I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Ы.Алтынсариннің еңбектерінің рөлі



бет57/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

80. Ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Ы.Алтынсариннің еңбектерінің рөлі
Қазақтың жазба әдеби тілінің даму бағытын белгілеудегі Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен орнын сөз еткен тұста оның араб-парсы тілдері мен орыс тіліне қатысын айқындап алу қажет. Сөз жоқ, Ыбырай қазақ әдеби тіліне араб-парсы элементтерін кітаби тілдегіше молынан және өнімді түрде енгізуді қостамады, бірақ жалпы араб-парсы сөздерінен үзілді-кесілді бас тартқан жоқ. Өйткені қазақтың сөйлеу тілінде де, байырғы әдеби тілінде де араб-парсы сөздері едәуір мол болып келгендігін, олардың көбінің қазақ тіліне етене сіңіп кеткендігін Ыбырай жақсы түсінді. Сондықтан ол Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Меніңше, қазақ жазбалары үшін осы тілдің өзінде жоқ сөздердің орнына парсы немесе араб сөздерін алуға бо­латын тәрізді», – деген ойын білдіреді. Бұл айтқанына және өзінің мәтіндеріне қарағанда, Ыбырай араб-парсы сөздерін екі жағдайда ғана актив қолдануды ұсынады: бірі – ежелден еніп, қазақ тіліне сіңісіп, қолтума болып кеткен, ауызекі сөйлеу тілінде әбден қалыптасқан сөздер тобы, екіншісі – қазақша баламасы жоқ ұғымдардың араб-парсыша атаулары. Мыса­лы, соңғы топқа дінге, оқу-ағартуға, әлеуметтік қоғам өміріне қатысты бірқатар сөздерді жатқызуға болады. Ыбырайдың жал­пы оқу орнын медресе, мұғалімді молда деуі, патса, патсаза­да, уәзір сияқты әлеуметтік топтардың атауын қолдануы, ораза, намаз, иман, дуа, тауба, жұмақ, дозақ тәрізді сөздерді келтіруі – осыны дәлелдейді. Қалған реттерде, мысалы, жаңа сөз жа­сауда, дерексіз ұғым атауларын атауда – барлығында Ыбырай араб-парсы сөздеріне жүгінбейді. Бұл тұста ол тіпті Абайдан да ерекше тұрады. Ыбырай талаптылық, ұқыптылық, салақтық, мейрімділік сияқты дерексіз ұғым атауларын қазақша ұсынады.

Ыбырайдың орыс тіліне көзқарасы, әрине, айрықша бол­ды. Ол ең алдымен, сөйлеу тілінде бұрыннан орныққан орыс сөздерін пайдаланумен қатар, көптеген сөздерді өзі енгізді. Купецприказчик, фабрика, конфета, мужик, фонарь, ящик сияқтылар – қазақ өміріне таныс бола бастаған нақты зат ата­улары болса, Ыбырай тілінде кездесетін князь, граф, франкуниверситетпортрет, награда деген орыс сөздері – ауызекі тілге бейтаныс жаңа кірмелер.




81. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абай шығармаларының орны туралы не айтасыз? Абай публицистикасы қазақ әдеби тілі функцоналдық стильдерінің қай түрін дамытуға үлесін қоса алды? Себебін түсіндіріңіз.

Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдеби деп табады. Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. М.Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», – деп жазады. Қазақ әдеби тілін де біз қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі деп бөліп қараймыз. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы – өткен ғасыр- дың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі XIX ғасырдың II жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз.


Бірқатар мамандар әдеби тіл категориясын жазу-сызумен тікелей байланыстырғандықтан, қазақтың ауыз әдебиеті тілін былай қойғанда, Абай, Ыбырайларға дейінгі неше сан ақын-жыраулар тілін де әдеби емес деп табады. Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?» – дейді. Абай да өз шығармашылығында қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін негіз етті, оның барын дамытып, жоғын толықтырды, жаңа сатыға көтерді. Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтергенде бұрынғы принцип бағыттардың күллісін жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты өмірлік белгілерін сақтап, оларды әрі қарай ұстады. Абай өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің осы екі даму принципін де қолдады: бір жағынан, жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен негізін үзбеуді көздесе, екінші жағынан, бұрын- нан келе жатқан дәстүрлі элементтерді де жоққа шығармай, барынша пайдалануды мақсат етті.


Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған жаңа түрін жазғанмен, сайып келгенде, олардың барлығы да силлабикалық (буын санына қарай) құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғаты – сил- лабикалық. Абай өлеңінің тармақ саны мен ұйқасуына небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен, сайып келгенде, олар енді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі аллитерация емес, ұйқастыру. Қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін Абай поэзиясында ғана кездестіргенімізбен, олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгілер қосу – ұлы ақынның тіл дамуында айрықша қызмет еткен каламгердің еңбегі. Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған жөн:
1) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық (творчестволық) контекстдегеннің Абайда айқын көрінуі;
2) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
3) айқындық пен дәлдік;
4) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
5) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;
6) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер.
Тілдің функционалдық стилі дегеніміз – әдебиеттің белгілі бір жанрына немесе әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына (мысалы, ресми стиль, кеңсе стилі, телеграф стилі деген сияқты) я болмаса қоғам тіршілігіндегі белгілі бір ситуацияға (мысалы, салтанатты стиль, сыпайы стиль т.т.) сәйкестендіріліп қалыптасқан тұлға-тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама тұйықталған (әр стильге қарай іріктелген) тілдік құралдар тобы. Демек, тілдің функционалдык, стильдері – ең алдымен, оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары. Стильді сөз еткенде, тілдің барлық элементтерін қамтуға тура келеді: «Стиль ойды білдіру құралдарының жүйесі ретінде, тіл құрылымының барлық элементтерін: дыбыстарды да, грамматикалық тұлғаларды да, сөз қазынасын да, фразеологиялық тіркестерді де және осы салалардың композициялық синтаксистік жағынан құрылу тәсілдерін де қамтиды». Көркем әдебиет стилінің проза жанрын қамтып, әлдеқайда дами түсуі XIX ғасырдың орта тұсынан басталады. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себепші болды. XX ғасырдың басы – қазақ көркем әдеби стилінің бірсыпыра күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде проза, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі қарай дамыды, стильдер жігі айқындала түсті. Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысында қазақтың ұлттық әдеби тілінің мынадай функционалдық стильдері болды: көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, жартылай ғылыми стиль, ресми ісқағаздары стилі, эпистолярлық стиль.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет