I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Лексика-семантикалық принцип



бет33/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

1. Лексика-семантикалық принцип. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Олардың терминдік, лексика-грамматикалық мәні контексте, сөйлем ішінде анықталады, өйткені сөз мағынасы әр қилы. Мектеп грамматикасында сездердің лексика-семантикалық мәні ережелер арқылы беріледі. Зат есім заттың атын (кітап, ағаш, сүт), сын есім заттың сынын көрсетеді: ақ, қара, жақсы, үлкен, сары т. б. Сондай-ақ сан есім заттың санын (үшеу, екінші, бес, елу, отыз), етістік істің қимыл процесін білдіреді: айту, алу, көру, жүру т. б. Осындай тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан анықтайды (11, 5). Екіншіден, барлық сөздерді белгілі-белгілі грамматикалық сөз таптарына телу, олардың өзді-өздеріне тән түрлену өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу қабілетін, өзге сездермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелері – тікелей грамматикада қаралатын мәселелер. Ендеше, қанша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Ал, сөздердің, сөз таптарының грамматикалық жақтарын ескеру деген сөз – олардың грамматикалық сипаттарын анықтау дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табы және оларға енетін жеке сөздер грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы қажет.
2. Морфологиялық принцип. Сөз таптарының морфологиялық принципі – әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты. Мәселен, зат есім түрленсе (септелсе, көптелсе, тәуелденсе), өзінің номинативтік мағынасынан айырылмайды, сын есім ондай емес, өзінің мағынасынан айырылып, субстантивтенеді. Сын есімде шырай категориясы болса, басқа сөз таптары олай емес. Етістікте шақ категориясы болса, басқа сөз таптарында ол жоқ. Басқа сөз таптарына жұрнақ қосу арқылы сан есім жасалмайды, тек өз ішінде лексика-грамматикалық топтарға бөлініп жатады.
3. Синтаксистік принцип. Сөздерді топтастырудың үшінші синтаксистік принципі сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі қызмет атқарумен және сол сөздердің тіркесу сипатымен яғни қандай топтағы сөздермен қалай тіркесе алуымен байланысты. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесіне бейім тұрады. Мәселен, зат есім атау тұлғасында бастауыш болса, сондай формадағы сан есім мен сын есім көбінесе анықтауыш: етістік – баяндауыш, үстеу – пысықтауыш болады. Сөз таптарының сейлемдегі осындай функциясы – синтаксистік қызметі деп аталады. Бірақ мұнан олар басқа формаларда, тіркестерде тұрып, сөйлемнің басқа мүшесі бола алмайды деген қорытынды шығаруға болмайды.
Қазақ тілінде сөз таптастыру проблемасының зерттеліп жарық көруі ХХ ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. 1914 жылы жарық көрген еңбекте автор сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп үш топқа бөледі де, бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті; екіншісіне үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп екіге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін «Тіл құралының» 1924 жылғы басылымында кеңейте, дәлдей түседі. Бұған қарап, А.Байтұрсынов тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінің берік іргетасын қалаушы деуімізге болады.
Жеке сөз таптарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланған. Олардың көпшілігін Қ.Жұбанов, X.Басымов, Ш.X.Сарыбаев, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжоловтар жазған.30-жылдарға дейінгі жарық көрген еңбектерді қазақ тілінде пәлен сөз табы бар дегені болмаса, сөздерді түрлі топқа бөлудің принциптері жөнінде ештеме айтылмайтын. Н.Сауранбаевтың «Сөз таптары» атты мақаласында осы мәселе талданады. Автор: тілдердегі сөздерді тапқа бөлуде ғылымда қалыптасқан үш түрлі принцип бар, олар «семантикалық, синтаксистік, морфологиялық белгілер» деп жазады да, осы үш түрлі белгілерді мысалдар арқылы талдай келіп, қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлуде сөздердің мағыналық жақтарына шешуші мән берілу керек деген дұрыс қорытынды жасайды.
Сөздерді әр түрлі кластарға бөлу, олай бөлуге негіз болатын принциптерді айқындау ісімен профессор Қ. Жұбанов та айналысқан. Жұбанов ойынша, сөздерді тапқа бөлуде олардың тек мағыналық жағына ғана көңіл аудару жеткіліксіз. Сөз табын ашу үшін үш түрлі өлшеуді қатар алып отыру дұрыс. Үшеудің бірдей сынына толса, сонда ғана бұл пәлендей сөз табы деуіміз керек. Ол үшеудің бірі – мағына, екіншісі – морфология, үшіншісі – синтаксис деп бүгінгі күні қазақ тіл білімінде орныққан сөз таптастырудың үш принципінің атын атап, түсін түстеп көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет