I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет38/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

1. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді де, қашан? қашаннан? сияқты сұрауларға жауап береді.Мезгіл үстеулері аса көп. Оларға, мысалы, мынадай сөздер жатады: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, әлі, ендігәрі, екіншәрі, бұрын, әуел-баста, eртe, кеш, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бүгін, күні кешке, бүгін таңда, күн ара, күні бойы, қыстыгүні, қыстай, жаздай, ала жаздай, күні-түні, анда- санда, енді-енді, оқтын-оқтын, оқта-текте.
2. Мекен үстеулері кимылдың орнын (мекенін), бағытын білдіреді де, қайда? қайдан? сияқты сұрауларға жауап береді.Мекен үстеулеріне мынадай сөздер жатады: ілгері, ілгеріде, әрі, әріде, әрмен, кері, жоғары, төмен, жолшыбай, жол-жөнекей, алға, артта, алды-артынан, тысқары, әлдеқайда, сонда, осында, мүнда, былай, одан-бұдан.
3.Мөлшер үстеулері түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе кимылдын және сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді де, қанша? қаншалық? нешелеп? қаншалап? сияқты ғана сұрауларға жауап береді.
Мөлшер үстеулеріне мынадай сөздер жатады; онша, сонша, осынша, оншалық, соншалық, осыншалық, мұншама, анағұрлым, сондайлық, осындайлық, бі- рен-саран, ондаған, көптеген, бірталай, бірқыдыру т. б.
4. Сын (бейне) үстеулері қимылдың алуан түрлі сапасын, тәсілін (істелу жолын), бейнесін білдіреді де, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? (не сияқты?)сияқты сұрауларға жауап береді. Бұл бай топқа мынадай үстеулер жатады: осылай, осылайша, сөйтіп, өйтіп, бүйтіп, олай-бұлай, бірден, бірдей, бірге, бірте-бірте, біртіндеп, ойша, бұрынғыша, өзінше, әлінше, көзімше, пәрменінше, тікелей, қайыра, қолма-қол, кезек-кезек, әрең-әрең, көрнеу, іле, өздігінен, өзді-өзді, ойлап- ойлап, ойлай-ойлай, жатпай-турмай, билеп-төстеп, келе сала, біле тұра, ашықтан-ашық, бостан-босқа, емін-еркін, шама-шсрқынша, зорға, қапыда, лезде, шалқасынан, айтар-айтпастан, бет алды, қаннен қаперсіз, үнемі, бекер т. б. \
5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де, қалай? қандай? деген сұрауларға жауап береді.Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең, әбден, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, тым, нақ, нағыз, нық, әнтек, мүлдем, дәл, керемет, қабағат, мейлінше, сонша, төтенше, жөнсіз, орасан, өрен, аса, өте т. б.
6. Мақсат үстеулері қимылдын максатын білдіреді. Мақсат үстеулері — өзге топтарға қарағанда сан жағынан өте аз топтын бірі. Мысалы, бұларға мынадай сөздер жатады: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана. Бұлардан басқа мақсат үстеулері көбінесе аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Мысалы: кітапқа бола, оқуға бола т. б.
7.Себеп-салдар үстеулері амалдың себебін я салдарын (нәтижесін) білдіреді. Оларға мынадай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа көсемшелердің кайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т. б. үстеулер көбінесе осы топка жатады.
8.Топтау я саралау үстеулері амалдың және басқа карым-қатынастын бірігу арқылы істелгенін немесе, керісінше, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқтанған сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-бірлеп, он-оннан, қырық-елуден, аз- аздан, көп-көптен, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-алдына, бас-басына, үйді-үйіне т. б .
60. Негізгі және туынды үстеулердің жасалу жолдарына тоқталыңыз, көнеленген септік формалар арқылы туған туынды үстеулерге. Үстеулердің сөйлемдегі қызметіне сипаттама беріңіз.
Үстеу сөздерді морфологиялык құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер. Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеш, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек.Қазіргі кезде мүшелеуге келмейтіндіктен ғана, шартты түрде негізгі үстеулер деп атап отырған сөздердін өздерін де іштей екі топка бөлуге болады. Олардың бір тобына әстілі, әуелі, қазір, дәйім, һаман, мүлде, орасан,кілең сияқты түбір сөздер жатады. Екінші тобына жататын үстеулерді ғылыми жолмен салыстыру арқылы мүшелеп, олардың баска сөздерден шыққандығын дәлелдеуге әбден болады. Мысалы, ішкері, сыртқары, ұшқары, тысқары деген үстеулер іш, сырт, үш, тыс деген түбірлерден және -қары, -кері деген қосымшалардан кұралған. Әрмен, бермен үстеулерінін әрі, бері сөздерінен және тамам (әрі таман — әрмен, арман; бері таман, бер- мен) шылауынан (соңғы шылаудың өзі де басында мағыналы сөз болған) ыкшамдала бірігуінен пайда болған. Ал, төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше сияқты үстеулердің төркіні төте, керек, кері, мейлі дегендер болған.
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сездердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз. Құрылысы мен кұрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:
а)жалаң туынды үстеулер;
ә) күрделі туынды үстеулер.
1. Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Олар, кандай қосымшалар қосылса да, сырт- қы формасы жағынан бір сөз болып келеді.
Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:
-ша, -ше жұрнағы үстеу тудыратын әрі ең негізгі, әрі аса өнімді жұрнақ болып қызмет атқарады. Осы жұрнак аркылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай я калайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнак жалқы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге де (мысалы: Бәйтеневше, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша, комсомолша, комсомолдарша т. б.) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.
-лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары да — үстеу тудыратын өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.
-дайын, -дейін (-тайын, -тейін) жұрнактары да аса өнімді жұрнактар. Бұл жұрнақтар дай және –ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып.
-шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осыншалық, осыншама, соншама, соншалық, мұнша, мұншалық т. б.
Көсемшенің кұранды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары косылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үстеу бола бермейді. Өте-мөте вербалдық (етістікке тән жіктік форма қосылатын) жактық мағына білдіретін т. б. формалар үстеу болмайды. Олардың ішінен тек вербалдық мағына білдірмейтіндері ғана, демек, адвербиалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Кырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.
-шылап (-шілеп) жүрнағы. Бұл жұрнақ — бастапқы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мысалы: (сиыршылап, жылқышылап, Бейсеншілеп т. б.
-қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасайды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.
-ын, -ін, -сын, -сін косымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.
II. Күрделі туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я косарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрактаған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.
а) Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудін нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні. қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, әлдеқайда, бірқатар, неғүрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.
ә) Сөздердің косарлануы аркылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолма-қол, сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, топ-тобымен, лек-легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босқа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда, сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана, кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп.
б) Жазуда бөлек танбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде колданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер — оларды екі салаға бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет