I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет23/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

Жатыс септік . Қазіргі түркі тілдеріндегі жатыс жалғаула рының варианттарын салыстыра қарағанда , дауысты дыбыстар ың ғайынан болсын ( кейбірінде бұлардың еріндік варианттары бар ) , дауыссыз дыбыстар жағынан болсын , негізінен — да тұлғасының айналасына топтасады . Тіл дамуының барысында бұл септік жалғауы қызметі мен етістіктерге қатысты қолданылу жа ғынан ғана кейбір өзгерістерге ұшыраған . Жатыс септік жалғау дың көне жазбалар тіліндегі қызметі мен мағыналары сыпатта : Іс - әрекеттің , заттың орын - мекенін білдіреді : Түрк сір будун йе рiнтe бод қалмады . « Түрк — сір халқының жерінде тірі жан қал мады » . Іс - қимылдың , әрекеттің уақыт , мезгілін білдіреді . Күл тегін ол сүңішде отуз йашайур ерті . « Ол соғыста Күлтегін отыз жасар еді » ( КТ ) . Орхон - Енисей жазбаларында жатыс септік тұлғасы шығыс мә нінде де қолданылған . Шығыс септік қызметіндегі жатыс септік тұлғасы іс - қимылдың шығар көзін , мекенін білдіреді : Қырқызда йантымыз . Түргес қағанта көруг келтi ( T ) . « Қырқыздан қайттық . Қазіргі қазақ тілінде жатыс септік тұлғасының мекендiк мағынада шығыс қызметінде қолданылуы актив құбылыс емес . Дегенмен , кейде жатыс пен шы ғыстың осындай мәнде семантикалық жіксіз қолданылуы сирек болса да ұшырасады : жолда тауып алды , жолдан тауып алды . Б. А. Серебренников -да тұлғасының бойында болған локатив мәндерінің морфологиялық тәсіл тұрғысынан жіктелуін -да негізін де жаңа жалғаудың қалыптасуымен түсіндіреді.
Шығыс септік қосымшаларын ескерткіштер бойынша салысты рып қарағанда мына жай байқалады : көне түркі жазбаларында қысаң дауысты варианттар да ( -тын , -тін ) , ашық дауысты вариант тар да ( -тан , -ген , -ден ) кездеседі . Сонымен қатар , көне , жаңа ұйғыр тілінде , шағатай тілінде , бірсыпыра қазіргі түркі тілдерінде шығыс септік жалғауы еріндік ( о , ө , y , y ) дауыстылармен де айтылады , жіктеу есімдіктері нің ілік тұлғасының үстіне де жалғана берген ( менiңдiң , сеніңдің , т . б . ) . Шығыс жалғауының этимологиялық негізін зерттеушілердің қайсысы да оның алғашқы бөлігі ( да - н ) жатыс жалғауы деп қа райды . Соңғы элементтің тегі жайлы әр түрлі пікірлер бар . Ряся неннің ойынша шығыс септік тұлғасы жатыс және құралдық септік тұлғаларының қосындысы 3. Рамстедт көне жазбалар тіліндегі бі рен - саран сөздерге шығыс жалғауының қабаттасып келуін ( оғуз дантан , т . б . ) негізге алып , мынадай жорамал айтады : іс - әрекеттің шығар пунктін айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының үстіне йан ( жаны ) сөзі тіркестіріле айтылған : Оғуздайан . Кейін жатыс жалғауы мен энклитиканың ( йан ) кірігіп , қысқаруы нәтижесінде -дан тұлғасы шыққан 4 . Бұл тұлға жайында соңғы кезде пікір айтқан Б. С. Серебренни ков . Ол Рясянен пікірін де , Рамстедт пікірін де толық қостамайды . Шығыс қосымшасы -да негізінде қалыптасқанын айта отырып , Б. А. Серебренников соңғы элемент ( н ) құралдық мәнді ( инструк тив ) емес , белгілі бір орыннан басқа жаққа жұмсалған қимылдың бағытын ( латив ) білдіретін қосымша деп есептейді . Қазіргі шығыс септігінің мәні мен қызметін ескерсек , ғалымның бұл пікірі шын дыққа әлдеқайда жақын . Көмектес септік . Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы — көмектес септік . Зерттеушілер көмектес септіктің мәніне жақын септік жалғауының якут , чуваш тілінде барлығын айтады . Дегенмен , арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі . Басқа түркі тіл дерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле ( білен ) шылауы ат қарады . Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі — мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арна йы жалғау -ын , -ін , -н тұлғасы айтылған . Алайда бұл тұлға ескерт кіштер тілінде бiрле шылау сөзімен жарыса қолданылған . -ын , -ін , -н тұлғасы мынадай негізгі мағыналар туғызған : іс - әре кеттің болып өткен жолын , орнын білдіреді : Ол йолын — йорысар , унч — тідім ( Т ) . « Ол жолмен жүрсе , мүмкін дедім » . Іс - қимылдың болған , болатын мекенін білдіреді : Алтун йысығ йолсузын асды мыз . Ертіс үгүзүг кечігсiзiн кечдiмiз ( Т ) . « Алтын жерін жолсызбен астым . Ертіс өзенін кешпесізбен кештім » . Іс - әрекеттің істелу құра лын , объектісін білдіреді : інгек көлүкін Тоғлада Оғуз келтi ( T ) . « Жүк тиелген көлікпен оғыздар Тоғлада келді » . Тағығ yқpyқын егмес , теңізні қайғықын бүкмес ( МҚ ) . Тауды арқанмен имес , теңіз ді қайықпен бекітпес » . Біргелік , ортақтастықты білдіреді : Күл те гiн аз ерін іртүрү ытымыз ( КТ ) . « Күлтегінді аз кісімен ілгері жібердік » . Істің істелу тәсілін білдіреді : Қыш йай біле тоқушты , қыңыр көзін бақышты ( МҚ , І ) . « Қыс жазбенен тоғысты , қыңыр көзбен бағысты » . Х - ХІ ғасырлар жазбаларында бұл жалғау мез гіл уақыт мәнінде де қолданылған : Ол қар қамуғ қышын ынар , Ашлық тарығ анын үнер ( MK , II ) . « Ол қалың қар қыста жауар , ас болатын дән сонымен өнер » .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет