I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Буын үндестігінің дыбыстық жүйедегі орнын нақты деректермен дəлелдеңіз



бет20/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

19.Буын үндестігінің дыбыстық жүйедегі орнын нақты деректермен дəлелдеңіз.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар 
Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1) Көмектес септік жалғауы: дon-пен, өзен-мен т.б.
2) -хана, -стақ -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-кунем т.б.
3) -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -yap: калам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, бата-гөй, қазақ-уар, сөз-уар т.б.
4) -ов, -ев, -ик Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мүнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
5) Қазак тілінде баска тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық, бей-бақ, бей-шара (би-шара), бей-тарап т.б.
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:
-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;
-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;
-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;
-хана – емхана, дәріхана;
-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;
-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;
-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);
бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлікқыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет