I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет21/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

біріккен сөздерЕсекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтанитмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;
тіркес сөздеркеле жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.


20. Септік категориясын тарихи даму тұрғысынан түсіндіріңіз.
Жеке септіктер тарихы . Атау септік . Қазіргі түркі тілде рінің қайсысында да атау септікті сөздің түбір , негіз қалпынан бөлектейтіндей арнаулы аффикс жоқ . Атау септік тұлғасы жазбалар тілінде мынадай қызметтерде жұмсалған : Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында қолданылған : Аганияз ер ағыр бедiсміс ( M ) « Аганияз қою ( әдемі ) оюлады : Ілкі сен барғыл ( МҚ ) « Алдымен сен бар » . Атау септіктің бұл қызметі қазіргі қазақ тіліне әсте жат еместігі айқын . Зат есімдер де , есім діктер де атау тұлғасында жұмсалып , сөйлем бастауышы қызме тінде келген . Ілік септік қызметінде жұмсалуы : Білге Тоныкұқ бен өзүм таб ғач іліңе қылынтым ( Т. ) « Данышпан Тоныкұқ мен өзім табғачтың еліне қол арттым ». Табыс септік орнына жұмсалуы : iчін , та шын адынчыл бедiз уртyртым , таш тоқылдым ( КТ ) . Іші - тысын ай рықша өрнектеттім , тасты қойғыздым . Қазақ тілінде атау тұлғасының жатыс септік орнына қолданылуы әсте кездеспейтін факт. Барыс септік орнына қолданылуы : « Бабурнаме » тілінде атау тұлғаның барыс септік орнына қолданылуы кездеседі . Хіндін Герім бардыңыз . Индиядан Герiмге бардыңыз . Атау тұлғасы шығыс септік орнына жұмсалуы да кездесіп отырады : Көгмен аша қырқыз йіріңе тегi сүледіміз . Көгменнен асып қырғыз жеріне дейін шабуылдадық ( КТ ).
Ілік септік . Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілін де мына сияқты фонетикалық варианттары бар : -ың , -ін , -уң , « үң , -ның , -нің , -нуң , -наң , -нәң . Зерттеушілердің бірсыпырасы -ың жә не -ның , яғни , аффикстің ең басында -н дыбысының бар я жоғына қарай , ілік септік қосымшасының екі түрлі таралуын ( немесе қол данылуы ) болжайды . Академик В. В. Радлов өзінің Алтын Орда жарлықтары жайлы белгілі еңбегінде -ың тұлғасын негізінен ба тіліне , яки , шығыс тілдеріне тән тұлға деп есептейді . Бұл пікір есімдіктердің септелуін негізге алады . Түркологияда ілік қосымшасының этимологиясы туралы едәуір пікір айтылды . В. В. Радлов ілік септіктің алғашқы тұлғасы -ың деп қарайды да , бұның өзі о баста тәуелдік жалғауы болған , жіктеу және сіл теу есімдіктеріне ғана жалғанған дейді ( сөз орайында айта кету керек , кейін 50 - жылдары Ф. Г. Исхаков та осыған ұқсас пікір айт ты : оның ойынша , мойын , қойын , жауырын тәрізді сөздер құра мындағы -ын басқа тілдерде -ун , ескі дәуірдегі тәуелдіктің ІІІ жа ғының аффиксі . Ал -ның формасының шығуын есімдіктердің өзге ру ерекшелігімен байланыстырады ) . Әуелі есімдіктер құрамында қолданылуымен байланысты , есімдіктің соңғы дыбысы морфоло гиялық ығысудың нәтижесінде аффикстің құрамына ауысып ке туі мүмкін деп қарайды . Радловтың осы пікірін көп өзгеріссіз Богородицкий де қайталайды . Богородицкийдің түсіндіруінше , морфологиялық ығысу арқылы есімдіктер құрамында қалыптас қан -ның аналогия жолымен басқа есім сөздерге де ауысты . Кейін есім сөздер де осы -ның аффиксін қабылдайтын болды 2. Ал -ның тұлғасының құрамын Г. Рамстедт былайша түсіндіреді : алғашын да -н түрінде болған ілік жалғауы дауыссыз дыбыстарға біткен түбірлерге жалғанғанда алдынан « жалғастырушы » дауысты ды быс қосып алса керек . Содан кейін түбірдің соңғы дыбысы қосым шаға ығысудың нәтижесінде -ның қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет