9-тапсырма Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. 1-тапсырма. Берілген мысалдардан етістіктердің негізгі және туынды түрлерін ажыратыңыз (түбір, қосымша белгісін үстінен қойыңыз). Туынды етістіктердің қай сөз табынан жасалғанын қасына көрсетіңіз.
Ойла - жасар – таппа- баспа-
Ақта- өтін- аса- сырлас-
Бірлес- шомыл- молай- жұмса-
Жоғарыла- ойбайла – гуле- жарқыра-
Атқар- пайдалан- күтті- ақылдас-
2-тапсырма. Сөйлемдерден негізгі және көмекші етістіктерді ажыратып, жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.
Ана бүкшиіп қана отырды да, сөне бастаған шоқтай кішірейіп, өңсіздене бастады. Баласының жібек шатырынан өз туған елін, елінің қаласын көріп отыр. Аздан соң күн батып, қаланы қараңғылық орап алды, қайғысы қайта басты (Ғ.Мүсірепов).
3-тапсырма. Тіркесті түбір етістіктер (күрделі етістіктер) мен етістіктің аналитикалық форманттарын ажыратып, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Бұл сөздер көңіліне сонша жаққандықтан, Дәркенбей Абайға бұлжытпай баян етті. Михайлов Абайдың чиновниктер мінезін білмейтін аңқаулығын айтып берді. Нағашылар жақындасып келгенде, Абайлар барлық жігіттермен сәлем беріп, түсіріп алысты (М.Әуезов). Мен жалғыз жүріп кеттім. Жіңішке сүрлеу мені жаудан аман алып қалып, шөлде тезек жинап, от жағып отырған достарыма алып келе жатыр (М.Жұмабаев).
4-тапсырма. Етістіктердің қандай тұлғада жіктелгенін анықтаңыз
5-тапсырма.Етіс түрлерін ажыратып, 4 бағанға бөліп жазыңыз (жұппен)
1. Сөз осыған байланды (І.Жансүгіров).
2.Дастарқан қайта жайылды. Ойын-сауық қайта жалғасты (Ә.Кекілбаев).
3.Қонақтарға келген бойда кесе-кесе қымыз ұсынылып, шөл басысты (Ә.Кекілбаев).
4.Биылғы қыстың ұйытқыған бораны мен ақырған аязы, би аға, елді қатты жұтатып кетті. Жұтқа ұшыраған мал қатты қырылды, - деп шаруа жайын қынжыла әңгімеледі жас бала («Ел аузынан»).