I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет54/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

Т. Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне жақын, бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді Т. Қордабаев, - оның негізі өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, тағы да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз».
Р. Сыздықова өзінің «ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Автор ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби тіл болды деген пікірді ортаға салады. 
Б. Әбілқасымов «шамамен Х - ХІ ғасырдан бастап қазақ авторлары бір жағынан «шағатай» немесе «түркі» деп атанған тілді пайдалана жүріп, екінші жағынан, өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілін арқау ету арқасында сол «түркі» әдеби тілінің тағы бір жергілікті түрін қалыптастырады» деген пікір айтады. «Сөйтіп, - дейді Б. Әбілқасымов,- қазақ қаламгерлері ХІ ғасырдан өткен ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты, кейбір көркем әдебиет үлгілерін жазды».
Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі – Қ.Өмірғалиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана». «Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін ол В.В. Виноградовтың «әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің кең мағынасында, әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты», - деген пікіріне сүйенеді.
М. Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл дәрежесіне байлықтары, оның құрлысы сымбатты қалыпқа түсіп, ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет