50.Қазақ тілі орфоэпиясы мен тіл мәдениетінің арақатынасын анықтаңыз.
Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі.Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет.Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік.Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз.Нормалар неғұрлым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым жетіле түседі.Орфоэпия(грекше orthos – дұрыс және еро – сөйлеу) – сөздер мен бунақтардың бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.Сөздердің бірізді айтылуы(сондай-ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше, белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып, көңілді алаңдатады.Мысалы, кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі:
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Жазылуы
|
Айтылуы
|
өлең
|
өлөң
|
қонған
|
қоңған
|
өзенге
|
өзөңгө
|
қонбады
|
қомбады
|
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф. – М.Балақаев.Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді.Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынасы теріс дегенді көп есітпейміз.Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді – бәрібір – айтеуір нобайы келсе болған.Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің бірі етіп қою керек.Сонда жалпылама долбармен айтқанда, жағымды, көңілге қонымды айтылғанның бәрі – нормаға жатпайды, дұрыс емес.Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуы тиіс».
Тіл білімінің бір тармағы болып саналатын «тіл мәдениеті» көптеген ғылыми-практикалық проблемаларды қамтиды.Ол тек тілдің қолданысындағы ағаттықтары мен жазудағы қателерді тауып көрсетіп отыруды ғана көздемейді.тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиіс базасын алу қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сай қалыптасқан нормаларды айқындап алуы шарт.Тіл мәдениетінің өзегі – норма.Норма тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады.
Достарыңызбен бөлісу: |