араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАМИЛИЯ – араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАМИРА – араб тілінен – асыл арман, тәтті қиял, ой.
ЗАРА – иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.
ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.
ЗӘКИЯ – араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗӘМЗЕГҮЛ – араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.
ЗӘМЗАМИЯ – араб тілінен — су тасушы.
ЗӘРИПА – араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.
ЗӘУРЕ – араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.
ЗЕЙНЕП – араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.
ЗЕЙНЕГҮЛ – араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.
ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.
ЗЕРЕ – иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.
ЗИБА – иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.
ЗИБАГҮЛ – гүл сияқты әдемі, сұлу.
ЗИЛА – араб тілінен — таза, ашық, айқын.
ЗИНИРА – араб тілінен – безенген көрікті, көркем.
ЗИНИЯ – араб тілінен – безенген, әшекейленген, сәнденген.
ЗИЯ – араб тілінен алынған зийна – жарық, сәуле.
ЗИЯГҮЛ – гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.
ЗИЯДА – араб тілінен алынған зиада – артықша, ерекше, тамаша.
ЗУРА – (қараңыз: Зәуре).
ЗҮБАЙДА – араб тілінен – таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген.
ЗҮБАЙРА – араб тілінен – күшті, ақылды.
ЗҮЛФИЯ – араб тілінен – бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.
ЗҮМРАТ – иран тілінен – қымбат, бағалы тас.
ЗЫЛИҚА – араб тілінен – жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.
ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.
КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.
КЕЛБЕТ – көрік, ажар, әр, тұлға.
КЕНЖЕ – ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.
КЕҢЕСГҮЛ – жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.
КЕРІМБАЛА – керемет сұлу қыз бала.
КЛАРА – латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы.
КҮБАРА – араб тілінен алынған кубра – үлкендер, ұлылар.
КҮЛАЙ – гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.
КҮЛАЙХАН – гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі – Күлән.
КҮЛАЙША – тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.
КҮЛӘНДА – тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.
КҮЛӘСИЯ – иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.
КҮЛБАҒИЛА – иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.
КҮЛБАҒИРА – иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.
КҮЛБАЛА – кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.
КҮЛИРА – иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.
КҮМІСАЙ – қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
КҮНАЙ – күн мен айдай болсын деп қойылған есім.
КҮНСҰЛУ – күндей сұлу, әдемі.
ҚАЗЫНА – араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
ҚАЛАМҚАС – жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.
ҚАМАРИЯ – араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.
ҚАМҚА – қытай жібегі, жұқа
Айт
Мейрам атаулының бәрін арабша «ғийд» деп атайды. Қазақ тілінде оразадан кейінгі және құрбан шалатын кездегі 3 күндік мерекені «айт» дейді. Осы екі мейрамда өмір есігін ашқан сәбилерге жеке тұрып та, біріккен сөздің құрамында келіп те айт деген есімдер қойылған. Айтмұқамбет есімі де арабтың ғийд – айт деген сөзі мен пайғамбарымыздың атынан біріккен. Тікелей мағынасы «Мұхаммед пайғамбардың айты, мерекесі» деген изафеттік тіркестегі бұл есім – жалпы мұсылман қауымына ортақ, қазақ халқында кең таралған есім. Бұрын 19 облыс болған ұлан-байтақ жеріміздің әр өңірінде фонетикалық өзгеріске ұшырап, түрліше қалыптасқан, алайда шығу тегі – бір.
Ақ
«Ақ» сөзі – бүкіл түркі тілдеріне ортақ төл сөзіміз. «Ақ» сөзі» мен парсының «б ө – б ә к» сөзінің бірігуі арқылы А қ+бөпе есімі жасалған. «Ақ» пен «кенже» сөзі бірігіп Ақкенже есімі жасалған. Екі сыңары да – өзіміздің төл сөздеріміз.
Ай
«Ай» – түркі халықтарына ортақ сөз. Есімдері «ай» сөзімен байланысты қазақта Айгүл, Айзада, Аймангүл секілді аттарды көптеп келтіре беруге болады. Ай+гүл – бірінші түбірі таза түркілік, екінші түбірі – парсы сөзі. Айдың аясындағы гүл.
Ай + зада есімі де екі түбірден тұрады: екінші түбірі – парсы сөзі. Бұл есімнің беретін мағынасы: айдан туған, айдан жаралған. Аймангүл есіміне байланысты бірнеше түсініктеме беруге болады. Бірінші нұсқа – арабтың «Һәйман»және парсының «гол» (гүл) деген сөздерінің қосындысы. Беретін мағынасы: ғашық+гүл.
Бақыт
Бақыт, Бахтияр, Нағима есімдерінің беретін мағыналары ұқсас. Алдыңғы екі есімнің жасалуына арабтың «бәхт» сөзі негіз болып тұр.
Бахтияр есімінің екінші сыңары – «иар» деген парсы сөзі, мағынасы: «дос, жар». Демек, екі түбірден (бәхт + йар) құралған бұл есімнің беретін мағынасы: бақыт жар болсын, бақ жаныңда жүрсін.
БАСЫ – НУН, ОРТАСЫ – ҒАЙН, АЯҒЫ – МИМ түбірінен жасалған есім – Нағима. Нығымет || Нәмет деген есімдермен түбірлес Нағима араб тілінде «бақыт» деген мағынаны білдіреді.
Болат
Парсының «пулад» деген сөзіне барып тірелетін болат деген сөз бар, синонимі құрыш. Н.Островскийдің «Как закалялась сталь» деген романының «Құрыш қалай шынықты» деген аудармасын бәріміз оқығанбыз. Зейін Шашкиннің «Тоқаш Бокин», «Теміртау» романдарында Құрышпай деген жағымды кейіпкер бар болатын. Шежіреде Болатқожа дейтін ата бар. Демек, «ең мықты» деген ұғымдағы болат, құрыш сөздері жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде де бұрыннан қолданылған.
Гүл
Парсының «гол» (гүл) сөзі көптеген қызымыздың есімдерінің жасалуына ұйытқы болып тұр. Бабаларымыз емін-еркін өмір сүрген атамекенімізде, кең-байтақ жерімізде алуан түрлі гүлдердің жайқалғаны хақ. Сол бір кезеңдерге ой өткелдері арқылы үңілер болсақ, «шешек, бәйшешек» деген сөздерді жиі ұшыратамыз. Кез келген кірме сөздің көбінің бір дағдысы бар. Ол – есіктен кіріп, төрге өрлеу. Көлемі – шағын, айтылуы – ықшам, әрі әуезді «гүл» сөзі де шешек сөзін ығыстырып, доминанттық рөлге ие болғанға ұқсайды. Күлдархан Гүлдархан есімінің шығу төркінін былай қарауға болады.
Хан, Қожа, Шаһ
Жұмахан – араб және қазақ сөздерінен құралған есім: «жұма» – апта күнінің арабша аталуы, «жиын» деген мағынаны білдіреді. Екінші сыңары «х а н» – өзіміздің төл сөзіміз.
Таза қазақ есімдері
Мәкен есімі таза қазақ есімі екен. Бала тұрмай жүрген үйде өмірге келген сәбиге «мә, кел» дегенді негізге алып қойса керек. Орынбасар – екі түбірдің бірігуінен жасалған есім. Зат есім мен есімшеден бірігіп есім сөзге айналған бұл сөз әуелде жалпы есім, кейін жалқы есім болып қалыптасқан. Алдыңғы баланы жоғалтқан жағдайда қойылатын есім. Тәңірберген есімі өзіміздің екі төл сөзіміздің бірігуінен жасалған. Халқымыз «Тәңір» сөзін жеке бір табынушылық объектісі деп қарамаған, «Алла, Құдай, Жаратқан» сөздерінің синонимі деп білген. Біздің ата-аналарымыздың тілегінде бек те, бай да, хан да, ханым да, қожа да, бибі де, шаһ та, ақ та, бақта, нұрда, ай да, күн де, гүл де, құрыш та, қылыш та, қорған да, мейрам да, үміт те, өмір де бар екен.
Адам есіміне тағдыры жасырылған ба?
Ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Анығы – кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Яғни есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқарады.
Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақырып қойылмаған есімдер ақырзаманда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді-мыс.
«Адам есімінде оның тағдыры жасырылған» деген пікірді растау үшін оқымыстылар зерттей келіп, көптеген қорытындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлердің көбіне денсаулықтары мықты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Рашид есімді жігіттер әр қадамын ұсақ-түйегіне дейін ойластырып, есеппен басатын, қулау, әйелқұмар болып келеді екен. Әділ есімді жігіттер табиғатынан сақ, достыққа адал, тез сүйіп қалғанмен қыдырымпаздыққа жоқ болса, Мұхтарлар алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, іскерлік қасиеті мол, кез келген тығырықтан шыға алатын жандар болып келеді екен. Серік есімді жігіттер бақытты болып туса, Қуаныштар – өз беттерімен өмір сүруден қатты қорқатын, өмірдің бәрі мәңгілік қуаныш, күлкі, той болса екен деп тұратындар.
Ал Мақпал есімді қыздардың бойында артистік қасиет басым, энергиясы мол, толықтыққа бейім болып келетіні дәлелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақпал Жүнісоваға біршама дәл келетін сияқты. Ал Гүлнәр есімді қыздардың құлағы сақ, қимылы ширақ, Гүлбанулар болса – пысық, жігерлі.
Сондай-ақ адам есіміндегі әрбір әріптің өзіндік құпия мән-мағынасы бар. Оны төменнен оқуыңызға болады.
Есімдегі әріптердің мән-мағынасы
А-Ә – күш, билік, салтанат; Б – биік сезімге бейімділік, тұрақтылық; В – тұрақсыздық, жүйеліліктің жоқтығы; Г – құпиялылық, болмашыға мән берушілік, тиянақтылық; Д – көпшілдік, ақжарқындық, кінәмшілдік; Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмарлық; Ж – өзіне деген сенімсіздік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік; З – материалдық тұрғыдан қанағаттанбаушылық, жоғары сезімталдық; И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбітшіл; К-Қ – төзімділік, күйгелектік; Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табушылық; М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, алғыр ой; О – ерекше сезімталдық, құпия толғаныс; П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы түріне мән беру; Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С – билікке құмартушылық, кінәмшілдік; Т – идеал іздеушілік, сезімтал шығармашылық тұлға; У – жараланғыш, үркектік, …, интуиция; Ф – жұмсақтық; Х – сексуальдық проблема, заңға бағынғыштық, сезімнің екіұдайлығы; Ш – қызғаншақтық, әзілқойлық; Ы – іспен көрінушілік; Я – өз орнын бағалай білушілік, зиялылық, шығармашылық бейімділік.
Сондай-ақ есімдері түрлі әріптен басталатын ерлі-зайыптылар, бір әріптен басталатын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екендігін, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады.
Қорытынды сан (31). Яғни, 1-9-ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкес-тендіріледі. 31-бұл (3+1=4).
Міне, осы 4 саны сіздің есіміңіздің саны болып есептеледі.
Назар аударыңыз!
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер
А-Ә-1
|
Е-5
|
Л-2
|
Р-2
|
Х-5
|
Ы-І-1
|
Б-2
|
Ж-2
|
М-4
|
С-3
|
Ц-3
|
Ь-1
|
В-6
|
З-7
|
Н-Ң-5
|
Т-4
|
Ч-7
|
Э-6
|
Г-Ғ-3
|
И-Й-1
|
О-Ө-7
|
У-Ұ-Ү-6
|
Ш-2
|
Ю-7
|
Д-4
|
К-Қ-2
|
П-8
|
Ф-6
|
Щ-9
|
Я-2
|
1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.
2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.
3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.
4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.
5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.
6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.
7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.
8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.
9. Марс: қайратты, қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.
Мен – Зере
7 + 5 + 2 + 5 = 19 = 1 + 9 = 10
Әпкем – Ұлпан.
6 + 2 + 8 + 1 + 5 = 22 = 2 + 2 = 4
Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.
Сыныптасым – Жансая.
2 + 1 + 5 + 3 + 1 + 2 = 14 = 1 + 4 = 5
Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.
Лейла
2+5+1+2+1=11=1+1=2
Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.
Анель
1 + 5 + 5 + 2 = 13 = 1 + 3 = 4
Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.
Ат қою рәсімдері
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны,
он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал.
Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.
Ырымға байланысты ат қою
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты
құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып,
бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере,
шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң.
Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай
орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын,
қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді
қоймаған жөн.
Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған
байланысты болады», – деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына
қаншалықты ықпал етеді?
Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың
басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі.
Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда
болды. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне
айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын,
баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен
ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған.
Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген
ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған.
Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Қазақтың салт-дәстүрін
зерттеушілердің бірі Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке
бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды.
Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші
кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап
жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан
шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына
есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар.
Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр
Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты
он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай,
Ошақбай, Тезекбай.
3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір,
Шымырбай.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен,
Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай,
Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою.
Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен
жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек,
Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай,
Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса,
Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік
өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс,
Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат,
Мұрат.
13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай,
Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған,
Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға
үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.
Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай:
Ежелгі түркі есімдері Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас
(«Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»),
Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»),
Ғани («бай»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал
(«әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік
(«патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»),
Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»),
Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»),
Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), раушан
(«көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).
|
Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш,
ақын болсын деп – Абай,
батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс,
ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады.
Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым.
Абылай («ата, әке») ——————————– Аида («сыйақы, пайдалы»)
Әсел («бал») —————————————— Әмина («сенімді»)
Асхат («бақытты, сәтті») —————————- Ғазиза («сүйікті, қымбатты»)
Ғани («бай») —————————————— Данияр («жақын, таныс»)
Динара («күміс ақша») —————————— Жамал («әдемі, тартымды»)
Қадір («құрметті») ———————————– Қайрат («күшті, қуатты»)
Мәлік («патша») ————————————– Мұхит («мұхит, қоршаған орта»)
Мұхтар («ерекше, таңдамалы») ——————– Рәзия(«сүйікті, тартымды»)
Сәбит («нық, сенімді») —————————— Айдана («ақылды, дана»)
Айнагүл («таза, мөлдір») —————————- Ахан («темір»)
Бақтияр («бақытты, қалаулы») ——————— Бибігүл («Гүл шашқан ханым»)
Дана («данышпан, ақылды») ———————— Жәния («нәзік жанды»)
Раушан («көрнекті, ашық – жарқын») ————– Рүстем («батыр, ер – жүрек»).
Осындай мәліметтерді қарастыра отырып өз сыныптастарыммен, туыстарыма мынадай сауалнама жүргіздім:
1. Өз есімің ұнай ма?
Ұнайды –
Ұнамайды –
Яғни барлық адамға өз есімдері ұнайды екен. Бұл да қуантарлық жай деп ойлаймын. Өйткені әр адамға өзіне қатысты нәрселердің барлығы қуаныш әкелуі қажет деп ойлаймын. Сонда ғана алдыңа қойған мақсатыңа жету жеңіл болады.
2. Өз есімің жайлы білесің бе?
Білемін –
Білмеймін –
Бұл сауалнамадан кейін мен достарыма есімдері туралы мәліметтер беріп, әрбір баланың есімінің мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне көмек жасауды ұйғардым.
Өз есімің ұнай ма?
Ұнайды –
Ұнамайды –
Қорытынды
Зерттеуді аяқтай келе мынандай тұжырымға келдім:
Адам баласы туылғанда азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып, ата – анасының үмітін ақтау қажет.
220x523
Добавить рекламное обьявление
БІЗГЕ ҚОСЫЛ
Қазақша есімдер. Ер бала мен қыз балаға арналған әдемі қазақша есімдер. Ат қою
Ат қою рәсімдері
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.
Ырымға байланысты ат қою
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», — деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқызса, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы», — дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс.
Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп, әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қа-луы ықтимал деп жорыған» (Ю.Бошняков, Денсаулық, 1991, № 11, 25 бет). Иә, баласының атын ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұру деп қабылдаған. Өмірінде күрт өзгеріс болған, мысалы, күйеуге шыққан қыздардың тегін өзгертуі де осындай түсініктен шыққан дейтіндер де бар. Бәрі мүмкін. Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғ- ни, 8-9 атты бірақ қою дәстүрі қалыптасқан. Оны Бразилия мен Мексиканың телевизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе — Игнасио деген шұбалаңқы есім айтылмайды ма? Бұл жақта өзіне осындай шұбалаңқы есім қойылған бала өсе ке-ле солардың ішінен бір атты таңдап алып, туған-туыс, жолдас-достарына сол есіммен өзін атауды өтінетін көрінеді. Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болғанда шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген). Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тә-різді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айналдырған.
Республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған бір мақалаға арқа сүйесек, 24 жылда 20 баланы дүниеге әкелген Қамаш апай қыз бала тоқтап, орнына ұл келсін деген ырыммен 8 қызының есімін Тоқтар деп атапты.
Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қоярда ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.
Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
1. Балаға артық сауса- ғына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай. 3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.
Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірі- мен ыстық қарым-қатынасы-ның нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып, сол халықтың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан.
Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай: Ежелгі түркі есімдері Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат
(«бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын,
таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»),
Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).
Бұрындары қазақ халқында біріккен сөздерден тұратын, яғни, әрбір сөз, есімнің бірінші әрпін бір-біріне қосып қойылатын есімдер де болатын. Солардың бірі – МЭЛС. Ол Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген есімдердің бірінші әрпінен тұрады. Сондай-ақ, қала аттарымен (Ирак, Бағдат) балаларды атау да орын алды. Құдайға шүкір, қазір балаларын орысша атау (Мила, Света, Тимур) да тиылды.
Адам атына планеталардың ықпалы Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол.
Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туған-дарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән. Есімдері түрлі әріптен баста- латын жас жұбайлар есімдері ұқсас, бір әріптен басталатын адамдарға қарағанда бақытты өмір сүреді екен. Мәселен, Марат, Хасен. 4+1+2+1+4=12. 5+1+3+5+ 5=19. 12+19=31. Қорытынды сан (31). Яғни, 1-9-ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкес-тендіріледі. 31-бұл (3+1=4).
Міне, осы 4 саны сіздің есіміңіздің саны болып есептеледі. Назар аударыңыз!
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қа- лыптасатын ерекше қасиеттер:
1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: кө- семдер, асқақ көңілді тә-каппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.
2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшыл-қиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар.
3. Юпитер. Кеңпейіл, оп- тимист, адамның тілін та-ба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар.
4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады.
5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды.
6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш.
7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар.
8. Сатурн. Ішкі жан-дү-ниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады.
9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді.
Қазақ ер азаматтарының есімдері
Абай...Айнан
Айрат...Ален
Алмабай...Аян
Әбдуали......Әбуғалым
Әбунасыр...Әшир
Баба......Байсал
Байсан...Береке
Берен...Бірлік
Ғаббас...Ғұмар
Дабыл...Ділдабек
Егізбай...Ешмұхамбет
Жабағы...Жігер
Зайт... Зікірия
Ибат...Иса
Кабир...Кунту
Қабай...Қыдыр
Латиф...Лұқпан
Мағаз...Мышырбай
Нағи...Нысынбай
Обай...Ошақбай
Өжет...Өтетілеу
Пазыл...Пірәлі
Рабат...Рүстем
Сабаз...Сырмұхамбет
Табар...Тілеміс
Уайыс...Уәли, Уәлі
Ұзақ...Ұлықбек
Үдербай...Үстем
Фазыл...Фахир
Хабиб...Хұсайын
Шабай...Шілдебай
Ыбырай...Ыстамбақы
Ібни...Ісмет
Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері
Абира...Асылтас
Әбіба...Әужа
Бағила...Бүлдіршін
Гаухар...Гүлшаш
Ғазиза...Ғафура
Дайана...Ділдә
Ерзада...Еркежан
Жазира...Жібек
Зағила...Зылиқа
Индира...Ирада
Кабира...Күнсұлу
Қазиза...Қырмызы
Лазым...Ләтипа
Мағрипа...Мүштәри
Нағиза......Нұршара
Озария...Орынша
Өміргүл...Өрзия
Пана...Перизат
Рабия...Рухия
Сағида...Сындыбала
Талжан...Тұрсынай
Уәзипа...Уәсима
Ұлбала...Ұрқия
Үмігүлсім...Үрия
Фазила...Фируза
Хабиба...Хафиза
Шабал...Шырынгүл
Ырысалды...Ырысты
Інжу...Іңкәр
ОҢЛАСЫН – қазақтың төл есімі. Түбірі қалау райындағы «оңда» (жарылқа) сөзінен шыққан. Жаңа туған сәбиге «Тәңір жарылқасын, бақыты ерте оянған азаматтардың қатарынан көрінсін» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы
РӘБИҒА – арабтың «Рабии», яғни «төртінші бала» деген сөзінен шыққан. Алланың сүйген құлдарының бірі, сопы әулие Рабия Балқия (Ауғанстан аумағындағы қазақтар мен түріктер көп шоғырланған Балық қаласы) отбасында туылған төртінші бала болған. Сосын оған осы есімді лайық көрген. Мұқым мұсылман қауымы жаңа туған қыз балаға осы есімді ырымдап қоятын болған.
НӘРКЕС – қазақтың қыз балаға қоятын ырымды ныспысы. Жаңа туған сәбидің көзі тұнық, әдемі болса, осы есімді беретін болған. «Тіл-көзден аман жүрсін, әдемі ару болсын» деген ниетпен қойылады. Және де бақшада өсетін күлтесі ақ немесе сары түсті, хош иісті гүлді де НӘРКЕС деп айтады. Ел ішінде сирек кездесетін есімдер қатарына жатады.
ЖАНТІЛЕУ – қазақтың «жан» (рух) және «тілеу» (тілек, үміт, арман-мақсат) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Жаңа туған сәбиге жан тілеуім (бар тілегім) осы баламның үстінде деген ниетпен қойылатын ырымды ныспы. Яғни «осы сәбиімнің өмірдегі бар тілегі қабыл болсын, әрдайым жолы ашық болсын» деген мағына береді. Және де қазақ халқы есімге «Жан» сөзін еркелету мақсатында да тіркейді, «Жанерке, Жанболат» деген сияқты. ЖАНТІЛЕУ – ел ішінде өте сирек кездесетін есім.
ФАЗЫЛ – қасиетті Құран Кәрімнен алынған арабша есім. «Адал, мейірімді жан» деген мағынаны білдіреді. Жаңа туған сәбиге «Жаратқанның сүйген құлдарының қатарында болып, мейірім-шапағатына бөленсін» деген ниетпен қойылады. Бұл күндері сирек кездесетін ныспылар санатында.
Мәнсия – арабтың «білімпаз», «білім сүйгіш» деген мағына беретін сөзінен шыққан. Халқымыз бала ақылды, білімге құмар, ынталы болып өссін деген тілекпен қоятын болған
ІҢКӘР – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің бірі.
МАЙРА – парсының «маһире» сөзімен төркіндес есім. Моншақ мағынасында қолданылады. Қазақ арасында жиі кездесетін есім. Бастапқы мағынасынан ажырап, қазақ ішінде май айында туылғандарға қойылатын ат сияқты болып кеткен. Өзге мұсылмандар арасында «Маһире» түрінде қолданылады.
АЙНА – парсы сөзі. Мағынасы «жарқын, таза» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге «жаны жайсаң, жүзі жарқын, ары таза жан болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспылардың бірі.
ЗӘУРЕШ – арабтың «зәхра» (нұрлы жүз, жарқын келбет) сөзінен шыққан. Ұлық пайғамбар қызы Фатиманы осылай деп атайды екен. Кейін бұл есім қазақ арасына сіңіп, Зура, Зухра, Зәуре формасында қолданылатын болған. Бұл есім мұсылмандар арасында, әсіресе шиғалар ортасында, жиі кездеседі.
БИКЕШ – қазақтың төл есімі. Бойжеткен қыздар мен жас әйелдерге айтылатын мәдениетті, ибалы сөз. Және де күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан шоқ жұлдызды Бикеш деп атайды. Жаңа туған қыз балаға «қылықты, ерке, сұлу болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде өте сирек кездеседі.
ЗЕРЕ – қазақтың төл есімі. Көбіне қыз балаға қойылады. Көне түркі тілінде іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиімді және де кіреукенің кеуде мен арқа жақтарына темір не болат тақташалар қосылып өрілетін сауытты осылай атайтын болған. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қойылатын есім.
МЕРЕКЕ – қазақтың төл есімі. «Салтанат», «Шаттық» деген мағыналарды білдіреді. Жаңа туған сәбиге өмірі шаттыққа, салтанатты сәттерге толы болсын, әрқашан жадырап жүрсін, ата-анасының көз қуанышына айналсын деген ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін ныспылардың қатарына жатады.
Мәриям – кісі есімдері туралы ғылым бойынша бұл есім иврит тілінен тараған. Сондай-ақ оның латын тілінен шыққаны туралы да болжамдар бар. Оның мағынасы «сүйікті», «етене жақын» дегенді білдіреді екен. Тарихта бұл есімнің даңқты және ықпалды әйел адамдарға қойылғаны белгілі. Ономастикалық зерттеулерде Мәриям, Мария есімдері «сәби әділ, турашыл болсын деген ниеттен туған» деп жазылады.
Меруерт – «інжу-маржан» сөзінің синонимі. Кейбір деректерге қарағанда, сөз төркіні парсы тілінен шығатын болса керек. Парсылар маржан тастарды «морварид» деп атайды. Алайда олар «Меруерт» немесе «Морварид» деп ат қоймайды. Соған қарағанда, бұл сөз парсы тіліне қазақ тілінен енген сөз болуы әбден мүмкін. Өйткені түркі қауымы арасында тек қазақтар ғана қыздарына осындай есім қояды.
Мәдина: араб-парсы тілдеріндегі «дин» (дін) сөзімен төркіндес болып келеді. «Мәдина» сөзін араб тілінен аударғанда, қала мағынасын береді. Қала – дін мен мәдениеттің көрсеткіші. Көп үлгі тұтар зиялы болсын деген ниетпен қойылатын есім.
Шәкизада: парсының «шах» (патша) және «зада» (адам) сөздерінің бірігуінен құралған
Ғазиз – араб тілінде «қымбат», «асыл» деген мағынаны білдіреді.
Фатима – араб тілінде «емшектен шығарылған» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың қызына қойылған делінеді.
Томирис-----------Тұмар ханша
Ұлмекен-----------Ұл көп болсын
Ажар---------------Әдемі
Дана----------------Адал, сенімді, қауіпсіз
Жалпы балалаpға есім беpгенде жақсы естілуіне емес, мағынасына мән беpу қажет. Осына есіңізде ұстаңыз.
АБИРА — тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз. АҒИЛА — араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған. АҒЛИЯ — грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат. АДЛИЯ — тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша. АЖАР — көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң. АЖАРГҮЛ — гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті. АЖАРХАН — көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы. АЗА — тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді. АИДА — араб тілінен — пайда, сый. АЙБАЛА — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім. АЙБАРША — қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз. АЙБИКЕ — екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді. АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі. АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған. АЙҒАНША — қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді. АЙҒЫЗ — айдай сұлу, көркем қыз бала. АЙДАЙ — айдай сұлу, көркем. АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана — білгір, данышпан, ғалым. АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дәриа — теңіз, үлкен өзен. АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім. АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі. АЙЗАДА — қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала. АЙЗЕРЕ — қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі. АЙЗИБА — қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба — сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу. АЙЗИЯ — қазақтың сөзі ай + зия — араб тілінен алынған зийна — жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу. АЙКҮМІС — қазақтың сөзі ай + күміс — сұлу, әдемі, көркем. АЙМАН – қазақ тілінен— белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен — ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл. АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім. АЙНА — араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек. АЙНАГҮЛ — тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия. АЙНАША — айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу. АЙНҰР — қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті. АЙПАРА — қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше. АЙСӘУЛЕ — екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған. АЙСҰЛУ — екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім. АЙТОЛДЫ — бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған. АЙША — араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше — ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша. АЙШАЙЫМ — Айша және айым сөздерінен қысқарған есім. АЙШОЛПАН — Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім. АЙЫМ — менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім. АЙЫМГҮЛ — менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім. АЙЫМЖАН — айымдай жаным деген мағынада қойылған есім. АЙЫМША — ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім. АҚАЙША — аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім. АҚБАЛА — сұлу, әдемі қыз бала. АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім. АҚБӘТЕС — ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу. АҚБОТА — бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім. АҚЖІБЕК — Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған. АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия — жарық, сәуле, арай. АҚҚАЛ — қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол — бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б. АҚҚЫЗ — аппақ, әдемі, сұлу қыз бала. АҚМАРАЛ — бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған. АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала. АҚТАМАҚ — бейнелеу түрінде қойылған есім. АҚТОҚТЫ — төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар. АҚЛИМА — араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты. АЛҚА — асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл. АЛМА — қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан. АЛТЫН — кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б. АЛУА – араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан. АМАН — сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады. АНАР — иран тілінен — қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б. АНИСА — араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора. АРАЙША — арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім. АРДАҚ — құрмет, қадір. АРНА — бір адамға бағыштау, арнайы қою. АРУ — сұлу, көркем. АРШАТ — араб тілінен — адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды. АСИЯ — иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел). АСЫЛ — араб тілінен алынған әсил — негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты. АСЫЛЖАН — асыл және жан сөздерінен — мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді. АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық. ӘБИБА — араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем. ӘДИБА — араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші. ӘДИЛА — араб тілінен алынған әдил-ғадія — әділдік, шыншылдық, турашыл. ӘДИНА — иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген; жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина. ӘДИЯ — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту. ӘЗИЗА — араб тілінен — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты. ӘЗИМА — араб тілінен — ұлы, мәртебелі әйел. ӘИГЕРІМ — әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен. ӘЙНЕК — араб тілінен алынған эйн — көз; қайнар бұлақтың көзі. ӘЛЕМГҮЛ — әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы. ӘЛИМА — араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел. ӘЛИПА — араб тілінен алынған алиф — қолға ілінген, дос, жолдас; араб әліппесіндегі бірінші әріп. ӘЛИЯ — араб тілінен алынған — құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері — Ғалия, Қалия, Әлиша. ӘЛФИЯ — араб тілінен — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші. ӘМИЛА — араб тілінен — қызметші, жұмыскер. ӘМИНА — араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті. ӘМИРА — араб тілінен алынған әмір ДАЙАНА — латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты. ДАМИРА – жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а». ДАНА — иран тілінен — білгір, данышпан. ДАНАГҮЛ — иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім. ДАРА — қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім. ДАРИҒА — иран тілінен — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім. ДАРИЯ — иран тілінен — теңіз, ұлы өзен. ДӘЛИЛА — араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы. ДӘМЕЛІ — үмітті, үміткер. ДӘМИНА — араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі — Дамина. ДӘНЕШ — иран тілінен — білім, ғылым. ДИДАРА — иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім. ДАНЕШ — иран тілінен — знание, наука. ДИЛА – грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім. ДИЛЬНАЗ — парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік. ДИНАРА — араб тілінен — алтын тиын, ақша. ДҮНИЯ — араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік. ДҮРИЯ — иран тілінен алынған дуруйе — жібектен тоқылған әдемі мата. ДІЛАРА — иран тілінен — көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу. ДІЛБАРА — иран тілінен — сүйікті, өте сұлу. ЕРКЕ — айтқанын істететін шолжың, еркін. ЖАЗИРА — араб тілінен — ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім. ЖАЙНА — гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім. ЖАМАЛ — араб тілінен — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік. ЖАМАЛИ — араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті. ЖАМИҒА — араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы. ЖАНАН — тәжік тілінен алынған джонон — жан аямасдос, жан жолдас. ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең. ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы. ЖАНАТ — ең асыл, көркем, керемет, рахат. ЖАНЕРКЕ — қараңыз: Еркежан. ЖАНИПА — иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон — яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі. ЖАНИЯ — иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем. ЖАННА — көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін. ЖАННАТ — араб тілінен — бақ, жұмақ бағы. ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған. ЖАНСҰЛУ — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім. ЖӘЛИЛА — араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты. ЖӘМИЛА — араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы. ЖЕҢІСГҮЛ — (қараңыз: Гүлжеңіс). ЖҰЛДЫЗАЙ — жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған. ЖҰМАБИКЕ — араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш. ЖҮПАР — хош иіс. ЖІБЕК — мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған. ЗАҒИЛА — араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира. ЗАҒИПА — араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» — қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша. ЗАҒИРА — (қараңыз: Зағила). ЗАЙДА — иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАЙРА — араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАЙТУНА — бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті. ЗАҚИРА — араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАМИЛИЯ — араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАМИРА — араб тілінен — асыл арман, тәтті қиял, ой. ЗАРА — иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім. ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай. ЗӘКИЯ — араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗӘМЗЕГҮЛ — араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді. ЗӘМЗАМИЯ — араб тілінен — су тасушы. ЗӘРИПА — араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі. ЗӘУРЕ — араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра. ЗЕЙНЕП — араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты. ЗЕЙНЕГҮЛ — араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі. ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі. ЗЕРЕ — иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы. ЗИБА — иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа. ЗИБАГҮЛ — гүл сияқты әдемі, сұлу. ЗИЛА — араб тілінен — таза, ашық, айқын. ЗИНИРА — араб тілінен — безенген көрікті, көркем. ЗИНИЯ — араб тілінен — безенген, әшекейленген, сәнденген. ЗИЯ — араб тілінен алынған зийна — жарық, сәуле. ЗИЯГҮЛ — гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш. ЗИЯДА — араб тілінен алынған зиада — артықша, ерекше, тамаша. ЗУРА — (қараңыз: Зәуре). ЗҮБАЙДА — араб тілінен — таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген. ЗҮБАЙРА — араб тілінен — күшті, ақылды. ЗҮЛФИЯ — араб тілінен — бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы. ЗҮМРАТ — иран тілінен — қымбат, бағалы тас. ЗЫЛИҚА — араб тілінен — жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха. ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді. КЕЛБЕТ — көрік, ажар, әр, тұлға. КЕНЖЕ — ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз. КЕҢЕСГҮЛ — жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала. КЕРІМБАЛА — керемет сұлу қыз бала. КЛАРА — латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы. КҮБАРА — араб тілінен алынған кубра — үлкендер, ұлылар. КҮЛАЙ — гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім. КҮЛАЙХАН — гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі — Күлән. КҮЛАЙША — тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем. КҮЛӘНДА — тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі. КҮЛӘСИЯ — иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз. КҮЛБАҒИЛА — иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді. КҮЛБАҒИРА — иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші. КҮЛБАЛА — кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала. КҮЛИРА — иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр. КҮМІСАЙ — қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім. КҮНАЙ — күн мен айдай болсын деп қойылған есім. КҮНСҰЛУ — күндей сұлу, әдемі.
Айнұр — ақ айдай нұрлы келеді,
Айгүл — үнемі гүлдей береді.
Айжан — о, жаны сұлу, тартымды,
Айман — мәңгіге сезім себеді.
Айсулу — жүрегі жарық — арайлы,
Айдана — қиылып, әй-әй қарайды.
Әйгерім — пах, қандай өзі әдемі?
Айсара — адалдық, сенім қалайды.
Әсел — тәп-тәтті балдай тамады,
Әсем — әрқашан, әсем қалады.
Асыл — эх, аңсаған арман ғой,
Сауле — жаныңды жаулап алады.
Қарлығаш — қанатты, қайсар қыз дейді,
Сандуғаш — мә, сұлу... Қайтсын біздейді?
Фарида — табылмас — жылы жүрегі,
Жазира — мінезі қатты, мұз дейді.
Ажар — ажармен — бәрін таң қылды,
Шынар — о, уау! Көзбен талдырды...
Анар — шекердей, ерні қып-қызыл,
Жанар — жанары — мұңға малдырды.
Айтолқын — сөзімен ойды баурайды,
Дариға — еркелеп, көңіл аулайды.
Динара — мінезі ай-хай, баршылық!
Айбөпе — есімі, бәрін жаулайды.
Үміт — оу, шіркін! Сондай... Сөз жетпес,
Талшын — арман-ай... Ия, ия қол жетпес.
Анель — нәп-нәзік, ғажап, әдепті,
Ардақ — көңілден, естен — еш кетпес...
Қарақат — кірпікке кірпік жалғапты),
Гүлбану — жайдарлы, ашық, салмақты.
Меруерт — күлкісі... Тфай-тфай, дәл күндей,
Арайлым — ақылды, пысық, жан-жақты...
Маржан — бриллиант, жарық күлгені,
Аида — ұнайды жеңіл жүргені.
Толқын — теңіздің соққан — жүрегі,
Жұлдыз — бағалы, жұлдыз — түндегі.
Мадина — арқашан таңдай — жайнаған,
Айсәуле — еліктей тауда ойнаған.
Гүлдана — ерекше, міне
Тақырыпқа сәйкес видеолар:
1. Қазақтанда жаңа әрі ерекше есімдер пайда болды
Ерекше есімдер
Бразилияда футболдан өткен әлем чемпионаты кезінде дүниеге келген 200-ге жуық аргентиналық сәбиге Мэсси есімі беріліпті. Ал Буэнос-Айрес пен ел астанасында шамамен 100 балаға Лионель, тағы сонша нәрестеге Леонелия аттары қойылған екен. Елімізде де дүние есігін алғаш ашқан сәбилерге алуан түрлі аттар азан шақыртылып қойылып жатады. Тіпті ата-аналар өз балаларын ЭКСПО, Шырша, Окилахон, Бриллиант деп атап, елді таңқалдырға жағдайлар да кездескен еді
аңдастырылмаған есім
Өскеменде жаңа туған баласына үнді ханшайымының есімін қойған отбасы туу туралы куәлігін ала алмай жұр. Қыздарын Лайлим деп атаған жастарға қалалық әділет басқармасы «қазақта ондай есім жоқ» деген жауап қайтарыпты. Мамандар ата-анаға бұл есімнің Ләйла, Ләйлім деген қазақша нұсқаларын ұсыныпты. Алайда, үнді аңызындағы кейіпкердің атын қалаған отбасы бұған көнбей отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |