Табыс септік . Табыс септік жалғауы әдетте тура толык тауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады . Осында , бір жағынан , табыс жалғауының грамматикалық қызметі айқындал са , екінші жағынан , оның негізгі мағынасы да көрсетілген . Табыс жалғауы қашан да іс - әрекет таралған тура объектіні білдіретін грамматикалық тәсіл есебінде танылды . Табыс септіктің қазіргі түркі тілдеріндегі тұлғалары бір - бірі нен соншалық алыстап кетпейді . Түркі тілдерінің көпшілігінде дерлік табыс жалғауы -н дыбысынан басталады , тек біразында ғана ( соның ішінде қазақ тілінде ) -д , -т дыбыстарынан бастала тын варианттар кездеседі . Соңғылардың пайда болуы түбір мен қосымшаның шегінде болатын дыбыс үндестігіне байланысты сөз дің соңғы дыбысының қасиетіне сәйкес келіп шыққан . Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септік жалғаулары мы на төмендегідей тұлғаларда кездеседі : 1. -Ғ , -г , -ыл , -іг , -ұғ , -уг , 2. -ы , -и , 3. -н , -ні , -ны . Табыс септік жалғауының пайда болуын бірсыпыра зерттеу шілер ілік септік тұлғасымен байланыстырады . А. Н. Кононов та быстың көне түркі тіліндегі тұлғасы -F ( -ыл , -іг ) ілік септік жал ғауы құрамындағы мұрын жолды -ң дыбысының ( -ың ) өзгеруінен шыққан деп шамалайды .
Барыс септік . Қазіргі қазақ тілінде барыс септік тұлғасы -қа , -ға , ( -ке , -ге екені белгілі . көне түркі жазбаларында барыс септік жалғауы бір неше түрлі болып келеді . Олар мынадай : -ғару , ( -геру , -қару , -ке ру ) , -ру ( ру ) , -қа ( -ке , -ға , -ге ) , -йа , ( -йе ) , -а ( -е ) . Бұлардың қай сысы да түркі тілдері тарихында әр кезеңде қолданыс тапқан . Де генмен , мына жайды ескеру керек : барыс жалғауының осы түр лері көпшілігінде бір - бірімен жарыса қолданылған түрлерінің өзіне тән қолданылу мәні , сипаты болған . Ор . хон жазбаларында істің бағытын , мекенін білдіруге барыс септік тің -ғару , -геру , ( кейде -нару ) тұлғасы қолданылады : ілгеру ( шы ғысқа ) , біргеру — ( оңға ) , күн ортусынару ( түстікке ) , йырғару ( алға ) , т . б . -ғару аффиксі кісіні , халықты білдіретін сөздерге де жалғанып , ол сөздер істің бағытын , бағытталған пунктті білдіре тін болады : Апа тарқанғару iчре саб ыдмыс ( T ) . « Апа тарқанға ішке қарай хабар жіберді » .