I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


ІІ. Көмекшілер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі



бет27/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

ІІ. Көмекшілер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.Көмекшілер- тілдің дамуында лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық мағынаға көшкен тілдік бірліктер. Олар алуан түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болып қалыптасқан. Оларға:
1)шылау ( және, да, дейін, -ақ);
2) көмекші есімдер (іші, сырты, асты, үсті);
3) көмекші етістіктер (еді, екен);
4) модаль сөздер (мүмкін, бәлкім, келсе деймін, кетеді білем);
5) күшейткіш көмекшілер (өте қалың, тым биік, ең жеңіл);
6) күшейткіш буындар (ұп-ұзын, қап-қара);
(Нұржамал Оралбаева бойынша)


46. Етістікке тән грамматикалық категорияларды атаңыз. Грамматикалық қызметіне тоқталыңыз.
Етістік формаларында жалпы қасиет те, жалкы қасиет те болады. Олардың алды-алдына сараланатын жалпы қасиеттеріпен бір-бірін толықтырып, бірімен-бірі селбесіп, өз ара ұштасатын жалқы касиеттерінен бүтін сөз табының —етістікке ( тән барлық сыр-сипаттары кұралады. Солай болса, етістік формаларының түр-түрін, олардыц мағыналары мен қызметтерін анықтау — етістікке қатысты сөз формаларын жан-жақты етіп талдау, білу, баяндау болмақшы. Осы түрғыдан қарағанда, талданылмақшы етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді.
1. Етістік негізі.
2. Қимыл атауы категориясы.
3. Салттық және сабактылық категориясы.
4. Етіс категориясы.
5. Болымдылық және болымсыздык категориясы.
6. Амалдын өту сипаты категориясы.
7. Есімшелер категориясы.
8. Қөсемшелер категориясы.
9. Рай категориясы.
10. Шак категориясы.
Бұл категориялардың әрқайсысының мазмұны мен формалары, сондай-ак, қызметтері төменде алды-алдына баяндалады.
1.Етістікке тән грамматикалық (парадигмалык, категориялық) формаларға да, етістіктен жасалатын барлық басқа сөз таптарына тән туынды формаларға (есім және баскаларына) да түп таяныш я түп негіз есебінде -қызмет ететін етістік-тұлға (единица) болады. Тілімізде осындай грамматикалық (категорнялык) формаларының бәріне де, сондай-ақ етістіктен жасалатын басқа да сөз таптарына тән формаларға да түп нұска, таяныш болатын ерекше тұлға (единица) бар. Осы түлға етістіктің негізі деп аталады.
Сыртқы құрылысы мен құрамы жағынан етістіктердің негіздері жалаң да және күрделі де болады. Мысалы: ал, аш, ая, бар, бас, күл, күт, көр, қос, қоры, нан, тасы, тер, сал, сен сана дегендер — жалаң түбір негіздер де, абайла, арала, ақылдас, бағала, жылтыра, зырқыра, көмектес, сақта, сырлас, тағайында,— дегендер—жалаң туынды негіздер. Ал, кемі екі я онан да көп сөздерден құралатын күрделі негіздерге: абай бол, айғай сал, жәрдем ет, алып бер, жаза сал, бас-көз бол, көз жібер, демеп жібере қой, құлақ сала жүр сияктылар жатады. Күрделі негіздер: 1) Жәрдем ет — қүранды негіз (лексикаланған), 2) алып кел-құрама негіз.
Сонымен, етістік негізі деп жалаң я күрделі тұлға арқылы тек амалдың (істің) атын ғана атайтын, яғни амалдың лексикалық мазмұнын ғана білдіретін, сол амалды істеуді ғана мегзейтін, бірақ жүзеге асырудын ешқандай да жолдарын я сатыларын және ол жөніндегі көзқарасты білдірмейтін грамматикалық форманы айтамыз.
Өзге туынды формалардын бәріне де осы негіз — етістік негізі тірек болады. Осы негізден тиісті грамматикалық көрсеткіштер арқылы туатын етістіктін мынадай грамматикалық категориялары бар.
2. Аш, айт, баң, бер, ек, ем, жаз, жай, қи, ер, сеп, сыз, тап, тер, уз, үй, шеш, ыс, іл, іш; айда, апар, әкет, болжа, бүрке, еге, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, мата, мүжі, сапыр, теже, тес, туса, түзе етістіктерін алсак, бұлардың бәрі де, қолдана қалсаңыз, кімді? нені? деген сұрауларға жауап беретін табыс септіктегі сөзге сабакталады. Әдетте, сөйлеу тілінде та- быс септіктегі сөзді, демек, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар осындай етістіктер сабакты етістіктер деп аталады.
Етістіктердің ішінде кімді? нені? деген сұрауларға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етістіктер де көп. Мысалы: ау, бар, буқ, Жат, жет, жуқ, жүр. кел, көн, күл, кір, қал, қаш, нан, оз, өс, піс, сал, ти, тол, тоң, төз, тур, тус, уш, иіық, ық, іс, айны. айық, ақса, бскі, булқын, дегді, есір, елті, жарыс, жугір, зерік, күрес, қажы, қуан, құлшын, отыр, өкін, сергі, ұмтыл, үде, арпалыс т. б. Мұндай табыс септіктегі сөзге (тура толықтауышқа) сабақталмайтын етістіктер, әдетте, салт етістіктер деп аталады.
3. Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: «ол одан жөн сұрады; олар бір-бірінен жөн сұрасты; ол одан жөн сұратты. Сонымен, етіс категориясы деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше, субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін атаймыз. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, олардың мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді: 1) не- гізгі етіс- деп өзге етіс формаларына таяныш—негіз болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы — айтамыз (бар, кел, сөйле, шөлде, ақта, арала, ңарайла, құрсаула, оян, қуан).
2) ортақ етіс- с (-ыс, -іс) жүрнағы арқылы негізгі стіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жұрнақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я онан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіреді. Мысалы, келіс, қарас, көріс.
3) өзгелік етіс-т; -тыр, (-тір, -дыр, -дір); -қыз (-кіз, ғыз, -гіз) жұрнақтары арқылы және сол жұрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негізгі етіс (етістік негізі) формасынан жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет