I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз, оларды анықтаудың жолдарына тоқталыңыз



бет24/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

21.Негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз, оларды анықтаудың жолдарына тоқталыңыз.
Грамматика тілдегі грамматикалық еденицаларды және ол еденицалардың әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне жігінажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.
Грамматикалық негізгі еденицалар – морфема, сөз тіркесі және сөйлем.
Грамматикалық еденицалардың негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді.
Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Мысалы: жер жырттық, егін салдық, қайнады еңбек (Жамбыл) деген сөйлемдердегі жырттық, салдық деген сөздердің лексикалық мағыналарынан басқа бірнеше грамматикалық мағыналары бар: 1) іс – әрекеттің өткен мезгілге қатысты екендігін білдіреді (бұл шақтық мағына, соның ішінде жедел өткен шақ) іс – әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы істелгендігін білдіреді (бұл көптік мағына); 2) іс – әрекеттің бірінші топқа қатысты екендігін білдіреді (бұл – жақтық мағына).
Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар:
Афиксация тәсіл. Мысалы, Жолдас – тар.
Қосарлану тәсілі. Мысалы, Жан – жануар, алу – алпыс, көр – көре, қап – қара.
Көмекші сөздер тәсілі. Білу үшін, күн мен түн.
Интонация тәсілі. Ол – оқушы, қандай тамаша.
Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады. Сөздер орын тәртібіне мысалы, сағат қалта, қалта сағат.
Жоғарыда аталған грамматикалық тәсілдер грамматикалық мағыналарды сөз ішінде және сөз сыртында білдіру ыңғайына қарай синтетикалық тәіл және аналитикалық тәсіл болып табылады. Синтетикалық тәсілдер қатарына афориксация, ішкі флекция, екпін тәсілдері енеді де, аналитикалық тәсілдердің қатырына көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері жатады.
Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.
Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір – бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана, грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше, белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде, танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет. Мысалы, Тананың махаббаты деген тіркестегі ана сөзі білік септік формасында келіп, меншіктенуші мағына білдірсе, махаббат тәуелдік формада келіп, тәуелді мағынаны білдіреді.
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым гармматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады. Олар мен әрқашан тығыз байланысты болады. Себебі, 1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланысссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді; 2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты, қандай бір грамматикалық категория болмасып, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет