XV-XVII ғасырдың aрaсын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
Әдебитілдің XVIII-ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар); Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. т. Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. XVIII ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мұң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау epic алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.
XIX ғасырдың екінші жaртысы. Бұл дәуірде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері кебейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны жағынан азаматтық, діни функциясы жағынан көркем әдебиет және оқубілімге, іс-қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті. Әдеби тіл функциянальдық стильдерге тарамдала бастады. XIX ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі үшін күрес кезеңі болды. Яғни, ұлттық әдеби тіліміздің (көне жазба әдеби тілі негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдеби тілі негізінде ме деген) даму бағытын айқындау қажет болады. Міне, осы кезеңде қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Сөйтіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапа дамуына жол сапды. Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет өткен төл әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ап Абай өз қара-сөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды. Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес қосты.