I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда.
1.Грамматикалық категория түрлеріне тоқталыңыз. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігін мысалдар арқылы дәйектеңіз. Грамматика және категория деген терминдер – грек тілінен алынған сөздер: “грамматика” сөзінің бастапқы мағынасы – “грамма” (жазу, запись) деген сөз; “категория” – “байымдау, анықтау” деген сөз.
Лингвистикалық құралдарда грамматикалық категория дегеніміз не деген сұраққа негізі, жалпы мәні, ұзын-ырғасы бір болғанымен, әр түрлі жауап-анықтама, түсініктер беріледі.
Мәселен, О.С.Ахмановаша, грамматикалық категория дегеніміз – лингвистикалық еденицалардың немесе олардың тілдегі грамматикалық белгісі ретінде танылған кейбір кластарының ең негізгі жалпы ерекшеліктерінің бірі.
Л.И.Баранниковаша, грамматикалық категория дегеніміз – тілдің грамматикалық құрылысына қатысты, мәселен, род, сан, септік т.б. осы сияқты ірі-ірі сөздертобына тән біркелкі белгілер жиынтығы. Дәлірек айтқанда, грамматикалық категория дегеніміз – тіл сипатын белгілейтін және мағынасы сөз я болмаса сөйлем ішінде айқындалатын жалпы грамматикалық ұғымдар.
Б.Н.Головинше, грамматикалық категория – тілдің грамматикалық мағынасы мен оның материалдық белгісін айқындайтын реалды бірлігі.
Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковаша, грамматикалық категория дегеніміз – семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ортақ белгілеріне қарай біріккен ірі-ірі лексика-грамматикалық топтар.
А.Ысқақовша, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
Қысқасы, бұл келтірілген грамматикалық категория дегеннің ұғымы аса кең екендігі айқын көрініп тұр: грамматикалық категория – тіл-тілдегі ірі-ірі единицалар; тілдің ірі-ірі кластарының, топтарының жалпы, негізгі ерекшелігіне тән белгілер; тілдің грамматикалық құрылысына тән біркелкі белгілер жиынтығы; түр-сипатын белгілейтін, мағынасы сөз немесе сөйлем ішіндегі айқындалатын жалпы грамматикалық ұғымдар; тілдегі сөздердің грамматикалық мағынасы мен оның материалдық белгісін айқындайтын реалдық бірлік; семанитикалық, морфологиялық, синтаксистік ортақ белгілеріне қарай біріккен ірі-ірі лексика-грамматикалық топтар; біркелкі грамматикалық сөздер тобына тән формалар жиынтығы; өзіне тән грамматикалық формалары бар жалпы грамматикалық мағына; белгілі бір категорияға жатқызылатындар – грамматикалық мағынасы ортақ құбылыстар т.б. т.с.с.